Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет58/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары:



  1. Астық дақылдары дәндерінің қойма зиянкестерімен зақымдану формалары.

  2. Ірі зиянкестермен зақымдану дәрежесі.

  3. Кенелермен зақымдану дәрежесі.

  4. Дәнді жабық түрде зақымдайтын зиянкестер.

  5. Жабық түрде зақымдануды химиялық тәсілмен анықтау.

  6. Брудной тәсілімен анықтауда қолданылатын ерітінді және оны дайындау реті.

  7. Зиянкестердің әсерінен қоймадағы астықта болатын өзгерістер.

  8. Зиянкестпен зақымданған астықты қоймаға қабылдамау себептері.

Практикалық сабақ № 8
Тақырып: Астық қорының зиянкестері. Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы


Сабақтың жоспары:
Ауылшаруашылық дақылдарының микрофлораның негізгі көзі.
Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы.
Микроағзалар тіршілігіне әсер ететін жағдайлар.
Ауылшаруашылық дақылдарының микрофлораның негізгі көзі – топырақ. Топырақтың өсімдік тамырына жақын жерінде (ризосфера) бәрінен де бұрын бактериялар, әсіресе, спорасыз бактериялар басым. Сондай-ақ, шірік бациллалар, актиномицеттер, сүт қышқылды ашу қоздырғыштары және жетілмеген саңырауқұлақтар да кездеседі. Дән микрофлорасы өсімдіктердің әрбір туыстар тобы мен түріне тән эпифитті, паразитті, өсімдікке кездейсоқ түсетін, дән массасына егін жинау және бастыру кезінде түсетін микроағзалардан тұрады. Кейде микробтар дәннің ішкі жағына да өтіп кетеді (субэпидемальды микрофлора).
Микрофлора сипаттамасы және оны топтастыру. Тіршілік ету сипаты мен дәнге қалай әсер ететініне қарай астық микрофлорасы үш топқа бөлінеді:

  • Сапрофитті

  • фитопатогенді

  • адамдар мен жануарлар үшін патогенді.

Сапрофитті микроағзалар дән мен тұқымның сыртында болады, дамуы үшін олар органиклық заттарды қажет етеді. Кейбір сапрофиттер ондай заттарды дәннен алады, сөйтіп оның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін ішінара немесе толығымен бұзады және өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет