Бақылау сұрақтары:
1. Сапасы бойынша өнім салмағына кеміту немесе үстеме жасау.
2. Сапасы бойынша өнімнің кұнына үстеме немесе кеміту жасау.
3. Астықтың «физикалық салмағы» деген не?
4 Астықтың «есептік салмағы» деген не?
5. Астықтың көлемдік салмағы бойынша кеміту немесе үстеме калай жүргізіледі?
Практикалық сабақ № 5
Тақырып: Қант қызылшасын сақтау тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Қант қызылшасын сақтау тәсілдерін үйрену.
Жоспар:
Қант қызылшасын «бурт- кағаттарда» сақтау.
Қант қызылшасын «ор - траншеяда» сақтау.
Қант қызылшасының техникалық талаптары.
Мал азықтық қант қызылшасын сақтау.
Қант қызылшасы сақталуы қиын өнімге жатады. Сақтау кезінде қызылшаның қанттылығы кемиді де, оны зауытта өңдегенде қанттың шығымы азаяды. Қант қызылшасының химиялық құрамында құрғақ заттың 3/2 -не жуығы сахароза (C6H22O11). Қызылша тамырында, әдетте, қанттың мөлшері 16-20 пайыз аралығында болады. Ол тамыржемістің бөліктерінде бір деңгейде болмайды. Мысалы, қызылшаны тігінен қарастырсақ қанттың көп мөлшері ортаңғы бөлігінде, ал аз мөлшері жоғары жағы мен ұшында болады. Егер қызылшаны көлденеңнен қарастырсақ ортасы мен қабығына жақын жерінде қант мөлшері басқа жеріне қарағанда аз болып келеді.
Қант қызылшасында егіс алқабынан жинап алғаннан кейін басқа да тамыр жемістегілерге тән физиологиялық процестер: солу, қызу, тыныс алу т.б. жүреді. Әсіресе, дер кезінде қолайлы жағдай жасалмаған қызылша тамырында ылғалдың бөлінуі (судың булануы) жүреді де тамыржеміс солып өзінің қасиетін жоғалтады. Сонымен қатар, тыныс алу қарқындылығына байланысты қызылша құрамындағы қанттың мөлшері кемиді.
Қант қызылшасын пайдалану мақсатына байланысты шаруашылық жағдайында немесе қант зауыттары маңындағы арнайы алаңдарда сақтаудың әр түрлі тәсілдері қолданылады.
Қант қызылшасын «бурт- кагаттарда» сақтау.
Әдетте, жаңа жиналып алынған қызылшаны одан қант алу үшін қант зауыттарына жөнелтеді. Ол жерде қызылшаны өңдегенше арнайы алаңдарда (бурт-кагаттарда» уақытша сақталады.
Кей кездері, масыалы, ауа райының қолайсыздығына, автокөліктің немесе жұмыс күшінің жетіспеушілігіне және басқа да жағдайларға байланысты жиналған қызылша егіс алқабында қалып қоюы мүмкін. Уақыт өткен сайын бұл тамыржемістердің сапасы төмендеп, жарамсыз бөліктерінің көлемі артады.
Бұндай алаңдар мүмкіндігінше тегіс әрі су ағатындай бір жағына қарай еңіс болуы тиіс. Қызылшаны осындай алаңда трапеция формасымен үйіп жинайды. Үйіндінің ұзындығы 2030 м, биіктігі 1,5-1,7 м, көлденеңі 3-6 м, трапецияның төбесінің көлденеңі 1,0-1,5 м шамасында болады. Ол үшін алаңды шөптен, қалдықтардан алдын-ала тазалап, таптау арқылы тығыздап, 1 шаршы метрге 200 г шамасында әктен ерітінді жасап өңдейді.
Үйіндінің үстін ылғал топырақпен 15-20 см қалыңдықта жабады. Ал күн салқындаған сайын оның қалыңдығын 40-50 см-ге дейін жеткізіп, үстіне сабан төсейді.
Қант зауыттары мен қызылша қабылдайтын орындарда қызылшаны арнайы ірі «кагат» алаңдарында жинап сақтайды.
Бұндай алаңдардың көлемі қызылшаның салмағына байланысты болады да, әдетте, 1 гектарға шамамен 5-6 мың т-дан келеді.
Қызылшаны сақтауда, әсіресе шіріген немесе өздігінен қызған жерлерді уақытылы анықтап, оларды болдырмауда үйіндінің температурасын қадағалау орында. Қолайлы сақтау температурасы I0C шамасында. Температура бұл көрсеткіштен жоғары болғанда тыныс алу қарқындылығы артады да тамыр құрамындағы қанттың мөлшері азаяды.
Әдетте, үйіндінің температурасы қоршаған орта температурасынан шамамен 30С-тан төмен болмауы тиіс. Ал, температура 00С-тан төмен болса, бұндай жағдайда үйіндінің үстін топырақпен немесе сабан-қамыспен қосымша жабады.
Қант қызылшасын өндіретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайына байланысты қызылшаны сақтағанда қанттың шығыны тәулігіне 0,01-0,03 пайыздан аспауы тиіс.
Температура деңгейін үсіру мақсатында арнайы қондырғылардың көмегімен белсенді түрде желдетеді. Желдету кезінде құрғақ ауаның әсерінен қызылша солып қалмауы үшін ауаны ылғалдап (булап) отырған дұрыс.
Б) қант қызылшасын « ор - траншеяда» сақтау.
Ауыл шаруашылығы жағдайында дән алуға арналған (тұқымдық) қызылшаны арнайы «орларда (траншеяларда)» сақтайды.
Ор- траншеялар тереңдігі 1 м-ден аспайтын, көлденеңі 1 м-ге жуық ұзынша келген арық-ор..
Аурулар, шірінділер ор-траншеяда түгелдей тарамас үшін әдетте, әрбір 5 м сайын қалыңдығы 20-30 см-лік жер қалқандар қалдырылады.
Орды беткі жағына 15-20 см жеткізбей тамыржеміспен толтырады да үстін 30 см қалыңдықта топырақпен жабады. Қызылшаның температурасы қолайлы деңгейден төмендеген сайын үстін топырақпен немесе басқа материалдармен қосымша жауып отырады. Шаруашылықта мал азықтық қызылшаны мал фермасына жақын жерде сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |