Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет54/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Практикалық сабақ № 4


Тақырыбы: Сапасына байланысты астықтың салмағы мен құнына кеміту немесе үстеме жасау


Сабақтың мақсаты: Негізгі сапалық белгінің бірі ретінде астықтың жаңалығымен танысу және оны анықтау жолдарын меңгеру.Міндетті түрде анықталуға тиісті сапалық белгінің біріластылық ұғымымен және оны анықтау жолдарымен танысу.
Қажетті құрал-жабдықтар: жаңалығы бойынша әр түрлі дән үлгілері, ажыратқыш тақта, эталон дән үлгісі, 200 мл химиялық ыдыс, температурасы 70°С шамасындағы су, т.б.Әртүрлі астықтың орташа үлгілері, таразы, ажыратқыш тақта, үлкейткіш әйнек, калькулятор, қажетті мөлшерде шыны ыдыстар, т.б.
Астық кабылдау орындарына алып келінген барлық астык ылғапдылығы, ластығы, зиянкестермен зақымдануы және басқа да сапалық белгілері бойынша әр түрлі болады. Егер, партия астықтың сапасы базистік Кондиция талабына сай болмаса, мүндай астықтын салмағын немесе қүнын цемітіп қабылдайды. 1-3 сыныпты қатты бидай мен арпаның сыра қайнататын сорттары мемлекеттік стандарт («Сыра қайнатуға арналған арпа») талабына сай болса, онда оларға көлемдік салмагы бойынша үстеме қарастырылмайды. Елімізде күшті сортты бидай өсіруді ұлғайту мақсатында тиісті үстемелер карастырылған.
Базистік кондициядан ауытқуды 0,1% дәлдікке дейін жуықтап есептейді. Жалпы, табиғи салмағынан немесе құнынан кемітуді келесідей тәртіппен жүргізеді. Мысалы, ылғалдылық бойынша кеміту 2,56% (жуықтағанды 2,6%), ал лас қоспа бойынша 1,43% (жуықтағанда 1,4%) болды делік. Бұл жағдайда жалпы кеміту екі көрсеткіштің қосындысына, яғни, 4,0 %-ға (2,6 + 1,4 = 4,0) тең болады.
Екінші бір партия астыкта ылғалдылық бойынша кеміту 1,9%, лас коспа бойынша үстеме 0,5% болса, салмағына жүретін жалпы кеміту екі көрсеткіштің айырмашылығына, яғни, 1,4 %-ға (1,9 - 0,5 = 1,4) тең болады.
Қабылдау барысында шаруашылықтардан алынып келінген астықтың ылғалдылық пен қоспа көрсеткіші базистік кондиция талабына сай болмаса ондай астықты кептіру және тазалау үшін қүны тиісінше 0,4 жэне 0,3%-ға кемітіліп қабылданады.
Астықтың көлемдік салмағы базистік кондиция талабын қанағаттандырмаса (төмен болса), онда ауытқыған эрбір 10 г/л салмакка 0,1% қүны кемиді де, ал кондициядан жоғар әрбір 10 г/л-ге соншама пайызы үстеме төленеді. Көлемдік салмакты анықтауда 5 г-нан төменгі салмақ есептен алынып тасталады да , ал 5 г-нан жоғары салмақ 10 г етіп жуықгалады.
Қойма бізтұмсығымен зақымданған астықтарды астық қабылдау орындары мүлдем қабылдамайды. Кенемен бірінші дэрежелі зақымданған астықтың құны 0,5%-ға кемітіледі.
Бас жүгеріні қабылдауда алдымен, дәннің лабораториялық шығымын інықтап, сол аркылы дән салмағын табады. Сонан соң, ылгалдылық пен лас қоспа бойынша физикалық салмақ есептеледі.
Мысал есептер:
1. Астық қабылдау орнына салмағы 45 т күздік бидай өткізілді. Бұл Партия астықтың ылғалдылығы 15,2%, лас қоспа көлемі 2,2% жэне дән Коспа 3,4% болды. Физикалық салмағын анықтау үшін алдымен, әрбір сапалық көрсеткіш бойынша базистік кондициядан ауытқуын табады.
Ылғалдылық бойынша базистік кондиция талабы аталған дақылда 14,0% болса, ал қабылданған партия астықта ол 15,2%. Кондициядан ауытқу 1,2%-ді.і (15,2-14,0=1.2) құрады. Дәл осы жолмен басқа сапалық белгілердің де ауытқу деңгейін анықтайды. Ауытқу лас қоспа бойынша 1,2 (2,2-1,0=1,2) К»не дән коспа бойынша 2,4% (3,4-1,0=2.4) тең болды. Анықталған үш көрсеткіштің ішінде дән қоспасына кеміту қарастырылмағандықтан ылғалдылық пен лас қоспа көрстеткіштерінің қосындысы арқылы жалпы кемітуді табады.
2. Жүгері зауытына өңезінен ажыратылмаған 70 т жүгері (собығымен) қабылданды. Дәннің лабораториялық шығымы 75%, ылғалдылығы 23,5%, лас қоспа2,8%.
Алдымен, таза дәннің салмағын анықтайды. Бұл мысалда партия жүгерінің таза салмағы 52,5 т. Құрамындағы кондиция талабынан артық ылғал мен лас қоспа бойынша дәннің физикалық салмағы бірінші мысалдағы тәсілмен есептеледі.
Тақырып бойынша тапсырма: Төмендегі берілген бастапқы материалдар арқылы партия астыктың қүнында немесе салмағында болатын өзгерістерді есептеп, кестеге түсіру.
а) Астық сапалың белгілерінің оның салмағына әсері бойынша тапсырмалар:
1. Астық қабылдау орнына салмағы 350 т жаздык қатты бидай өткізілді. Бұл партия астықтың сапалық көрсеткіштері:
- ылғалдылығы - 15,5%;
- лас қоспа-4,1%;
- дэн қоспасы - 0,8%;
- көлемдік салмағы - 710 г/л. Есептік салмағын табу керек.
2. Астык кабылдау орнына сапасы төмендегідей, салмағы 460 т арпа өткізілді:
- ылғалдылығы -16,25%;
- лас қосла - 3,5%;
- дән қоспасы - 1,2%;
- көлемдік салмағы - 540 г/л. Есептік салмағын табындар.
3. Астық қабылдау орнына салмағы 450 т күздік бидай төмендегі сапалык белгілермен өткізілді:
- ылғалдылығы -12,8%;
- лас қоспа - 2,7%;
- дэн қоспасы - 3,5%;
- зиянкеспен закымдануы - 1 дәрежелі. Партия астыктың есептік салмағын анықтаңдар.
4. Астық кабылдау орнына салмағы 720 т сұлы жеткізілді. Бұл парти астықтың сапасы:
- ылғалдылығы -14,6%;
- лас қоспа - 4,2%;
- дән коспасы - 1,8%;
- көлемдік салмағы - 570 г/л. АҚО-ға өткізілген партия астықтың есептік салмағын анықтандар.
5. Кара бидай партиясының салмағы 280 т. Сапалык көрсеткіштері:
- ылғалдылығы - 16,4%;
- лас қоспа - 4,5%;
- дән қоспасы - 2,2%;
- зақымдануы - бірінші дәрежелі. Партия астықтың есептік салмағын аныктаңдар.
6. Жүгері зауытына салмағы 465 т болатын бас (собық) жүгері өткізілді. Оның сапалык көрсеткіштері төмепдегідей:
- дәннің лабораториялық шығымы - 78%;
- ылғалдылығы кондициядан 3%-ға;
- ластығы 2,5%-ға ауытқиды.
Өткізілген бас жүгерінің есептік салмағын табындар.
7. Арпа партиясының салмағы 770 т. Сапалық көрсеткіштері:
- ылғалдылығы - 13,6%;
- лас қоспа - 2,4%;
- дән қоспасы - 0,8 %;
- көлемдік салмағы - 480 г/л. Есептік салмағын аныктаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет