Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет2/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

1. Қолданылу аясы
1.1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның осы NIS – Programme білім беру бағдар-
ламасы (бұдан әрі – Білім беру бағдарламасы) ұзақ мерзімді білім берудің құндылықтары 
мен мақсаттарын, оқыту ісінен күтілетін нәтижелерді, білім беру деңгейлері бойынша орта 
білім мазмұнының құрамы мен құрылымын, оқу жетістіктерін бағалау моделін, Назарбаев 
Зияткерлік мектептерінде (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) білім беру үдерісін ұйым дас-
тыру ға қойылатын талаптарды белгілейді. Аталған Білім беру бағдарламасының мазмұны 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына 
сәйкес пәндердің мазмұнын қамтиды, сондай-ақ GCEAS/ A-level (Ұлыбритания), O-Level 
(Сингапур), Халықаралық бакалавриат (IB) және т. б. сияқты халықаралық бағдарламаның 
мазмұнымен теңдестірілген.
1.2. Аталған білім беру бағдарламасы:
-
жаратылыстану және математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытуға бағдар-
ланған, қазақстандық және халықаралық үздік білім беру тәжірибелерін біріктіруді 
көздейтін, сондай-ақ бастауыш, негізгі және жоғары мектептердің оқу бағдарламаларын 
іске асыратын Зияткерлік мектептерде қолданылады;
-
инновациялық білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, 
цифрлық білім беру ортасын әзірлейтін, оларды сынақтан өткізіп, іске асыру үдерісіне 
енгізетін, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсететін, Зияткерлік мектептерде 
білім беру бағдарламасын әзірлейтін және қайта қарау үдерісіне мониторинг жүргізіп, 
зерттейтін, сондай-ақ елге тәжірибені тарату ісінде осындай қызмет атқаратын Білім 
беру бағдарламалары орталығында қолданылады;
-
оқушылар мен педагогтерді конкурстық негізде іріктеу, оқушылардың оқу жетістіктерін 
мониторингілеу, Зияткерлік мектеп түлектері білімін қорытынды аттестаттау, ұсыныла-
тын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етілуін бағалау рәсімдерін ғылыми 
тұрғыдан зерттейтін, ұйымдастырушылық және ақпараттық-технологиялық тұрғыдан 
қамтамасыз ететін, сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығының біліктілікті арт-
тыру курстарында тренерлер мен мұғалімдердің жұмысын бағалайтын Педагогикалық 
өлшемдер орталығында қолданылады;
-
Зияткерлік мектептер желісінде жұмыс істейтін педагог кадрлары мен мен басшылары-
ның кәсіби біліктілігін жүйелі түрде үздіксіз арттыратын және қайта даярлау жұмысын 
жүзеге асыратын Педагогикалық шеберлік орталығында қолданылады.


| 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет