7 |
3. Негізгі ұғымдар
Осы Білім беру бағдарламасында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «На-
зарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі
туралы» заңдарына сәйкес төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
ДББҰ – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы.
Орта білім берудің негізгі мазмұны – бастауыш және орта мектептерде (1–10-сыныптар)
міндетті түрде оқытылуы тиіс, білім берудің кейінгі сатыларында оқуды жалғастыруға мүмкіндік
беретін
білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі.
Зияткерлік мектептер – негізгі қызметі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру болып табылатын
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалдары.
Сыныптан тыс жұмыстар – оқушыларды жан-жақты дамытуға және олардың дербес
қабілеттерін дамытуға бағытталған, Зияткерлік мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылар-
дың жұмысы. Ол ДББҰ Қамқоршылық кеңесі шешімімен бекітілген іс-шаралар тізіміне кіретін
жұмыстар түрінде іске асырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: