Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Білім беру бағдарламасында білім берудің маңыздылығын анықтайтын құндылықтар



Pdf көрінісі
бет9/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

5.3. Білім беру бағдарламасында білім берудің маңыздылығын анықтайтын құндылықтар 
белгіленген. Бұл құндылықтар бойындағы қабілеттерін аша алатын, өз өмірі мен қоршаған 
ортасының сапасын жақсарта алатын тұлғаны қалыптастыруда жетекші факторларға айна-
лады. Сонымен қатар олар оқушыларға жан-жақты дамыған интеллектуалды тұлға ретінде 
қалыптасу мүмкіндігін беретін өмірлік бағдар іспеттес. Төменде құндылықтар мен олардың 
анықтамалары берілген:
-
Құрмет дегеніміз басқа адам немесе адамдар тобына олардың бойындағы ізгі қасиеті 
мен жеткен жетістіктеріне, ішкі мәдениеті немесе белгілі бір әлеуметтік топқа (зей нет-
кер лік жастағы адамдар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шекте-
улі жандар) жататындығы үшін көрсетілетін сый-құрмет, ілтипат. Басқаша айтқанда, 
басқа адамдарға, олардың тұлғалық қасиеттеріне, жеке пікірлеріне, құқықтары мен 
бостандықтарына құрметпен қарау, ілтипат көрсету, әдептілік пен төзімділік таныту. 
Бұл – тұлғааралық қатынастағы негізгі құндылықтардың бірі, ол адамдар арасында оң 
қатынас қалыптастыруға ықпал етеді.
-
Ашықтық дегеніміз – өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың көзқараста-
рына, идеялары мен мәдени ерекшеліктеріне түсіністікпен қарап, қабылдауға дайын 
болуды білдіретін құндылық. Бұл құндылық төзімді әрі өзгерістерге дайын болу, жаңа 
жағдайларға бейімделу, сондай-ақ жасасқан келісімдерге сәйкес әрекет ету білігіне 
байланысты. Ашық адамдар көбінесе төзімді және ізденімпаз, сонымен бірге басқа 
адамдарды, олардың мәдени құндылықтары мен өмірлік тәжірибелерін құрметтейтін 
жандар болып келеді.
-
Отансүйгіштік және жауапкершілік – өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік және 
құрмет, Отанды қорғауға дайын болу қасиетін білдіретін құндылық. Отансүйгіштік 
өз елінің мүддесі мен игілігін қорғауға дайын болу түрінде көрінсе, жауапкершілік өз 
міндетін адал атқарып, елінің болашағына алаңдаушылықты білдіреді. Бұл құндылықтар 
азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, қоғам өміріне белсенді атсалысуға септігін 
тигізеді.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет