Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет51/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Жаратылыстану» білім беру саласына «Биология», «Физика», «Химия», «География» 
пәндері кіреді.
«Биология» пәнінің мазмұны оқушылардың ғылыми дүниетанымы мен жаратылыста-
ну-ғылыми бағыттағы көзқарасын қалыптастыруға және оны дамытуға, тірі табиғаттың құбы-
лыс та ры мен үдерістерінің заңдары мен заңдылықтарының мәнін түсіндіруге бағытталған. Бұл пән 
жануарлар мен өсімдіктер әлемінің эволюциясын түсіндіруге, адам қызметінің қоршаған ортаға 
әсерін түсіндіре отырып, органикалық әлемнің тұтас бейнесін жасауға бағытталған. Биологиялық 
үдерістердің өзара байланысы мен өзара ықпалын түсіне отырып, сонымен қатар экожүйенің 
бұзылуы мәселелерін талдау қабілетінің негізінде оқушылар биологиядан алған білімдерін күн-
делікті өмірде қолдана алады.
«Физика» пәні қоршаған әлемнің мәнін түсініп, онымен әрекеттесу үшін экологиялық, тех-
ногендік және ақпараттық факторларды ескере отырып, құбылыстар мен үдерістердің физикалық 
үлгілерін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. «Физика» пәні табиғат құбылыстарын 
терең түсінуді көздейтін ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыруға, сонымен қатар әлемдегі 
ғылыми сұрақтарды ұғыну үшін сыни ойлауды қалыптастыруға және оны дамытуға бағытталған.
«Химия» қоршаған ортадағы өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын, табиғаттағы, 
адамның күнделікті тұрмысындағы химиялық үдерістерді, берілген контексте тәжірибелік зерт-
теуді жоспарлау және оларды шешу жолдарын ұсыну қабілеттері жайлы түсінік қалыптастыруға 
бағытталған. Химияның негізі болып табылатын тәжірибе (эксперимент) оқушылардың таным-
дық белсенділігін арттыруға және аналитикалық қабілеттерін дамытуға, қиын жағдайлардың 
шешімдерін өз бетінше табуға ықпал етеді. Бұл пән оқушылардың гипотеза жасау, әдісті таңдау, 
эксперимент жүргізу, тәуекелді бағалау, қорытынды жасау, қателерді бағалау секілді бөліктерден 
тұратын жобалау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
«География» пәнінің мазмұны оқушылардың әлемнің географиялық сұлбасы туралы түсінік-
терін кеңейту үшін географияның ақпараттық-ұғымдық өрісін пайдалану дағдыларын дамытуға 
бағытталған.


73 |
Оқушылар «Биология», «Физика» және «Химия» пәндерін оқудың стандартты және терең-
детілген деңгейін таңдай алады.
11 және 12-сыныптарда «Биология», «Информатика», «Физика», «Химия» тереңдетіліп оқы-
тылады. Тереңдетіп оқыту оқушылардың білімін A-level деңгейіне жеткізуді көздейді. Оқушылар 
ерте бейіндеу мақсатында тиісті білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында 
білім алу үшін екі пәннің комбинациясын таңдай алады.
«Биология», «Физика», «Химия», «География» пәндерінің бірі (таңдау бойынша бір пән) 
11-сыныпта және 12-сыныптың бірінші жартыжылдығында стандартты деңгейде оқытылады. 
Осылайша, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми бағыттағы үш пәнді (екеуі тереңдетілген 
деңгейде және біреуі стандартты деңгейде) оқуға мүмкіндіктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет