| 74
бағытталған. Бұл пән оқушыларға әскери қызметтің негіздері жайлы және төтенше жағдайларда
адам өмірінің қауіпсіздігі бойынша білім алуға және әскери қызметке қажетті қабілеттерді игеруге
мүмкіндік береді.
8.11. Жоғары мектептерге «Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс» пәні енгізілді.
Бұл пән жалпы білімді арттыруға емес, зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Ол
дүниетанымның кеңеюіне және жеке көзқарастың қалыптасуына ықпал ететін көптеген
мәселелерді қозғайды. 11-сыныпта оқушылар мынадай дағдыларды игереді: қорытынды-
ларды, дәлелдерді, пайымдауларды және тұжырымдарды талдау және бағалау; контекстті
сыни талдау және түсіндіру, және де дәлелдерді негіздеу; рефлексия жасау; зерттеу қоры-
тындыларын дұрыс ұсыну қабілеті.
8.12. Жоғары мектепте білім беру мазмұнын жүзеге асыру оқушыларға таңдау беру арқылы
оқытылатын пәндер санын қысқартуды көздейді. Жоғары мектепте міндетті оқу пәндерінің
санын азайту оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуге одан әрі мақсатты түрде дайын-
далуына ықпал етеді.
8.13. Оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқушыларға
оқудың екі деңгейінде пәндерді таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Оқушы өз қалауы
бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті тереңдетілген және стандартты оқу дең-
гейінде оқытылатын пәндерді өз бетінше таңдайды. Стандартты деңгейден көп сағаттарымен
ерекшеленетін тереңдетілген деңгей бейіндік пәндерді қамтиды. Стандартты деңгейде де
бейіндік пәндер оқытылады. Дегенмен, кейбір таңдалған пәндерді оқу 11-сыныпта аяқталуы
мүмкін. Оқушылар тереңдетіп оқу үшін 2 пәнді және стандартты деңгейдегі 1 пәнді таңдай
алады:
Достарыңызбен бөлісу: