Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет35/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Жоғары мектеп
7.9.3.1 «Қазақстан тарихы» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған кезден бастап бүгінгі күнге дейін әлеу-
мет тік, саяси, экономикалық, мәдени салаларда болған негізгі тарихи оқиғалар мен 
үдерістерді; Қазақстанның қазіргі әлемдегі орнын; елдің дамуына үлес қосқан тарихи 
және мемлекеттік қайраткерлерді; жаһандану жағдайында қазақстандық қоғамның ұлт-
тық құндылықтарын сақтау тәсілдерін әртүрлі дереккөздерден біледі;
-
қазіргі Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму 
көрсеткіштерін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажеттілігін түсінеді;
-
Қазақстандағы және басқа елдердегі тарихи әрі саяси оқиғалар мен үдерістерді са лыс-
ты ру әдістері мен тәсілдерін; әлемнің саяси картасын және ҚР әкімшілік-аумақтық 
құрылысының картасын; оқиғалар мен үдерістерді түсіндіру әрі талдау үшін бастапқы 
және қайталама тарихи дереккөздерді, кітапхана ресурстары мен медиаресурстарды, 
халықаралық зерттеу институттарының материалдарын, инфографиканы, статистикалық 
деректерді, индикаторларды, терминдер мен ұғымдарды қолданады;
-
еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы және әлемдік саясаттағы позициясы мен орнын 
Қазақстанның мүдделері тұрғысынан; көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен алуан-
түр лі лі гін; әрбір азаматтың мемлекетті нығайтудағы рөлін; әлеуметтік шиеленісті бол-
дырмау тәсілдерін; еліміздің өркениеттік даму ерекшеліктерін талдайды;
-
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму үдерісін; 
ұлттық қауіпсіздікті қорғау шараларын; Қазақстанның қазіргі таңдағы жаһандық мәселе-
лерді шешу жолындағы бастамаларын; қазақстандық қоғамның құндылықтарын сақтау 
шараларын; адами капиталды дамытуға қосқан үлесін; Қазақстанның интеграциялық 
үдеріске қатысуын; халықаралық аренада еліміздің имиджін асқақтату мақсатында 
жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды бағалайды;
-
еліміздің жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның әлемде танымалдылығын арттыру, 
елімізге төнген қатерлер мен тәуекелдерді шешу жолдары жөніндегі іс-шаралар жоспа-
рын; еліміздің әлеуметтік, мәдени, экономикалық, саяси дамуының өзіндік моделін; 
оқытуға арналған ақпаратты шығармашылық нысанда ұсыну мақсатында оқу-зерттеу 
жобаларын тезистер түрінде жасайды және ұсынады.


59 |
7.9.3.2 «Экономика» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
экономиканың негізгі ұғымдарын, терминдері мен қағидаттарын (сұраныс, ұсыныс, 
бәсекелестік, өндіріс, кәсіпорын, кәсіпкерлік, қаржы, макроэкономикалық көрсет-
кіштер және т. б.); мемлекеттің экономикадағы рөлі мен функциялары, оның ішінде 
қазыналық саясат, монетарлық саясат және экономиканы реттеу туралы; халықаралық 
сауданың, валюта нарықтарының негіздері және олардың ел экономикасына әсері 
жайлы үйренеді;
-
нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы мен тәуелділігін және олардың 
тауарлар мен қызметтердің бағасы мен санына әсерін; өндіріс процестері және эко-
номикадағы кәсіпорындар мен фирмалардың рөлін; бизнес құру мен оны дамытуды, 
бизнес-процестерді жоспарлау мен ұйымдастыруды қоса алғанда кәсіпкерлік негіздерін 
түсінеді;
-
нарықтық жағдайларды талдау және өзгерістерді болжау үшін сұраныс пен ұсыныс 
принциптерін; қаржылық жоспарлау, бухгалтерлік есеп және кәсіпорындардың қаржы-
сын басқару негіздерін; кәсіпкерлік қызметте негізделген шешімдер қабылдау үшін 
бизнестің құқықтық аспектілері туралы білімді қолданады;
-
бәсекелік нарықтарының сан алуан түрлерін және олардың ерекшеліктерін, соның ішінде 
монополияны, олигополияны және монополиялық бәсекелестікке; кәсіпорындар мен 
бизнес-процестердің экономикалық тиімділігі мен жалпы тиімділігіне; мемлекеттік сая-
саттың салық салу, салықты реттеу және инфрақұрылымдық жобалар секілді экономика 
салаларына әсеріне талдау жасайды;
-
экономикалық шешімдердің ЖІӨ, инфляция және жұмыссыздық сияқты макроэкономи-
калық көрсеткіштерге әсерін; кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы және олардың 
өсу мен даму әлеуетін; халықаралық сауданың ішкі экономикадағы рөлі мен үлесі және 
оның бәсекеге қабілеттілігін бағалайды;
-
бизнес-жоспарлар мен жалпы жобалар құру, соның ішінде идеяларды әзірлеу, мақсаттар-
ды анықтау, стратегиялар мен маркетингтік жоспарды таңдау; экономикалық процестер 
мен трендтердің аналитикалық есептері мен болжамдарын әзірлеу; кәсіпорындарды 
дамыту және олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет