Білім беру бағдарламасы nis-programme «Математика»



бет47/51
Дата24.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#455714
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
8-synyp-oku-zhospary-matematika-nd2b1sd29ba-2-iyun-2017 (1)

Шартты белгілер:

  • Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс;

  • Т = топтық жұмыс;

  • Ө = өздік жұмыс;

  • Ж = жұптық жұмыс;

  • М = мұғалімнің көрсетуімен.



    • Математика. Негізгі мектеп. 8-сынып
    • 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі


    • Ұсынылатын сағат саны: 19

    • Осыған дейін меңгерілген білім

    • Тікбұрышты координаталар жүйесін білу. Координаталары бойынша нүктені сала алу және берілген нүктенің координаталарын жаза алу. Пифагор теоремасын қолдана алу. Шеңбер мен оның элементтерінің анықтамаларын білу. Сызықтық теңдеулер мен оның графигі туралы білу. Сызықтық теңдеу графигін сала алу.

    • Мәнмәтін

    • Бұл бөлімде алған білім «Кеңістіктегі декарттық координаталар» бөлімін оқып үйренудің негізі болып табылады.

    • Оқытудың тілдік мақсаты

    • Пәндік лексика мен терминология

    • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

    • Оқушылар:

    • жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;

    • кесінді ортасының координаталарын анықтайды;

    • кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын анықтайды;

    • центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін жазады;

    • берілген теңдеуі бойынша шеңберді салады, сондай-ақ оны салу үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдана алады;

    • екі нүкте арқылы өтетін түзудің жалпы теңдеуін жаза біледі;

    • бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолданып берілген теңдеулері бойынша түзулерді салады;

    • екі нүктенің арақашықтығын табу, кесіндінің ортасының координаталарын табу, кесіндіні берілген қатынаста бөлу формулаларын, центрі (a,b) нүктесінде және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін, түзудің теңдеуін қолданып есептер шығарады;

    • Оқушылар:

    • кесінді ортасының координаталарының және екі нүктенің арақашықтығының формулаларын қорытуды түсіндіреді;

    • кесінді ортасының координаталарын және екі нүктенің арақашықтығын анықтауды түсіндіреді;

    • түзудің және шебердің теңдеулерін құру қадамдарын сипаттайды;

    • кесіндіні берілген қатнасқа бөлетін нүктенің координатасын табу туралы талқылауды дәйектейді;

    • түзудің координата жазықтығында орналасуы бұрыштық коэффициентке тәуелділігі туралы талқылайды.

    • жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі;

    • фигураның теңдеуі;

    • кесінді ортасының координаталары;

    • екі нүктенің арақашықтығының формуласы;

    • шеңбердің теңдеуі;

    • түзудің теңдеуі;

    • шеңбер центрі;

    • түзудің бұрыштық коэффициенті.

    • А(х;у) нүктесінің координаталарын табамыз …;

    • ... нүктесі .... кесіндісінің ортасы болып табылады, сондықтан ....;

    • ... нүктесінің координаталарын біле отырып, ... координаталарын табамыз;

    • осыдан ...дейінгі қашықтықтарын теңестіргенде ... аламыз;

    • центрі....нүктесі және радиусы ...шеңбердің теңдеуін құрамыз;

    • ... нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін құрамыз;

    • нүкте түзуде жатыр, яғни оның координаталары ... теңдеуін қанағаттандырады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет