Білім беру бағдарламасы «Өмір қауіпсіздік негіздері»


-тарау. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері»



бет2/18
Дата07.03.2024
өлшемі84.31 Kb.
#494685
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
«Өмір қауіпсіздік негіздері»

2-тарау. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері»
оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


«Өмір қауіпсіздігі негіздері» бағдарламасы 1-4 сыныптар
БӨЛІМ БОЙЫНША ОҚЫТУ САҒАТ САНЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Бөлім атаулары

Сыныптар бойынша сағат саны

Барлық сағат саны

I

II

III

IV

1. Қауіпсіздік және адамды қорғау

4

4

4

6

18

2. Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты

2

2

2

2

8

3. Медициналық білім негіздері




2

2

БАРЛЫҒЫ

6

6

6

10

28

1 КЛАСС
ОҚУ УАҚЫТЫН ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША БӨЛУ ҮЛГІСІ

Бөлім атаулары және тақырыптары

Сағат саны

1 КЛАСС


1. «Қауіпсіздік және адамды қорғау»

4

1.1 «Менің қауіпсіздігім» деген не?

1

1.2 Жолды абайла!
Көлік және ондағы тәртіп ережелері

1

1.3 Үйде жалғыз болу. Өрт шыққан кездегі өзін-өзі ұстау ережелері. Отпен абай болу дағдылары

1

1.4 Мектептегі және көшедегі қауіп-қатер

1

2. «Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты»

2

2.1 Денсаулық деген не? Денсаулықты қалай сақтауға болады?

1

2.2 Денсаулыққа әсер ететін факторлар
Жеке гигиена ережелері

1

БАРЛЫҒЫ

6

1-бөлім. «Қауіпсіздік және адамды қорғау»
«Менің қауіпсіздігім» деген не?
Қауіпті және қауіпсіз орындар. Сен тұратын үлкен қаладағы, ауылдағы, ауладағы тәртіп ережелері. Абайла, бейтаныс! Жедел қызмет телефондары.
Жолды абайла!
Сенің елді мекеніңдегі жол белгілері. Мектепке және үйге дейінгі қауіпсіз маршрут. Көшеде және жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелері.
Көлік және ондағы тәртіп ережелері
Сенің елді мекеніңдегі көлік түрлері. Аялдамада қоғамдық көлікке міну және түсу кезінде, сондай-ақ оның ішінде тәртіп ережелерін сақтау.
Үйде жалғыз болу
Үйдегі қауіп-қатер (дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химия, терезелер, үшкір және кескіш заттар). Суды, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері. Теледидар, компьютер жасырын қауіп-қатердің тасымалдаушысы ретінде.
Өрт шыққан кездегі өзін-өзі ұстау ережелері. Отпен абай болу дағдылары
Өрт сөндіру қызметін шақыру телефондары. Шағын өрт ошақтарын сөндіруге арналған қолда бар құралдар. Жанып жатқан ғимараттан эвакуациялау ережелері. Түтінге толы үй-жайдағы өзін-өзі ұстау ережелері. Отты пайдаланудағы сақтық шаралары.
Мектептегі және көшедегі қауіп-қатер
Үзілісте жарақат алып қалмау шаралары. Стандартты емес спорттық жабдықтар және қауіпсіз сабақ ережелері. Ойнауға және сырғанауға арналған орындар. Саябақтарға, кинотеатрларға, стадиондарға дейінгі маршруттар. Елді мекенде бағдарлаудың қарапайым тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет