Білім беру бағдарламасы «Өмір қауіпсіздік негіздері»


Қазіргі заманғы тұрғын үйлердегі қауіп-қатер



бет6/18
Дата07.03.2024
өлшемі84.31 Kb.
#494685
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
«Өмір қауіпсіздік негіздері»

Қазіргі заманғы тұрғын үйлердегі қауіп-қатер
Тұрғын үй-жайлардың жағдайы және адам денсаулығы. Қазіргі заманғы тұрмыстық құралдар және оларды пайдаланудың қауіпсіздік ережелері. Газ плиталарын дұрыс пайдалану және күйіп қалмау. Үй жануарларын ұстау және оларды күту кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Өрт кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдылары
Мектепте, қалалық көлікте, ойын-сауық орталықтарында және адам көп шоғырланатын басқа жерлерде оқушылардың өрт кезіндегі іс-әрекеттерін элементтері бойынша талдау және пысықтау.
Үй-жайдан, көліктен шұғыл эвакуациялаудың ережелері
Хабарлау сигналдары мен тәсілдері. Эвакуациялау сызбалары. Қосалқы шығу жолдарының орналасқан жерлері. Шұғыл эвакуациялау тәсілдері. Эвакуациялауға жаттығу.
Бейтаныс адамдармен өзін-өзі ұстау ерекшеліктері
Көшедегі бейтаныс адам. Бейтаныс адам есіктің қоңырауын басқанда. Үйдің кіре берісіндегі, лифтідегі бейтаныс адам. Кімнен көмек сұрау керек.
2-бөлім. «Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты»
Салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру. Зиянды әдеттерден сақтану.
Денсаулық ұғымы. Салауатты өмір салты (СӨС) туралы жалпы түсінік. Денсаулықтың басты факторлары. Қомағайлық – зиянды әдет. Алдын алу ережелері. Қуырылған қытырлақ картопқа және кептірілген қытырлақ нанға тәуелділік.
Күн тәртібі
Еңбек пен демалысты дұрыс кезектестіру. Тұрақты тамақтану. Дұрыс ұйықтау. Таңертеңгілік гимнастика және гигиеналық шаралар. Таза ауадағы демалыс.
Улы газбен уланған кездегі алғашқы медициналық көмек
Зардап шеккендерді залалданған қауіпті аймақтан шығару тәртібі. Суық компресс. Ауыр дәрежелі улану кезінде көмек көрсету ережелері. Практикалық жұмыс.
Зардап шеккендерді тасымалдау тәсілдері
Зардап шеккендерді тасымалдаудың тәсілдерін таңдау жағдайлары. Тәсілдері: сүйреу, арқаға салып, «құлып» жасап және таяқпен тасымалдау. Практикалық жұмыс.
4  КЛАСС
ОҚУ УАҚЫТЫН ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША БӨЛУ ҮЛГІСІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет