Білім беру бағдарламасы Пәннің коды Пәннің атауы Студенттің өзіндікжұмысы (БӨЖ)



бет11/18
Дата20.05.2022
өлшемі43.63 Kb.
#458042
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
1. «Ілінген тамшы» препаратын дайындап, бактериялардың қозғаласын анықтау.

7

ЗС 7. Бактерия клеткаларының спораларын бақылау әдістері, препараттар дайындау.
Жұмыстың мақсаты - лекциялық сабақтар кезінде алынған спора түзілу туралы білімдерін ұштастыру.
Зертханалық ж.мыстың міндеті- спора түзудің сипатын анықтау.
Ожешко әдісімен бактериялардың спора түзу қабілетін, спораның орналасуын, типін анықтау. Бактериялардың споралары вегетативті клеткаларға қарағанда қоршаған ортаның жағымсыз факторларына жоғары төзімділік көрсетеді. Олар дөңгелек, сопақ немесе эллипс тәрізді түзінділер. Егер спора диаметрі спора түзетін клетка диаметрінен аспаса, ондай клетканы бациллярлы деп, ал клетка диаметрінен асатын болса, спора клетканың ортасында немесе шетінде орналасуына байланысты клостридиалды немесе плектридиалды деп атайды.
Тірі спора түзетін клеткаларды бақылау кезінде олардың спораларын жарық сәулесінің шағылысуынан байқауға болады. Споралар қышқылға төзімді және бояулармен қиын боялады. Бұл олардың клетка қабығының қалыңдығымен, бос су концентрациясының төмендігімен және споралардағы липидтің құрамының жоғары болуымен түсіндіріледі.
Бекітілмеген, бірақ кептірілген препаратқа 0,5% хром қышқылын құйып, 5-10 мин кейін оны шайып тастайды. Препаратты фильтр қағазымен жауып, Цильдің карболды фуксинімен суландырады. Жалынның үстіне қойып, бу пайда болғанша қыздырады. Содан кейін тағы да бояу құяды. Осылайша 7 мин жасайды. Бояғыш буланып, ал қағаз кеппеуі керек. Суыған соң қағазды алып тастап, препаратты сумен шаяды, фильтр қағазымен жақсылап сусыздандырып алады. Осылай өңдеудің нәтижесінде споралар клеткамен бірдей боялады. Одан кейін цитоплазманы түссіздендіру қажет, ол үшін 1% HCl немесе 1% H2SO4 15-30 с өңдейді. Түссізденген препаратты сумен шайып, қосымша метилен көгімен 2 мин аралығында бояйды. Препаратты тағы да сумен шайып, сусыздандырады. Егер препарат дұрыс дайындалған болса, спора ашық қызыл түске боялады да, цитоплазма көк аймақта айқын байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет