Білім беру бағдарламасы Пәннің коды Пәннің атауы Студенттің өзіндікжұмысы (БӨЖ)



бет9/18
Дата20.05.2022
өлшемі43.63 Kb.
#458042
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

Актиномицеттер – грамоң микроорганизмдердің үлкен тобы, олардың клеткалары тармақталуға қабілетті. Көптеген актиномицеттер қоректік ортаға еніп өсетін субстратты мицелий түзеді. Ауалы мицелийдің гифтерінің ұшында споралар немесе споралар бар спорангийлер қалыптасады. Актиномицеттер спора арқылы, клеткалардың бөлінуі немесе тармақталуы арқылы көбейеді. Спора түрін, спора формасын зерттеу үшін актиномицеттердің колониясынан таңбалы препарат дайындайды. Таңбаны ауада кептіріп, жалында бекітеді де, фуксинмен бояп, сумен жуады. Микроскоп арқылы препаратта мицелийдің бөліктері, спора түзу түрі, споралардың формалары көрінеді.
Саңырауқұлақтар эукариотты организмдерге жатады, мицелиалды құрылымға ие. Олар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Саңырауқұлақтарды зерттеу кезінде «жаншылған тамшы» препараты қолданылады. Заттық шыныдағы су тамшысына сірке қышқылын тамызып, оны араластырады. Сірке қышқылын саңырауқұлақтарды. конидийлері сумен нашар суланатындықтан қосады. Бактериологиялық иненің көмегімен колониялардың агарсыз аймағын алады да, тамшыға салып, мицелийлерін ақырын жаяды, жабынды шынымен жауып, 8х, 40х объективтерімен, микроскоппен қарайды. Колонияларды микроскоптау кезінде мицелийдің бөлінуіне, спорангийлердің құрылысына, спора пішініне назар аударады және мицелий диаметрін анықтайды.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ашытқылар үшін «жаншылған тамшы», бактериялар үшін фиксирленген боялған препарат дайындау. Клеткалардың пішінін және орналасуын анықтау. Суретін салып алу.
2. Актиномицеттер немесе зең саңырауқұлақтарының Петри табақшаларындағы қатты қоректік ортаның бетінде өскен колонияларын зерттеу. Суреттерін салу және сипаттау.

5

ЗС5. Бактериялық жасушаның құрылымы (жасуша қабырғасы ) Грамм әдісі
Жұмыстың мақсаты - клетка қабықшасының құрылысы туралы білімдерін ұштастыру.
Зертханалық ж.мыстың міндеті- Грам әдісі бойынша микроорганизмдердің қай топқа жататыныны анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет