Білім беру бағдарламасы үшін лекциялар жинағы шымкент, 202 ж. Мазмұны кіріспе. Стандарттау ұғымына жалпы түсінік


Дәріс № 6. Стандартау жөніндегі нормативтік құжаттар



бет9/19
Дата14.10.2022
өлшемі361 Kb.
#462698
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Сертификаттау ЛЕКЦИЯ

Дәріс № 6. Стандартау жөніндегі нормативтік құжаттар


Дәрістің жоспары:

  1. Жалпы сипаттамасы

  2. Стандарттар категорияларының сипаттамалары.

Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:
1) халыкаралык стандарттар;
2) өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалык ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады.
Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін.
Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды.
Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан.
Қазақстан Республикасы аумағында ГОСТ-тар Комитеттің бұйрығы бойынша енгізіледі. Бұйрықта әр стандарт үшін оны Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандарт ретінде енгізу күні тағайындалады және оған қайшы келетін (немесе оны қайталайтын) мемлекетаралық немесе ҚР мемлекеттік стандартының күші жойылады.
Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты (уәкілетін Комитет берген орган) Мемлекетаралық Кеңестің стандарттау жөніндегі Бюросынан тіркелген стандарттарды және оларды енгізу туралы ақпарат алады, ГОСТ-тарды көбейтеді (баспадан басып шығарады) және Қазақстан Республикасында олармен заңды және жеке тұлғаларды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Стандартты әзірлеуді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде ұйымдастыру- әдістемелік бірегейлікке жету мақсатында, сондай-ақ стандартты әзірлеу бойынша жұмыстардың орындалуын талдау және бақылау үшін стандартты әзірлеудің төмендегі 6 кезеңдері тағайындалған.
1 кезең – стандартты әзірлеуді ұйымдастыру және техникалық тапсырма әзірлеу;
2 кезең – стандарттың жобасын (I- редакциясын) әзірлеу және оны пікір алмасуға жіберу;
3 кезең – түскен пікірлерді өңдеу, стандарт жобасының соңғы (II- және келесі) редакциясын (редакцияларын) әзірлеу;
4 кезең – стандарт жобасын дайындау, келісу және бекітуге жіберу;
5 кезең – стандарт жобасын қарастыру, оны бекіту және тіркеу;
6 кезең – стандартты баспадан басып шығару.
Мемлекеттік стандарттар:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар;
2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар болып бөлінеді.
Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді.
Мемлекеттік стандарттарда:
1) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін өнімнің, көрсетілетін кызметтің, процестердің қауіпсіздігі жөніндегі кажетті талаптар;
2} өнімді, көрсетілетін қызметті жіктеуге қойылатын талаптар;
3) өнімнің бірізділік, үйлесімділік және өзара алмастырушылық көрсеткіштері;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) өнімнің, көрсетілетін қызметтің түтыну касиеттері мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткіштері;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелері;
7) сапасы мен қауіпсіздігін сынау әдістері;
8) ресурстардың барлық түрлерін сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
9) сапа менеджменті жүйелері мен экологиялық менеджментті енгізуді қамтамасыз ететін, өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
10) белгілі бір қызмет саласына арналган ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалык нормалар мен ережелер белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.
Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері- экономика салаларында қолданылатын және есепке алынуға тиіс техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуге және код қоюға жатады.
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеу мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде техникалык-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеуді, жүргізуді және оларға өзекті сипат беруді жүзеге асырады.
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.
Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және оларға код қою жүйесін құру мен оның қызметіне бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар.
Ұйымдар стандарттарын мемлекеттік техникалық реттеудің мақсаттарына жету үшін ұйымдар өздері дербес әзірлейді және бекітеді.
Ұйымдар стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін оларды бекітетін ұйымдар дербес белгілейді.
Ұйымдар стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.
Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар жүргізуге қатысты, қолданылу үшін ерікті ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін қамтиды.
Ұсынымдардың жасалуына, ресімделуіне, мазмүнына, баяндалуына, оларды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды оларды бекітетін ұйым белгілейді.
Өздік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қазақстанда қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қайсылар жатады?
2. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің неше кезеңі бар?
3. Ұйым стандарттарын кім әзірлейді және бекітеді?
4. Ұсынымдар мен ережелер дегеніміз не?
5. Мемлекетаралық стандарттар Қазақстан аумағында қалай таралады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет