Дәріс №7.
Ғимарат таңдауы. Ғимараттардың түрлері
Дәріс жоспары:
7.1 Ғимарат таңдау. Ғимараттардың түрлері
7.1 Ғимарат таңдау. Ғимараттардың түрлері
Ғимараттарды таңдау. Олардың түрлері. Термиялық цехтар ұшін, ұзартылған төртбұрыш, кей кездері еңі бір немесе бірнеше аралық болатын тік төртбұрыш түріндегі бірқабатты үйлер болып салынады.
Аралық деп, үйдің аралас екі қатармен шектелген бағанды тік ұстап тұрған (негізгі ) конструкциялы көлемді бөлігін айтады.
Цехтын негізгі өлшемдері - аралық ені Ь, баған адымы I және аралық биіктігі һ өндірістің барлық саласындағы үйлердің (ғимараттардың) габариттерін біріңгайлауды қарастыратын қолданулып жүрген нормативтерден таңдалынады. Аралық ені 18,24, 30 және 36 м, бағандар адымы - 6 немесе 12 м, крандық аралық биіктігі - 10, 8 - 19, 8 м қабылданады. (сурет) .
Сурет 7.1 бірқабатты өнеркәсіп ғимараттаррының негізгі типтері:
А - біраралық, фонарсыз; б - ол да сондай, көпірлі краны бар; в, г - көп аралықты, фонарлармен.
Бұл күндері заводтардағы термялық цехтар бірінғайланған типтік секцияларда (БТС) орналасқан. БТС - бұл тұрғылықты биіктегі бір немесе бірнеше аралықтан тұратын үйдің көлемді бөлігін. (блок немесе отсек). Секция ұзындығы 72 м - ден аспайды (аралық бойымен). ал оның ен үлкен ені (аралық көлденені ) 144 м тең. Секция аралыңының биіктігі транспорттық жабдыққа байланысты: ілмелі транспорт үшін, жүк көтергіштігі 5 т дейін - 6- 7,2 м көпір краны үшін 30 г дейін - 10,8-12,6 м.
Негізгі БТС жоспарында 144x72x72x72 м бағандар торымен 18x12 және 24x12 өлшемдері бар.
БТС- ті қолдану темірбетон конструкцияларын барынша қолдануды қамтамасыз етеді, цех жоспарын жеңілдетеді, санитарлы - техникалық және өрт қауіпсізідіг талаптарына сайкес.
Термиялық цех үшін ең жақсы аралық ені 18 м болып табылады, өйткені мұндай ендікте 3 қатар пештер қойыла алады. Цех ұзындығы жобаланған жабдық сонымен анықталады, бірақ бағандардың 6 немесе 12 мм құйрайтын қайтымды адымымен қабылданады.
Үйдің конструкциясындағы температуралық өзгерістер (қыс жаз) салдарынан пайда болған кернеулерді жою үшін температуралық жоспар жасайды: темірбетон үйлерде - 40 м арақашықтығында, болат қанқасымен 120- 150 м. Екі баған арасындағы температуралық жапсардың саңылауы 25-30 мм тең және қабырғаның бүкіл биіктігі бойынша іргетасқа дейін сақталады.
Қатарлардың бөлгіш өсьтері мен бағандардың көлденендік өстері штрих пунктирлі сызықпен жүргізіледі және диаметрі 6 мм домалақ маркамен белгіленеді. Осьтерді араб цифрларымен және жазба әріптермен маркалайды. (таңбалайды). Цифрлармен үйдің ұзындығы бойынша бағандар осі таңдалады. Осьтерді таңбалау жүйесі солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай ( 2 сурет)
Сурет 7.2 . Құрылыс сызбаларында қатарлар мен ұйымдардың көлденең біліктерін бөлу.
Бақылау сұрақтары
Ғимараттарды таңдау қалай жүргізіледі?
Ғимараттардың қандай түрлерін білесіз?
Бірқабатты өнеркәсіп ғимараттаррының негізгі типтерін атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |