танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс
және жаңаны жасау немесе
құрастыру (оқушының жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа белгісіз білім немесе әдіс, бірақ
қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Яғни оқушының танымдық іс - әрекетіндегі
шығармашылықтың негізгі критерийлері: дербестік, ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін
варианттарды таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау.
Дербестіктің,
ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың деңгейі
анықтайды: төмен, орташа, жоғары.
Шығармашылық іс - әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген білімді белсенді
түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен
өзіне қажетіні ала алмаса, дербес ізденбесе
мүмкін емес.
Кез – келген шығармашылық іс - әрекеттің негізінде болжам, мүмкін нәтижені алдын – ала
көру жатыр.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамыту үшін негізгі іс -
әрекеттерінің (оқу –
танымдық, қоғамдық пайдалы, еңбек, эстетикалық және спорттық)
тиімді арақатынасын орнықтыру өте маңызды. Ол
қазіргі қоғамның әлеуметтік
сұраныстарына, мектеп бітірушілердің жан – жақты даярлығының деңгейіне қойылатын
жоғарғы талаптармен айқындалады.
Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын алады.
Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял
шығармашылықтың негізгі бір
психологиялық құрамы болып табылады. Шығармашылық күнделікті оқу процесі негізінде
жүзеге асырылады. Келесі саналы іс - әрекеттің бір түрі оның белсенділігі. Сонымен, әрекет
дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге
бағытталған процесс.
Шығармашылықтың көлемі әр оқушыда әр түрлі, сондықтан
шығармашылық дәрежесін
тұрақтандыру мұғалімнің алдында тұрған міндет. Себебі, ол оқушының бастапқы деңгейін,
түсініктерін, соңғы нәтижелерімен салыстырады, ал оның өзі диагностика жүргізуге
мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: