•
нысан мен пәннің ара қатынасын қысқаша былай сиапттауға болады: нысан –
объективті, ал пән – субъективті;
•
пән – зерттеу нысанының моделі;
•
зерттеу нысаны мен пәнін анықтау зерттеушінің
алынған тақырыптың
маңызын түсіну дәредесін және зерттеу барысындағы бағытын көрсетеді.
5
. Зерттеудің ғылыми болжамы – зерттеу мәселелерінің маңыздылығы мен
қажеттілігін, жаңалығын, практикалық маңызын, зерттеу жүргізудің көкейкестілігін, алынған
нәтижелердің шынайылығын анықтайды.
Ғылыми болжам педагогикалық зертеу барысында белгілі бір алынған тәжірибеге
сүйене отырып, алдын ала пайымдаулар жасау үшін қажет.
Педагогикалық зерттеулердің болжамын дұрыс құра алу үшін төмендегідей
мәселелерді білу керек:
•
педагогикалық зерттеулер боолжамының мәні, түрлері
және құрылымы;
•
педагогикалық зерттеулер болжамына қойылатын әдіснамалық талаптар;
•
зерттеу болжамдарын анықтау кезеңдері;
•
зерттеу болжамын анықтау бойынша тәжірибелік нұсқаулар мен болжам
құруда кететін қателіктер;
•
педагогика саласындағы зерттеу болжамын айқындаудың үлгілері;
1.
болжам мәселелрі бойынша ғалымдардың көзқарастары.
Педагогикалық зертеулердің 3 түрі бар:
а) сипаттамалы болжам (себептер мен олардың салдары сипатталады);
ә) түсіндірмелі болжам (себептер мен олардың салдары түсіндіріледі);
б) прогностикалық болжам ( ойлау экспериментінің негізінде әлеуметтік шындықты
бейнелейтін алыс болашақты болжайды).
6.
Зерттеудің міндеттері
Зерттеуді жүйелі отырып зерттеуші мақсатқа жетудің жолын көрсететін бірқатар
жекелеген міндеттерді анықтайды. Әдіснамалық талаптарға сәйкес мұндай міндеттер саны 5-
6 дан аспауы керек. Олар зерттеу мақсатына жету үшін
қажет шешімдердің өзара
байланысқан жиынтығы болуы керек. Зерттеу міндеттерін іздену жолының бағытын
нақтылауға мүмкіндік беретіндей етіп түзу керек. Жалпы зерттеудің мақсатын жекелеген
міндеттерді рет-ретімен шешуді көздей отырып құрастыру керек.
Дидактикада әр түрлі сипаттағы зерттеу жұмыстарының жіктемелік белгілерінің
құрамы келесі терминдер арқылы айқындалады: талдау ендіру; айқындау; болжам; қосымша;
зерттеу; қолдану; нақтылау; қорытындылау; негіздеу; талқылау; сипаттау; анықтама; теріске
шығару; бағалау; дайындау; дәлелдеу; мәселені қою; құрастыру; жүйеге келтіру; жетілдіру;
нақтылау.
Достарыңызбен бөлісу: