Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай 4 сатыға бөлінеді (2-сурет):
2-сурет Педагогикалық эксперименттің сатылары.
1.
Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды
зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
2.
Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея
негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
3.
Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде
жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін
эксперимент.
4.
Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте
зерттеу барысында алынған
нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Сонымен қатар
, педагогикалық экспериментке мынадай талаптар қойылады:
−
эксперименттің мақсаты нақты, айқын болуы тиіс;
−
эксперименттің оңтайлы нәтижелі болуы үшін зерттеу әдісіне сәйкес эксперименталдық
база ұйымдастырылуы тиіс;
−
зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылып, талданып,
өңделуі тиіс;
−
эксперименттік топ қатысушылары оның мақсаты мен міндеттерін анық білуі тиіс;
−
экспериментке ғылыми болжам жасалуы және оның негізделуі анық болуы керек;
−
экспериментті жүргізуде жоспарлы, жүйелі іс-әрекет
ұйымдастырылуы тиіс;
−
экспериментті ұйымдастырушылар экспериментті жүргізуде әрбір қадамын бақылап,
үнемі талдау жүргізіп отыруға тиісті;
−
экспериментке қатысушы сараптаушылар тобы зерттеушіге және зерттеу мәселесіне
тәуелсіз болуға тиіс;
−
эксперимент барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер
нақты қағазға жазылып
алынуы тиіс;
−
эксперимент барысында алынған нәтижелер мұқият талдануы тиіс;
−
эксперимент нәтижесі бойынша соңғы қорытынды пікір нақты,
жан-жақты
сипатталынып берілуі тиіс.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамдық
құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: