№11-12 дәріс
Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұны мен міндеттері
Дәрістің мақсаты. Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұнымен таныстыру.
Жоспары.
1.Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұны.
2.Бала тіліндегі актив және пассив сөздер.
3.Тәрбиеші басшылыққа алатын принциптері
4.Баланың сөздік қорын дамытудың міндеттері:
а)Балаладың сөздік қорын толықтыру.
ә)Баланың сөздік қорын нақтылау.
б)Сөздік қорды жандандыру.
в)Бала тілінің тазалығын сақтау.
Тезистері:
1.Балабақшадағы сөздік жұмысы балаларға жаңа сөздер үйрету арқылы олардың активті сөздік қорын толықтыру деген сөз. Әрине, балалардың сөздік қорын дамыту оларды айнала қоршаған ортамен таныстырумен қатар жүреді.
Сөз - ұғымды, түсінікті білдіретін негізгі лексикалық единица. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы, дыбыстық таңбасы және морфологиялық құрылысы болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда сөздің осындай ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Өйткені, жасы өскен сайын балада заттар, құбылыстар туралы ұғымы кеңейіп, тілі мен ойлауы күрделене түседі, жеке сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерді қатесіз айта бастайды.
2.Сөйтіп, бала тіліндегі сөздер актив және пассив сөздер болып, топқа бөлінеді. Актив сөздерге бала түсінетін және сөйлегенде қолданатын сөздер жатады. Актив сөздерінен бала тілінің байлығы байқалады.
Бала тілінің активті қорына оның тұрған жерінің ерекшелігі, ата – анасының кәсібі де әсер етуі мүмкін. Мысалы, шопан ауылында тұратын баланың сөздік қорына мал шаруашылығына байланысты сөздер жиі кездеседі. Сөндықтан тәрбиеші өз тобындағы балалардың сөздік қорларын дамытуда бала айналасындағылардың тіл ерекшеліктеріне көңіл бөлуі тиіс.
Ал пассив сөздерге бала мағынасын түсінетін, бірақ өз бетімен сөйлегенде пайдаланбайтын сөздері жатады. Зерттеулердің көрсетуінше, бала тіліндегі пассив сөздер актив сөздерге қарағанда саны жағынан көп болады. Бала тіліндегі пассив сөздері күнделікті тілдік қарым-қатынаста пайдалануға дағдыландыру оңай жұмыс емес, өйткені бала сөздерінің мағынасын ажыратуда, айтуда қиналуы мүмкін.
3.Сондықтан тәрбиеші сөздік жұмысын жүргізгенде төмендегі принциптерді басшылыққа алады:
а) жаңа сөздер балаға айнала қоршаған ортамен таныстыру барысында үйретілуі керек.
ә) сөздік қорды молайту психикалық процестер мен адамгершілік қабілеттідамытуға да әсер етеді.
б) сөздік жұмыстары жүйелі, бірізділікпен жүргізілсе ғана нәтижелі болады.
4.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері
а). Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.
Топтағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тіл дамыту сабақтарында 1- 4 сөзге дейін үйретілуі тиіс.
Бала көрген, таныған заттарын сипаттап, салыстырып айту үшін оның сынын, сапасын білдіретін сөздерді меңгеруі тиіс. Сондай – ақ бала синоним, омоним, онтоним, теңеу, эпитет сөздермен де танысулары керек. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, болжам сөздерді тыңдау арқылы тұрақты сөз тіркестерін де естіп, үйренеді. Мысалы, қас қарайды, төбе шашы тік тұрды т.б.
Сонымен балаларға үйретілетін жаңа сөздер көбіне табы жағынан – зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеулер болып келеді.
ә). Баланың сөздік қорын нақтылау.
Бұл міндеттің негізгі мақасты – бала тілінің стиліне, мәнерлілікке, сөз мағынасын қаншалықты түсінетіндігіне көңіл бөліп, анықтау. Бұл міндетті жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керек:
а) біріңғай заттардың, нәрселердің атауын балаларға меңгерту. Мысалы, жеміс дегенде алма, алмұрт, шие, өрік т.б. бәріне ортақ жалпы бір атау, өйткені бұл ұғымға бас киім, аяқ киім, басқа да киім түрлері (тіпті жыл мезгілдеріне байланысты киілетін киім түрлерін) еніп отыр.
ә) балалаларға жаңа сөздердің мағынасын тереңдетіп түсіндіру. Мысалы, екінші сәбилер тобындағы балалар мереке деген сөзді жай көңілді оқиға деп ұғынса, ересектер тобындағы балалар ол сөздің бүкіл халықтық мәнін (республика күні т.б.) түсінеді.
б) сөздің тура және ауыспалы мағыналарына назар аудару.
в) Жаңа сөздерді қайталау. Балаларға үйретілген жаңа сөздерді тәрбиеші сабақта және сабақтан тыс уақытта қайталатып, естеріне түсіріп отыруы тиіс. Сонда баланың сөздік қоры молайып, актив сөздерінің саны артады.
б). Сөздік қорды жандандыру.
Бұл қай топта болмасын жүргізілетін негізгі күрделі жұмыс.Өйткені, балалар сөйлегенде сөздің мағынасын түсініп, орынды қолданулары қажет. Ал, тәрбиеші түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлегенде, сөздерді таңдай білулеріне, сөйлемдерді қатесіз құруларына бағыт сілтейді. «Балбөбек» бағдарламасында балалардың сөздік қорын жандандыруға ерекше мән берілген.
Сонымен балалардың сөздік қорын жандандыру дегеніміз – олардың сөздік қорын мағынасын толық түсінетін сөздермен молайту және ол сөздерді күнделікті сөйлегенде пайдалануларын қамтамасыз ету.
в). Бала тілінің тазалығын сақтау.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен тәрбиеші өзі мәдениетті сөйлеуі керек. Сонда ғана тәрбиеші өз тобындағы балалар тілінің таза да түсінікті болуына жете көңіл бөледі.
Балабақшадағы сөздік жұмысының аталған міндеттері тіл дамытудың басқа да талаптарымен тығыз бірлікте жүргізіледі. «Балбөбек» және «Балабақшада білім беру және тәрбиелеу» бағдарламаларында әр топта жүргізілетін сөздік жұмысының мазмұны, көлемі анық көрсетілген. Мысалы, І- сәбилер тобы (3 жасқа қараған балалар) күнделікті тұрмыста жиі ұшырасатын киімдер, ыдыстар, ойыншықтар, ағаштар, өсімдіктер т.б. аттарын белсенді түрде қолдана білуге үйрету және іс- әрекетке қатысты, сандық сапалық, мезгілдік, кеңістік ұғымдарға байланысты сөздерді меңгерту керектігі айтылған.
№13-14 дәріс тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |