«білім беру және педагогика» жоғары мектебі


Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудін әдістері



бет32/43
Дата10.06.2022
өлшемі386.92 Kb.
#459106
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту (1)

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудін әдістері.
Дәрістің мақсаты. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістерімен таныстырып, түсінік беру.
Жоспары:
1.Бақылау, топсаяхат әдісі.
2.Баяңдау әдісі.
3.Байланыстырып сөйлеуде көркем шығармалардың рөлі.
4.Сауалнама, әңгімелесу.
5.Модульдік тапсырма беру әдісі.
6.Проблемалық жағдай тудыру әдісі
Тезистері:
1.Мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған ортадан алатын білімі, меңгеретін дағдысы олардың тіл байлығын жетілдірудің алғашқы негізі болмақ.Тәрбиеші-педагогтың мақсат қоя ұйымдастырылған іс-әрекеттері (бақылау, топсаяхат, серуен, т.б) арқылы бала қоршаған орта жайында алғашқы мағұлматтар алып айналасындағыны байқап, қызығушылықпен қарап, оны әңгімелеп айтып беруге талпынады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бақылау сабақтары жиі қолданылып ұйымдастырылады. Әдетте бақылау белгілі бір жүйемен, яғни жеңілден күрделіге қарай біртіндеп өту арқылы балалардың өздерін жиі сөзге қатынастыру арқылы заттармен құбылыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба білу арқылы жүргізіледі.
Бақылау сабағы кезінде олардың сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалап отыру тәрбиешінің басты міндеті десек, бұл жөнінде Е.И.Тихеева мынадай талаптар ұсынады:
Баяңдау,әңгімелеу кезінде бала негізгі тақырыптан алшақ кетпеуге тиісті.
Сол түсіндірілген тақырып бойынша баланы қорытынды пікірге жеткізуі керек.
Баяңдау кезінде баланың ойын бөлмеу қажет. Кейбір ескерту түзетулерді бала жауап беріп болғаннан кейін айтып түсіндіру қажет.
Әңгімелесу кезінде балалардың өздері бір-біріне сұрақ қойып дағдылануы керек. Баяңдалатын оқиға баланың өзіне бұрыннан таныс болса тәрбиешінің түсіндіруінсіз бала жауап беруі қажет.
Берілген жауаптарды бағалауға балалардың өздерін қатыстыру қажет.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде топсаяхаттың алатын орны ерекше.
Балаларды қоршаған өмірдегі байланыстар мен қарапайым заңдылықтарды түсінуге қол жеткізу, жылдың және күннің әр уақытында топсаяхатқа апару тәрбиешіден үлкен шеберлікті талап етеді.
Топсаяхатты төмендегідей міндеттер арқылы ұйымдастыруға болады:
бақылаушылық пен қызығушылықты дамыту;
қоршаған ортаның объктілері мен құбылыстарына белсенді және дұрыс қарым –қатынасты тәрбиелеу. Қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың біріктілігін, біртұтастығын аңғара білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге болады.
2.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйреуде жиі қолданылатын әдіс баяндау әдісі. Баяндау кезінде айтылатын тіркестер анық, сөйлемдер қысқа, жеңіл грамматикалық формамен берілуі қажет. Баяндау кезінде мәнерлі сөйлеуге дағдыландыратын төл сөздерді де кірістіруге болады. Баяндау сабағының құрылысы төмендегідей болуы тиіс.
Кіріспе бөлім.Балаларды жаңа материалды қабылдауға даяарлау.
Тексті оқып беру.
Шығарманы балалар есте жақсы сақтау үшін 2-ші рет оқу.
Шығарма мазмұнын талдау.
Талдаудан кейін балалардың шығарма мазмұнын қалай түсінгенін байқау үшін тағы да шығарманы қайталап оқу.
Балалар оқылған материалды естеріне түсіріп жауап беруге дайындау үшін бірнеше секунд уақыт беру.
Балалардың баяндауы.
Кейде мүндай сабаққа жаңа өтілген материалдармен қатар оларға бұрыннан таныс шығармаларды да естеріне түсіріп, қатар баяндату олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Сонымен қатар әңгімелесу, баяндау сабақтары бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтырып отыратындай дәрежеде өтілуі керек. Балаға үйретілетін әрбір жаңа сөзбен сол сөз бейнелейтін зат арасында байланыс болуы қажет. Балабақшадағы оқыту жұмысын балалардың шағын ұжымда өткізілетін педагогикалық процесс болғандықтан, ол сәбиге берілетін білімнің дәлдігі, сапалығы, дамыта оқытылуы сияқты дедактикалық принциптерге сүйенеді.
3.Балаларды қоршаған дүниемен таныстыру кезінде көркем әдеби шығармалар кеңінен қолданылады, әрбір құбылысты тек түсіндіріп, көрсетіп қана қою емес, олардың әсемдігін, образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы балалар ұғымын танымын кеңейту мақсаты да қойылады. Ол үшін көркем әдебиет шығармаларының барлық жанры түгел дерлік пайдаланылады. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын дамытуда, байланыстырып сөйлеуге үйретуде көркем әдебиеттің, ауыз әдебиетінің қай-қайсысының болсын мәні ерекше. Өлеңдер мен әңгімелерді пайдалану арқылы балалар табиғат құбылыстарының ғажайып көріністері мен оның ерекшеліктерін меңгеруде оны сипттайын сөз, сөйлем құру мүмкіндіктерін меңгереді. Сонымен бірге олардың логикалық ойлары дамып, өлеңді айтып қана қоймай, оның мазмұнын түсінуге, түсінгенін әңгімелеп айтып беруге төселеді.
4.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі тиімді әдістердің бірі - әңгімелесу, сауалнама.
Зерттеуші - педагог алдына мақсатты анық, дұрыс қоя білсе, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама әдістері арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады. Бұл үшін негізгі және қосымша сұрақтарды да дәл, мазмұнды ету қажет. Егер де тәрбиеші қажетті моральдық -психологиялық жағдай туғыза алса, әңгіменің, сұхбаттың тиімділігі жоғары болады.
Топ балалардың талап-тілегін білу үшін тәрбиеші сауалнама жүргізіп, онда мыналарға көңіл аударылады: сұрақтардың нақтылығы, жауаптың дәл берілуі, жабық сауалнама өткізу (жауаптары шектеулі), ашық жауап алуға да болады, бала ойын, көзқарасын айта алады.
5.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде модульдік тапсырмаларды орындау әдісі маңызды.
Дербестік пен жауапкершілік педагогикалық процесті модульдік технология арқылы ұйымдастыруда шешуші фактор болып табылады. Балалардың қаблеттері, дағдылар мен іскерліктері, мүмкіндіктері мен сөйлеу деңгейлері берілген модульдік тапсырмалар барысында дәлелденелі. Яғни, мақсат қоя білу, оны жоспарлау қабілеті, қажетті информацияны ала білу,өзін -өзі бақылай отырып іс-әрекеттің нәтижесін көре білу қабілеті байқалады.
Модульдік тапсырманы ұйымдастырудың алғашқы кезеңі үйрету материалдарды кіріктіріп оқыту мақсатында бағытталып жүргізіледі. Әрбір модуль модульдік үйрету элементінен басталып, белгілі бір мақсаттарды, міндеттерді көздейтін, балалардың танымдық іс-әрекетін бағыттайтын мақсатты компоненті болады.
Модульдік тапсырманы оқыту барысында төмендегідей мүмкіндіктерді жүзеге асыруға болады.
*үйрету үрдісін жаңарту (үйрету амалдары алдын ала жоспарланады);
*балалардың білімді меңгеруі жоспарланған деңгейге жеткізіледі;
*оқу үрдісінің компоненттерін кешендендіруге байланысты білім берудің тиімділігі: мақсат, мазмұн, бақылау, бағалау, т.б. артады.
6.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі тиімді әдістердің бірі проблемалық жағдаят жасау. Пробемалық жағдаят жасаудың мақсаты бала ойын өрбіту. Балалар өздеріне бұрыннан бар ұғымдарына әлі таныс емес құбылыстар мен заттарды, олардың ерекшеліктерін нақты қалпына қабылдайды. Мұндай жағдайда баланың алғашқы реакциясы – таңғалу. Таңғалу қызығушылыққа, қызығушылық танымдық құмарлыққа, білгісі келу, алға қойған міндетті шешуге даяр болуға ұласады. Бала бұған дейін оған әдеттегі болып көрінген нәрседен ерекшелік табады. Сөйтіп, баланың таңырқауы танымның бастамасы қызметін атқарады, оның белсенді ой қызметіне жағдай жасайды. Бұл проблемалық жағдаяттар өмірде қоршаған заттар мен құбылыстар арасында бар қарым-қатынастарды абстракциялау қабілетін дамытуға, олардың мәнен анықтауға айтарлықтай көмектеседі.

9-10 дәріс


Балаларды байланыстырып сөйлеугеүйретуде лексикалық жаттығу,
логикалық сөздік тапсырмалар орындату, ойын т.б. ролі.
Дәрістің мақсаты. Лексикалық жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар орындатудың, дидактикалық ойынның байланыстырып сөйлеудегі маңызы туралы түсінік беру.
Жоспары.

  1. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық жаттығудың алатын орны.

  2. Логикалық сөздік тапсырмалар орындату арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету,

  3. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ойынның (дидактикалық) ролі.

  4. Тәрбиеші тілі - балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі

Тезистері:
1. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын әдістердің бір лексикалық жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұндай жаттығулар көбінесе сөздік ойын түрінде жүргізіледі. Мысалы, бұлтты, жаңбырлы, суық, мөлдір, ашық, бұлыңғыр деген сөздерді қандай сөздерге қосып айтуға болатындығын таптырту және айттыру қажет.
2. Байланыстырып сөйлеуде қолданылатын тағы бір әдіс – логикалық сөздік тапсырмалар орындату. Ол үшін тәрбиеші жыл маусымдарының өзгерісіне әңгіме құрайды да сол сипатталған өзгерістің жылдың қай мезгілінде болатындығын таптыртады. Мұндай логикалық сөздік тапсырманы тұрмыста қолданылатын балабақшада бар заттардың, нәрселердің түрлеріне байланысты ұйымдастыруға болады. Логикалық сөздік тапсырма, егер тақырып табиғат құбылыстарына арналса мынадай үш бағытта жүргізуге болады.табиғаттағы қысқа мерзімде болып өтетін өзгеріс туралы мысалы, қардың еруі, нөсер жаңбырдың жаууы, жапырақтардың сарғаюы т.б. табиғат құбылыстарының заңды байланысын байқату мысалы, жыл мезгілдерінің келу реті. Бір маусымда болатын өзгерістерді толық қамтып түсіндіру, және әңгіме құрату.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бейнелі көркем сөздерді меңгертудің де үлкен мәні бар. Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы, бақылау, салыстыру арқылы іске асырылады.
3.Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар үшін қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет – дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Дидактикалық ойындар ұйымдастыру арқылы балаларға қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін білуге, есте сақтауға және оны бақылау кезінде және сабақта алған ұғымдарын тиянақты елестетулерін анықтай түсінуіне көмектесуге болады. Соның негізінде байланыстырып сөйлеу тілі жетіледі.
Педагог - тәрбиешілер сабақта ойын элементін қолдану барысында мыны негізгі мәселелерге көңіл бөлуі керек:
ойынның мақсатын айқындау. Балалар ойын кезінде қандай іскерлікпен дағдыны, жаңа сөздерді, сөйлем құру ерекшелігін игереді, ойынның тәрбиелік мақсатын;
ойынға қатысушылардың санын анықтау;
ойын барысында қолданылатын материалдардың тартымдылығы;
ойын шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру;
ойынның қанша уақытқа созылатындығы. Ойынның әсерлілігі, қызықтылығы және байланыстырып әңгімелеуге сәйкестігі;
4.Тәрбиеші тілі - балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі
балабақшада тіл дамыту мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші сөзінің сапасына байланысты яғни үлгілі сөйлеу тілін меңгеру тәрбиешінің кәсіби даярлығының көрсеткіші болып табылады. Тәрбиеші алдымен сөйлеу мәдениетін меңгеруі қажет, ол тілдің барлық элементтерінің мағыналарын түсініп қана қоймай оны әдеби тілде қалай қолдану керектігін үнемі есте сақтауы керек. Сондықтан тәрбиеші бейнелі сөздерді көп білсе, синонимдерді, онтонимдерді жетік меңгереді. Топтағы балаларға тіл үйрету жеңілге түседі. Балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу бағдарламасының алдына мынадай міндеттер қояды. Баяндалатын тақырыпты баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті тілмен жеткізе білу, қойылатын сұрақтың дәл, нақты болуын қадағалау, айтылуы қиын жаңа сөздердің үлгісін дұрыс бере білу, сабақта тақырыпқа байланысты әдістерді дұрыс пайдалана білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет