Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
3 мин
Алдыңғы білімді еске түсіру
2 мин
|
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа зейінін аудару
2. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Бір күнге арналған рецепт» әдісі
3. «Супермаркет» әдісі арқылы топтарға біріктіру.
Оқушыларға стикерлердегі заттардың химиялық формулаларындағы химиялық байланыс типін ажырату ұсынылады:
HCl, H2S, K2O, CH4, SO2, SO3, CO2, C2H4, N2, AlP, C2H2
«Доп лақтыру» әдісі арқылы 8 сыныптан «Химиялық байланыстың түрлері» тақырыбына байланысты сұрақтар қойылады:
1. Атомдар арасында химиялық байланыс қандай жағдайларда түзіледі?
2. Химиялық байланыстың қандай типтері бар?
3. Химиялық байланыс түзуге қандай электрондар қатысады?
4. Химиялық байланыс түзуге қатысатын электрондар қалай аталады?
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады: Атомдар арасында дара және еселі байланыстар-дың түзілу себебі неде?
|
Сәлемдеседі, мұғалімнің нұсқауымен көңіл-күйді қалыптасты-руға арналған «рецепт» дайындайды. «Супермаркет» әдісі арқылы стикерлерге жазыл-ған заттардың химиялық форму-лаларындағы химиялық байланыс түрлерін ажыратып, сол бойынша топтарға бірігеді:
1-топ: Дара байланыс
2-топ: Қос байланыс
3-топ: Үшеселі байланыс.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Проблемалық сұрақ бойынша өз жауаптарын айтады.
|
ҚБ: қол шапалақтау арқылы қошемет көрсету
ҚБ: Стикерлер арқылы бағалау
|
Түрлі-түсті стикерлер
Стикерлер
|