3.2. Тақырып. Жобамен жұмыс жасау барысында әр кезеңінде оқытушы мен оқушының іс-әрекеті.
Жоба әдісі – оқытушы мен оқушының өзарабайланысу жүйесі. Жобамен жұмыс жасау кезеңдері: 1)Жоба тапсырмасын жасақтау (жоба тақырыбын таңдау, тақырыптар мен тақырыпшаларын бөлу, шығармашылық топтарды қалыптастыру, зерттеу жұмыстарының материалдарын дайындау, нәтиже қорытындыларын көрсету формасынтаңдау) 2)жобаны құрастыру, 3)нәтижелерін өңдеу, 4)презентация, 5)рефлексия. Жобаның әр сатысындағы оқытушы мен оқушының әрекет жүйесі.
4 бөлім. Жобамен құрастыруда жұмысты жоспарлау
4.1. Тақырып. Оқушылардың жобамен жұмыс жасауды жоспарлау.
Оқушылардың жобамен жұмыс мазмұнын жоспарлау. Оқушылардың өзін өзі бақылау мен өзіндік дамуына бағытталған бағалау құралдары. Оқушылардың жобаны жүзеге асыру бойынша материалдарын жасақтауы. Оқушылардың жоба бойынша іс-әрекеттерін бақылау және түзету.
4.2. Тақырып. Жобаны жасақтау барысында бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыру
Оқушылардың қызығушылық пен тәжірибелерін сараптау және есепке алу әдістері. Жоба бойынша оқытушы мен оқушының бірігіп жұмыс жасауы. Жоба барысында интернет қорларын және басқа ақпарат көздерін пайдалану. Авторлық құқық және қорларды пайдалануда авторлық құқықтың сақталуы. Оқу жобасы міндеттерін шешу барысында Интернет қорларын пайдалану жоспары. Нәтижелер рефлекциясы.
4.3. Тақырып. Оқушылардың жобалау іс-әрекеттерінінің нәтижелерін құрастыру.
Оқушылардың жоба іс-әрекеттерінің нәтижелерін басылымға шығаруды, презентация құрастыруды жоспарлау. Жобалардың презентацияларын жасақтау. Интернет, компьютер мүмкіндіктерін жоба жасауда пайдалану жолдары. Жобаны өзіндік бағалау.
4.4. Тақырып. Оқушылардың жобалық іс-әрекет нәтижелерін бағалау.
Оқушылардың жобалық іс-әрекет үрдісі мен нәтижелерін бағалауының құралдары мен стратегиялары. Жобаларды бағалау критерийлері (критерийлердің 7-10 пункті) Жоба жұмысының жалпы сапасын бағалау. Оқушылардың қорытынды, дәлел жасай алу дағдысы. Орындалған жобаның нәтижелерін эстетикалық тұрғыдан безендіру. Нәтижелер рефлекциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |