Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМБС 4.05.077- 2009) сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Пәннің мақсаты: студенттің жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру мен оқыту технологиялары мен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялары қолдану арқылы белсенділігін арттыру, жобалау іс-әрекеті бағытында білім жүйесін қалыптастыру; өзін-өзі кәсіби анықтауға дайындығын бақылау дағдыларын қалыптастыру; жобалау әрекеті бағытында теория дайындығы мен машықтық білік пен дағдыларын ұштастыру арқылы кәсіби (психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және коммуникативтік) құзыреттіліктерін жетілдіру.
Пәннің міндеттері:
-болашақ мамандардың ақпараттық, коммуникативтік, проблема шешу құзыреттіліктерін қалыптастыру;
-жоспарлау мен жобалай білу қабілеттерін қалыптастыру;
-өз бетімен шығармашылықпен айналысуға қызығушылықтарын арттыру;
-анықтамалық, техникалық, ғылыми-танымдық әдебиеттермен пайдалана білуге үйрету;
-шығармашылық жобаны дайындауда инновациялық және компьютерлі технологияларды пайдалана білуге үйрету;
-шығармашылық әрекетінде өзіндік мүмкіндіктерін бағалай білуге қабілеттерін дамыту;
-өзіндік ойын нәтижеге жеткізе білу қабілеттерін дамыту;
-істеген жұмысын бағалай білу қабілеттерін дамыту;
-жобалау іс-әрекетінің негіздері» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: дәріс, дәріс-диалог, проблемалық дәріс, кіріспе дәріс, семинар, іздену семинары, экскурсия, тәжірибелік сабақтар, сабақ-пракикум және басқалар.
|