11
Диссертациялық зерттеу жұмыста
қамтылған және арнайы дерек
көздеріне
сүйеніп
белгіленген
материалдар
мен
ой-тұжырымдар
Қазақстандағы 1917 жылға дейінгі патшалық Ресей құрамындағы оқу-ағарту
және кеңес үкіметінің қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі қазақ халқына
қатысты білім
беру тарихы жайындағы оқу, білім беру, зерттеушілік т.б.
жұмыстарда қолданылуы мүмкін. Оларды
Қазақстан мен Орта Азия
аймағының халықтық білім беру тарихын жан-жақты зерттеуде;
оқулықтар
мен оқу құралдарын, жоғары оқу орындарының
оқу бағдарламаларын
әзірлеуде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында
педагогика тарихы пәнінің курсында және
отандық тарихы мәселелері
бойынша элективті курстарды оқу кезінде пайдалануға болады. Зерттеудің
көкейкесті мәселесі бойынша «Қазақстандағы
бастауыш мектептердің
тарихы» атты (1915-1941 жж.) элективті курс бағдардағы түйінделген ой-
пікірлер негізінде университетте педагогика тарихының білімдерін толықтыру
бағытында пайдалануда.
Достарыңызбен бөлісу: