«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
бастауыш1

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 
1915-1941 
ЖЫЛДАР 
АРАЛЫҒЫНДА 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТАРИХНАМАСЫ
 
1.1 Қазақстандағы 1915-1941 жылдарда бастауыш білім берудің 
тарихи-әдіснамалық негізі 
Диссертациялық зерттеу еңбегімізде ХХ ғасырдың 1915-1941 
жылдарындағы Қазақстандағы бастауыш мектептің даму тарихына және оның 
әдіснамалық мәселесін жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырып, оған оң баға 
беру мен білім беру тарихында жаңаша ғылыми айналымға түсіруге арналған. 
Қазіргі мемлекеттік білім беру саясаты аясында Қазақстанның ұлттық 
мектептерінің дамуы, Қазақстандағы жалпы білім беретін орта мектептің 
бастауыш білім беру кезеңінің жүйелі және сабақтастық пен ұласымдылықты 
құрайтын тарихи жүйесін қалпына келтіру – бүгінгі ұлттық мектептер жүйесін 
жаңаша деректермен толықтыру, тарихи әділдігін орнатуды көздейміз. Бұл 
жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дамуындағы тарихи-әдіснамалық 
негізін ғылыми тұрғыда ақиқаттық пен шындыққа сүйене отырып жүйелеу 
болып табылады. 
Біздің зерттеуіміздегі қарастырылып отырған 1915-1941 жылдар 
ауқымында қазақ жеріндегі білім беру жүйесінің патшалық Ресей өкіметінің 
кезеңіндегі қазақтарды орыстандыру бағытында ашылған орыс-қазақ 
мектептері және мұсылмандық білімнің ескі және жаңа жүйесі, сондай-ақ 
кеңес өкіметінің идеологиялық бағытқа негізделген кеңестік білім беру 
мазмұндағы мектептердің қалыптасуы мен дамуы, олардың мазмұндық 
құрылымдары жайындағы мәселелердегі ұлттық сипатқа бағытталған 
мектептің өзіндік орнына білім тарихы тұрғысынан ғылыми негіздеу болып 
табылады. 
Зерттеудің мақсат пен міндеттерін және қойылған болжамдық 
ұсыныстарды, ғылыми зерттеу жұмысындағы жаңалық және қорғауға 
ұсынылған қағидаларға қол жеткізу барысында біздер философиялық 
диалектиканың даму заңдылығын басшылыққа ала отырып, қарастырған 
кезеңдердегі білім берудің мазмұндық жүйесінің түрленуі, даму жайындағы 
мәселені анықтау, талдау, сараптау, ақиқаттықпен дәлелдеу барысында білім 
берудегі тарихилығы, шындық пен ақиқаттық, жинақылық және жүйелілік 
қағидалық ұстанымдарды басшылыққа алдық және бұл тарихи- 
педагогикалық тәжірибенің ғылымилығын толық талдауға мүмкіндік береді. 
Бастауыш білім беруге қатысты тарихи мәселелерін қарастырғанда бізге 
дейінгі қалыптасып, дамыған бастауыш мектептердің жүйесін өз алдына 
қарауға 
және 
олардың 
мазмұндық 
құрылымдары 
мен 
атқарған 
қызметтеріндегі жетістіктерін тарихи-педагогикалық және әдістемелік 
тұрғыдан анықтау қажеттілігі туындайды. Қазақ жерінде бастауыш 
мектептердің тарихы жайында ғылыми-зерттеулілік жүргізгенде сол кезеңдегі 
мемлекеттік билік жүйесінің даму тарихымен тығыз байланыста болғандығы 
және ондағы құрылған педагогикалық жүйенің ерекшелігін басшылыққа 
алғанымыз ақиқат пен шындыққа жақын келеді. 


15 
Білім берудегі тарихилық – бастауыш білімді ұйымдастырып, беретін 
мектептердің қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайтын табиғи байланысты 
анықтау мен білу және тануды іске асыратын қағидалық ұстаным. Бастауыш 
мектептердегі білім мазмұндарының тарихи даму жолын зерттеп және оның 
болашақтағы даму бағытын анықтауға табиғи шындық көрінісін түсінуге,
заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы бастауыш 
мектептердің дамуын тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдау, оның тарихи 
хронологиялық аумағын анықтау белгілі кезеңдермен негізделген.
Ақиқат пен шындық – диссертациялық жұмыста пайдаланылған тарихи 
деректік мәліметтердің зерттеу жұмысына енетін кезеңдерге қатысты 
екендігін растау жайында мұрағаттық деректердің түпнұсқасын тексеру. 
Зерттеуге арналған тақырыптық жұмыста қолданылған деректік мәліметтерді
бұрын қарастырылған ғылыми еңбектердің мағлұматтық және нәтижелерімен 
салыстыру, зерттеліп отырған оқу-ағарту саласындағы бастауыштағы орын 
алған педагогикалық үдеріс құбылыстарының ұқсастық пен ерекшеліктерін 
анықтау. Ғылыми-зерттеу жұмысының қарастырған кезеңдерінде әлеуметтік 
ортада оқу-ағарту саласындағы бастауыш білім берудің қажеттілігі, 
сұранысына талдаулық түсінік беру.
Жинақтылық – ғылыми-зерттеу аясына енген кезеңдегі оқу-ағарту 
саласындағы білім беру жұмыстарында бастауыш мектептердің жұмысы 
әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде мәнін түсіну және оған ықпал 
жасаушы сыртқы жағдаяттар мен оларға негіз болған алғышарттарды және 
тағы басқа мәселелердің байланыстылығын ашу арқылы топтастыру, 
жинақтау. Бастауыш мектептердің мазмұндық құрылымдарының өзара 
байланысын анықтау мен педагогика тарихында бастауыш білімге қатысты 
мұрағаттық деректерді кезеңдер бойынша жинақтау, мәліметтерді сұрыптап, 
талдау мен қорыту, философиялық, әлеуметтік-саяси, тарихи-педагогикалық, 
әдістемелік және психологиялық тұрғыдан ой-пікір түйіндеу.
Жүйелілік – тақырыптық зерттеу мазмұнында Қазақстандағы бастауыш 
мектептердегі білім беру мен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы 
педагогикалық тәжірибелерінің бүгінгі бастауыш білім беру жүйесіндегі 
педагогикалық жүйедегі теория мен әдістемелік жұмыстарының арасындағы 
сабақтастық пен жүйелілік негіздерінің бар екендігін ғылымилылық тұрғыдан
негізделуі. Тарихилық білім беру жүйесі мен бүгінгі педагогикалық 
үдерістердің ішкі үйлесімділігі және олардың ішкі байланысын біртұтастық 
негізде түсіну.
Бастапқы кезеңде патшалық Ресей өкіметінің қазақ жерін отарлау 
саясатында жергілікті халықтың діни-нанымына, сеніміне ерік беру болған. 
Мақсаты, жергілікті ұлт беделділерінің сеніміне кіру, отарлау саясатын 
тереңдету, бұл ұзақ мерзімді мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың 
айласы еді. Қазақ даласына медреселер мен мешіттер салып, қазақтардың діни 
істерін Орынбор муфтилігіне беріп, ислам дінінің дамуына қолдау жасады. 
«Біздің даладағы үстемдігіміздің бастапқы кезеңіндегі саяси мүддеміз 
қазақтарға және Орта Азияда халықтары үшін олардың дініне қол 
сұқпайтынымыз жайында сенім қалыптастыру еді. Бұл хандар мен 


16 
сұлтандарды және даладағы ықпалды адамдарды тартуға ықпал жасады. 
Сондықтан үкімет орындары бастапқы кезде исламға төзімділік танытып, оған 
қамқорлық та көрсетті» [40].
Уақыт келе, орыстандыру саясатының тереңдей түсуін іске асырып, 
қазақтарды орыстандыру мақсатындағы саяси әрекеттерін жүзеге асыруда 
патша әкімшілігінің оқу-ағарту саласындағы халық училищелерінің 
инспекторлары және облыстық әскери губернаторлары мен округтың оқу ісі 
жөніндегі қызметкерлері мұсылмандық жүйеде білім мен тәрбие беретін 
мектептерді қатал бақылап, қадағалауға көшті. 
Ислам діні негізінде қалыптасатын мұсылмандық дүниетанымның кең 
өріс алуына тосқауыл жасау үшін қазақтар арасында орысша білім беруді 
тарқату бағытында орыс-қазақ (орыс-түзем) мектептерін ашып, жұмыстарын 
жандандыру деп түсінді. Патшалық Ресейдің 1870 жылы халық-ағарту 
министрлігі «Ресейді мекендеген бұратана халықтарға білім беру шаралары» 
туралы қабылданған заң аясында жүзеге асырылды. Бұнда өзге ұлттарды 
орыстандыруды мақсат тұтқан миссионерлік педагогика жүйесін енгізу, 
себебі, отарлық саясаттың басты мақсаты – орыстандыру, шоқындыру. ХІХ 
ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда жаңа типтегі мектептер - орыс-
қазақ мектептері ашылды. Бұндай мектептер патша үкіметінің отарлау 
саясатын жүргізу мақсаттарына барынша сәйкес келді. «Үкіметке жағымдысы 
– қол астындағы жұрттың жазу-сызу, тілі, діні, бір болу» [41] - яғни қазақ 
халқын асимиляциялау, орыстандыру арқылы християндық дінді 
қабылдатқызып, өзінің ата-баба дәстүрін ұмыттырып, ұлттық болмыстан 
айыру мақсатын көздеді. Бұның ең тиімді және ұтымды жолы халық ағарту 
саласы арқылы жүзеге асыру. Бастысы балалардың сауатын орыс тілінде 
ашуын ұйымдастыру мен жүзеге асыру болды. Демек, бұл мақсатқа жетудің 
құралы – мектеп, халық-ағарту ісі екені белгілі. Сондай-ақ, патша үкіметі қазақ 
даласындағы мұсылманша білім мен тәрбие беруде ағартушылық қызмет 
атқарушы татар молдалардан да қатты сескенді. Өйткені, бұл татар молдалар 
қазақтар арасында ислам дінін таратушыларын ғана емес, сонымен бірге 
Ресейдің Қазақстандағы және Орта Азиядағы ықпалының таралуына тежеу 
болатын және қарсылық білдіретін рухани күш ретінде орын алды. Оның негізі 
Қазақстанның аймағындағы орыс дүниетанымы жүйесімен білім беретін 
мектеп типтері бірдей болды және жалпы Ресейлік жүйедегі орыстандыру 
саясатына, ғылымдық танымға сәйкес келді. Дегенмен, Ресейдің ішкі 
аймақтары мен шет аймақтарындағы мектептерге қарағанда орыс-қазақ 
мектептерінің өзіндік саяси сипаттарға ерекшеліктері басым болғандығы 
анық. Мәселен,»...ішкі Қазақ ордасындағы мектептегі білім беру жүйесі 
Ресейдің басқа аймақтарында ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы басқа 
да елді мекендердегі мектептегі білім беру жүйесінен мазмұндық және 
құрылымдық жүйесімен де ерекшеленді» [42].
Қазақстандағы оқу-ағарту жұмыстары және оның жағдайы, сондай-ақ 
олардың даму сипаты патша үкіметінің саясатына сәйкес келді. Түркістан 
өлкесінің оқу орындарын басқару құрамына кіретін Сырдария және Жетісу 


17 
облыстары көп ұлтты болды. Сондықтан жергілікті тұрғындарға арналған 
негізгі оқу орындары «орыс-қазақ» мектептер болды [43]. 
Қазақстанға қадим – ескі әдісті діни мектептер жаңа әдісті жәдид /төте 
оқу/ мектептері ретінде қайта құрылуы қазақ балаларының ана тілінде білім 
алып, оқуы, әлем мен қоршаған ортаны қазақи дүниетаным негізінде ғылыми 
тұрғыдан танытып, тәрбиелеуін тереңдете түсті. Білім берудегі жаңа бағытта 
орын алған «төте жазу» атына ие болған ағым – «жадизм» деп түсіндірілді. 
«Жадизм» – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде жаңаша білім 
беруді ұстанатын әдіс, әр ұлттың балаларына өз ана тілінде білім алуын жүзеге 
асырушы, оқу-ағарту саласындағы үздік орын алған саяси-мәдени ағам ретінде 
мәнге ие болды.
Білім беру жүйесінде заман талабына сай мұсылмандық оқудың қайта 
құрылуы – «жәдидтік оқудың» күшейуі патшалық Ресей өкіметінің 
құрамындағы түркі тілдес халықтары арасында мұсылмандық дүниетаным 
мен ұлттық қозғалыстың өзегіне айналған мәдени ағартушылық сипатта 
дамып, олардың балаларының ана тілінде сауат ашып, білімді меңгеріп, 
ғылыммен айналысуына үлкен ықпал жасады. ХІХ ғасырдың соңында түркі 
тектес халықтары арасында мұсылмандық оқудың «жәдидтік» қозғалысының 
басында Қырым татары – Ысмаил Бек Гасперинский тұрды. Ол өзінің 
Бақшасарайдағы оқу-ағарту саласында татар балаларына жадидтік жолмен 
білім беру мен оқытудағы педагогикалық тәжірибе экспериментінің оң 
нәтижесін өзге түркі тілдес халықтар арасында тартуымен үлкен мәнге ие 
болды және оны қолдаушы әр ұлттың зиялы тұлғалары өз ұлтының тіліне 
икемдеп, оңтайлы пайдалану жолдарын жүзеге асыруды бастады. Татар 
оқымыстылары ұйымдастырған «Тәржіман», «Уақыт» газеттері мен 
баспаханалар, олар бастап берген жаңа әдістік оқыту - белгілі дәрежеде жалпы 
түркілік азаттық идеясының қайта жаңғыруына қызмет жасады», -деп М. 
Қойгелдиев баға берді [44]. 
Бұл жәдиттік оқу жүйесінің кең өріс алып, танымал болуына ықпал етті.
Осы негізден оқу-ағарту жүйесіне жаңаша міндеттер қойылып, 
жергілікті халықтар арасындағы ұлт бостандығына қол жеткізу және осы 
бағыттағы мақсаттарды шешу мәселелері қолға алынды:
1. Мектеп пен медреселердің мазмұндық құрылымын жаңаша құру 
арқылы жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу арқылы әрбір ұлт өзін сақтап 
қалу шараларын басшылыққа алу керектігі;
2. Мектеп, медреселерде діни сабақтармен бірге заманауи ғылымдары –
білім беретін пәндерді /математика, жағрафия, тарих, биология т.б./ оқыту; 
3.Мектеп, медреселерде білім беруді жәдидтік жүйемен ұйымдастыру, 
араб алфабитінің қаріптік таңбаларын әр ұлттың тіліне икемдеу арқылы жаңа 
«усул-жәдидке» көшуді басшылыққа алды.
Бұл мұсылмандық оқу жүйесінің мазмұны күрделі өзгеріске ұшырауы 
болып табылды, яғни, заман талабына сай, ескі қадими оқудан жаңа жәдидтік 
оқуға көшуі болды. Түркі тілдес халықтардың арасында бұл тұрғыдағы 
«жәдидтік» оқу жүйесінің өмірлік тәжірибеге ендірілуі мен қолдануы және
жүзеге асуы кең қолданыстар тапты. Осы негізде оқу-ағарту саласы 


18 
жұмысындағы қазақтар арасында «жәдидтік» оқуды жүзеге асырушы және 
көш басында – А. Байтұрсынов болды [45].
Ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту саласында жаңа бағатты жүйенің 
керектігін түсінген Ахмет Байтұрсынов өз кезегінде «Қазақша оқу жайынан» 
атты мақаласында: «Қазақ балаларының бір парасы орысша оқып жүрсе, бір 
парасы ескі молдалардан оқып жүр, бір парасы соңғы замандарда ғана жаңа 
жолмен оқи бастады… Ескі жолдың оқуын сөз қылып қозғамаймын. Бүгін бар, 
ертең жоқ болатын нәрсе. Дүние тегеріші кейін айналмайды. Ескі әлі-ақ тозып, 
жыртылып, пара-пара болып, тұтылудан шығады», - деп жазған болатын [46]. 
ХХ ғасырдың бірінші жартысында жаңа әдісті мектептердің құрылуын 
реттеу және жалпы орыстық, мемлекеттік оқу-ағарту саясатына сәйкес болуын 
ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды жүргізу үшін арнайы ережелерді 
қабылдаулар жүргізілді.
І. Жаңа әдісті «жәдидтік» мектептерге байланысты: 
1. Жаңа әдісті «жәдидтік» жүйедегі мектептердің ашылуына тек 
отарлаушы өкімет тағайындаған және оның өкілі болып табылатын халық 
училищелері инспекторларының рұқсаты керек; 
2. Жаңа ашылған мектептерде білім алатын оқушылар мен мұғалімдер 
рулас болулары қажет; 
3. Бұндай жүйедегі қалалық, ауылдық мектептерде балаларды оқытуда 
орыс тіліне енгізілу қарастырылған; 
4. Жадидтік бағыттағы мектептерді құрушы жеке тұлғалар оқу курсы 
бағдарламасын және оқытылатын пәндер тізімін көрсету керек болды; 
5. Осы аталған нұсқаудың жариялануы уақытынан бастап жаңа әдісті 
мектептер осы ережелерге бағынуға міндетті.
ІІ. Ескі әдісті «қадыми» мектептерге байланысты /мешіттерде немесе 
тек «Құран» негізінде шариғат негіздерін оқытатын мұғалімдері бар шектеулі 
оқу курсты мектептерге/:
1. Ескі әдісті «қадыми» мектептер училище инспекторларының 
қарамағандаға бақылауда болуы керек; 
2. Ескі әдісті «қадыми» мектептерде жаңа әдістік жүйеге негізделген 
білім беру бағдарламаларына рұқсат берілмейді, балаларға заман талабына 
сай, үйлесімді оқытқысы келген ата-аналар өкіметтің қарамағындағы орыс 
және орыс-қазақ мектептеріне орналастыруға міндетті
3. Бұл мектептерде білім алушы оқушылар мұғалімдермен рулас болуы 
тиіс, рулық жағынан жақын емес мұғалімдер жұмыстан босатылады.
4. Ескі әдісті және жаңа әдісті мектептерге байланысты орнатылған 
талаптарды орындамаған мектептер жабылады [47].
Сондай-ақ 
жеке 
ашылған, 
тіркеуден 
өтпеген 
мұсылмандық 
мектептеріне, яғни, оқу пәндерінің тізім мен атауын және бала саны жөнінде 
толық мәлімет бермеген мектептерді жабу, рұқсат бермеу [48]. Жалпы ережеде 
«Медресе және ескі әдісті мектептерді оқу ведмоствосының қарамағына 
бағындырып, испектордың ұсынысы мен рұқсаты берілгендерді сақтау, бірақ, 
жаңа әдіс негізіндегі білім беру бағдарламаны қолдануға рұсат бермеу керек», 
- деген [49]. 


19 
Бұл бағыттағы түрлі ереже, нұсқаулық құжаттарды мұсылмандық 
дүниетанымдағы тәрбие мен білім беретін ескі және жаңаша білім беруге 
негізделген мектептерге арнайы шығарудың себептері ХІХ ғасырдың 
ортасынан бастап ашылған орыс-қазақ мектептері отарлаушы елдің үмітін 
ақтамады, сондықтан кең сұранысқа ие болмады. Патша үкіметінің жергілікті 
халықтан орыс-қазақ және орыс-жергілікті мектептер арқылы өз отарлау 
саясатын жүргізушілерді дайындау мақсатына қол жеткізілген жоқ. Бұл 
мектептердің түлектерінің көпшілігі орыс тілінде оқып, патша әкімшілігінің 
отарлаушы саясатымен жақын танысып, заңсыз қысымға түскен халықтың 
мүдделерін қорғауға шықты, ал патшалық Ресейдің оқу-ағарту саласындағы 
саясатын терең түсінген жеке тұлғалар алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының 
қатарына кірді [50].
Қазақтың оқымысты тұлғалары жеке шығармашылық еңбектері арқылы 
халықты ана тілінде білім алуға, сол арқылы ұлттық сана-сезімін ояту, қазақ 
жеріндегі қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани-мәдени 
мәселелерді жаңаша қалыптастырып, дамытудың қажеттігін көтеріп отырды. 
Бұндай жұмыстарды жүзеге асырудың басты жолы қазақтар арасындағы 
ұйымдастырылатын оқу-ағарту қызметтерін заман сұранысының талабына 
үйлесімді құру және жүзеге асыру болды. Жастарды болашақ өмірге баулуда 
терең білім беріп, ғылым игерту басты мәселе болып табылады. Ал оның 
нақты және тура жолы мектеп пен медреселерде, басқада білім мен тәрбие 
беретін орта және жоғары сатылы оқу мекемелерінде жаңа білім беру жүйесіне 
нгегізделген әрі жаңа әдісті оқыту жүйесін енгізуді, өмірлік тәжірибеде 
пайдалануды басшылыққа алу болып табылды. Өйткені, қолданыста жүрген 
мұсылмандық мектептердегі ескі әдісті оқу жүйесі және орыстандыру саясаты 
негізінде құрылған орыс, орыс-қазақ /аралас/ мектептердің оқу 
бағдарламалары мен оқу пәндері және ондағы дүниетанымдық білімдер мен 
тәрбие бағыттары заман талабы мен қоғамдық, халықтың рухани 
қатынастардағы түсінігі мен шәкірттердің сұраныстырын қанағаттандыра 
алмады. Жаңа әдісті білім беру жүйесін қолдаушылар мектеп, медреселарде 
діни нанымдық түсінік беретін сабақтардан бөлек заманның озық үлгідегі 
ғылым негіздерін беретін білімдер жүйесін қамтығын түрлі оқу пәндерініңде 
/математика, жаратылыстану, жағрафия, тарих, тіл, әдебиет т.б./ жүргізуінің 
қажеттілігін басшылыққа алып отырды. 
Қазіргі «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық метептердің» бағыт-
бағдарын, құрылымын, өткені мен бүгінгісін және болашағын анықтап, ұлттық 
мектептерді бүгінгі күн талаптарына сай ұйымдастыру.
ХХ ғасырдың басында тарихи сахнаға шыққан ағартушылардың, 
педагогтар мен жазушылар буыны туралы ерекше атап айтқан дұрыс әрі қажет 
деп ойлаймыз. Олар қазақ халқының тарихи-мәдени өмірінде өзіндік із 
қалдырған, республикада халық ағарту ісі мен жоғары педагогикалық ұлттық 
мектепті қалыптастыруда және оның іргетасын қалауға белсене ат салысқан, 
жеке басқа табыну кезінде зорлық-зомбылық пен заңсыздықтың құрбаны 
болған, көп жылдар бойы есімдері ескерілмей келген халқымыздың адал 
перзенттері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, 


20 
Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллиннің т.б. педагогикалық мұрасының бүгінгі 
таңда ғылыми мәні орасан зор. Олардың шығармашылық мұралары тек 
тәуелсіздік алғаннан кейін халқымызға қайтарылып, осы бағытта еңбектер 
жазылып, кітаптар жарық көре бастады. Өйткені олардың барлығы өз жолын 
таңдап, адамзаттың дамуына септігін тигізген өз дәуірінің өкілі ретінде қазақ 
үшін аса қажетті болған ұлы жандар.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Республикамызда қазақ 
мектебінің негізін қалауда оқу ағарту ісін дамытқан қазақтың педагог және 
ойшыл ағартушылары Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов,
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ғ. Қарашев, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов, 
М. Шоқай т.б қазақ зиялыларының баға жетпес мұралары негізінде 
жеткіншектерді тәрбиелеу қазақ халқының болашағын қалыптастырушы күш 
деп білеміз [51].
«Рухани мәдениеттің бір белгісі – жұрт баласына жалпы оқу, газет, кітап 
оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп, адам баласына 
жақсылық ашу. Рухани мәдениет жолындағы алдыңғы басқыш-бастауыш 
мектеп…» - деп жазған болатын Ә. Бөкейханов [52].
Мұсылмандық мектеп пен медресе және түрлі типтегі оқу орындарының 
жаңа әдісті «жәдидтік» оқу жүйесіне өту қарқынының себептерінің негізі – 
заман талабынан туындаған мәселе екендігін толық түсінбеді немесе 
отаршылдық пен рухани басқыншылдық өмірде өздерін өркөкіректікпен 
жоғары бағалаудан шыққан мен-мендік түсініктің ықпалында болып, 
әлеуметтік-оқу-ағарту саласындағы кейінгі озық жаңалықтардан мақұрым 
қалғандықтарының себебі болды деуге болады. Мәселен, отарлаушы үкіметтің 
арнайы тыңшылық жасайтын бөлімдері «жәдидтік» жаңа оқу жүйесінде 
ашылған мектептердің себептерін – мұсылман дінін ұстаушы түркі елдердің 
өкілдерін, әсіресе, татарлардан көрді. Ал, негізінде бұл ұлттық сананың оянуы 
салдарынан пайда болған рухани төңкерістердің бейнесі екендігін түсінбеді. 
Бұл ХХ ғасырдың бас кезінде «педагогика саласында ұлт және ұлттық мектеп 
туралы идея өріс ала бастады» [53]. 
Сол уақыттағы жаңа әдісті «жадидтік» мектептердің жаппай қолдау 
тапқандығын және олардың көптеп ашылуына мән бермей оны жоққа 
шығаратын шешім-түсініктері қате болды. Себебі, қазақтардың жаппай білім
алуға деген сұраныс қажеттіліктері жыл санап өсе бастағаны және бұрынғы 
тар шеңберде білім беретін ескі «кадими» оқу жүйесіндегі мектептер мен 
орыстық дүниетанымдықты басым ұстанатын орыс, орыс-қазақ мектептері 
мен түрлі саладағы училищелер жергілікті халықтың әлеуметтік сұранысын 
толық қанағаттандыра алмады. Мысалы, «...соңғы он бес-жиырма жылғы 
уақыт ішінде байқалғаны жергілікті халық /мұсылман/ тұрғындарының білім 
алуға деген ұмтылысын тоқтату мүмкін емес. Оны өз қолымызға алып тиісті 
ағымына түсіру керек» - деген болатын [54]. Жоғарыдағы мұрағаттық 
деректердің мазмұндық мәніне ондағы мәліметтерге көңіл аударсақ, онда ХХ 
ғасырдың алғашқы он бес және жиырмасыншы жылдарындағы уақытта оқу-
ағарту саласындағы орын алған жайттарға куә боламыз. Бұнда патшалық 
Ресей өкіметінің орыстандыру саясаты аясында білім беру мен оқытуға құрған 


21 
орыс және орыс-қазақ мектептері мен өзге типті оқу мекемелерінің халық 
сенімінен шыға алмай дағдарысқа ұшырай бастағандығына көз жеткіземіз. 
Алғашқы жаңа әдістегі мектептер Орта Азияда және Қазақстанда ХІХ 
ғасырдың аяқ жағында ашыла бастады. Мұсылман халықтарының ескі оқу 
әдісін (усул-и кадми) жаңа оқу әдісіне (усул-и-джадид) көшіру ісі, бұл жаңа 
әдіс ислам мектептерінің оқу бағдарламасына енбей келген кейбір зайырлық 
пәндерді енгізді. ХХ ғасырда қазақ даласына оқу-ағарту саласы өз 
жаңалығымен аттағанды. Халыққа білім беру жүйесіндегі жаңа екпін, өзіндік 
ізі бар жаңашылдық ол – жаңа әдісті оқу-жүйесіндегі жәдидтік мектептердің 
халық өмірінен орын алып, араласуы еді. Бұл мектептердің жаңа әдісті 
жүйемен оқу жұмысын бастауы, мектеп құрылысындағы жаңа бағыт, 
түбегейлі өзгерістер жасаудың алғашқы бастамасы болды деуге болады. 
Себебі, бұндай мектептердегі оқу жұмысында мұсылмандық белгілерді сақтай 
отырып, сауат ашу әр ұлттың өзіндік ана тілінде болуы мен берілетін білім 
негіздері ғылыми шындық жүйесіне жанаса отырып, күрделене түсуінде еді. 
Оқу бағдарламаларының ауқымдылығы адам өміріне қажетті, заман талабына 
сай сұраныстарды қанағаттандыру бағытындағы білім түрлерінің кеңейуі 
мен жаңа пәндердің мектепте оқылуына әкелді. Бұндай жағдайды жәдидтік 
мектептер басшылыққа алды. «Жаңа мектеп ең алдымен пайдалы болуы тиіс. 
Онда ұсталынатын заңдар өмірде пайдалы, қолданылатын болуға тиіс». Яғни, 
жаңа әдіспен оқытатын мектептер ұйымдастырыла бастады. ХІХ ғасырдың 
аяғы, ХХ ғасырдың басында Қазақстанда қалың бұқараға білім беру 
конфессионалдық 
мектептер 
арқылы 
жүргізілді, 
жәдидшілдік 
ерекшеліктерімен реформаланды, сөйтіп мұсылмандық ағарту ісіне зайырлы 
оқу элементтерінің неғұрлым кеңінен енгізілуі, мәдени мұраға неғұрлым 
либералдық көзқарас, сонымен бірге неғұрлым ауқымды ғылыми-
дүниетанымдық бағдар алу М.И. Ильминскийдің ресми мектебі тарапынан 
өршеленген қарсы әрекет туғызды. Ол: «Бақшасарайда И. Гасперинский 
біріншіден, Ресей империясының мұсылман бодандары арасында 
мұсылмандық негізде еуропалық оқу ағарту таратуды, мұсылмандық 
мұраттарды еуропалық білім беру арқылы қолдау, екіншіден, Ресейдегі 
барлық сан миллиондаған ала-құла және әр түрлі тілдегі мұсылман халқын 
біріктіру мен топтастыру мақсатын көздеп отыр».
И. Ильминский мектебі жәдидтік реформаны өте қауіпті деп білді. Ол 
бұратаналар ортасына империяда жалпы қабылданған мұсылманша білім 
беруге қарама-қарсы идеялар мен әдістерінің енгізілуінен қауіптенді. Өйткен, 
осы кезеңде Ресейдің отарындағы өзге халықтар арасында ұлттық сананың 
оянуы кең өріс алып, әр ұлттың бала оқытуға өз мектебі болып, діни біліммен 
бірге дүниені ғылыми негізде танытып оқытатын пәндер тізбегі анықталып 
жаңа оқу жүктемесіне, яғни, жәдидтікке бағытталған мектептер ашылды [55].
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласындағы мектеп жүйелерінің 
мазмұндық құрылысы жаңаша сипатқа ие бола бастады. Оған негізгі себептері: 
біріншіден, қазақтарды орыстандыру мақсатындағы патша өкіметінің 
саясатын жүзеге асырушы құрал болып табылатын орыс, орыс-қазақ 
мектептерінің ықпалының төмендеуі, жергілікті халықтың сенімінен айырылу 


22 
болса, екіншіден, қазақ даласындағы араб тілінде білім беретін ескі (қадими) 
жүйедегі мектептердің жаңаша білім беретін жадидтік жүйеге ауысуы, 
үшіншіден, жаңа жадидтік жүйедегі мектептер негізінде қазақ ұлттық 
мектептердің қалыптасуы мен дамуының қарқындылығы болса, кейінен осы 
кезеңдегі қоғамдық құрылымның төңкеріске түсуі – капиталистік жүйеден 
социалистік жүйеге өту барысындағы кеңестік білім беру жүйесінің орын алуы 
мен дамуы төртінші себеп ретінде қарастыруға болады.
Сол кездегі қазақтың зиялы қауым өкілдері халыққа жаңа мазмұнда 
білім мен тәрбие беру мәселелеріне ерекше мән берді. Отарлаушы үкіметтің 
жергілікті халық үшін оқу-ағарту саласы бойынша шығарған заңдары мен 
ереже, нұсқауларының мазмұны қазақ ұлттың мүддесіне сай және үйлесімді 
болуы керек жайындағы жеке ой-пікірлерін нақты білдіріп отырды. Уақыт 
талабына сай жәдидтік мектептердің саны жыл өткен сайын көбейе берді. 
Қазақ өлкесіндегі жәдидтік мектептерге түркі мұсылман халықтарының 
балаларымен бірге қазақ шәкірттерінің де саны арта түсті. Сонымен бірге, 
қазақ даласында көптеген төте оқу жолымен білім беретін көшпелі 
мектептерін пайда болып, қазақ балаларына ғылыми-танымдық бағыттағы 
білімдерді игеруіне ықпалын тигізді. Қазақ даласында бұндай «жадидтік» 
оқыту жүйесіндегі көшпелі мектептердің кең қолданысқа ие болуына 
байланысты, қазақтарды орыстандыру бағытында жұмыс жасау үшін 
құрылған орыс және орыс-қазақ мектептеріндегі білім алушы қазақ балалары
оларды тастап, төте оқу жүйесіндегі мектептерге ауысулары жиілеген 
болатын. 
Яғни, бұл типтегі бастауыш мектептердің халық арасындағы сұранысы 
арта түскендігін білдіреді. Және бұл уақытта қазақтың ұлы ғалымы, тілші-
әдіскер, педагог, Ахмет Байтұрсынов қолданыста жүрген арап қаріптерін 
қазақтың болмысына икемдеп, қазақ балаларының бастауыш мектептерде ана 
тілінде білім алуына мүмкіндіктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу 
барысындағы жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Себебі ғалым, қазақ 
балаларының білім алу мен оқуда дүниетанымының дұрыс қалыптасып 
дамуының өзегі – оларды ана тілінде оқыту және оған лайықты қазақ тілінде 
оқу құралдарын жазу, ол үшін қолданыста жүрген арап таңбасындағы жазу 
қаріптерінің жүйесін қазақ тілінің заңдылық ереже жүйесіне мысалы, 
дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру арқылы тілімізде қандай және қанша 
дыбыстар бар екенін аша отырып, соларға үйлесімді әріп таңбаларын 
айқындау қажет деп – реформалауды ұсынып қазақтың төл қарпін жасауды 
мақсат етті. Бұл – араб қарпінің таңбалану жүйесін қазақ тілінің дыбыстық 
жүйесіне сәйкестендіріп қолдануды басшылыққа алған алғашқы ғылыми пікір 
болды. А. Байтұрсыновтың сол уақытта қазақ тіліндегі дыбыстарды анықтап, 
жүйелеуі қазақтар арасында жаңа «жәдиттік» оқу жүйесінің негізін қалады. 
Бұл қоғамдағы халықтың, әлеуметтік сұраныс-талаптарын қанағаттандыратын 
жаңашыл педагогикалық жүйе ретінде орын алып, танымалдыққа ие болды. 
«Жәдидтік» жаңа оқу жүйесі негізіндегі қалыптасқан төте оқыту қоғамда 
қалыптасқан ескі «қадими» және патша үкіметінің орыстан өзге халықтарды 
орыстандыру бағытын ұстанған отарлау саясатының аясында құрылған 


23 
миссионерлік педагогика жүйесіне қарсы рухани-идеялық күшке айналды 
деуге болады. Яғни, оқу-ағарту саласындағы бұл өзгеріс мектептердегі 
оқытуды жаңа ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарауға мәжбүр еткен жаңашыл 
педагогикалық жүйе болып енді және қазақ ұлттық бастауыш мектептерінің 
ірге тасының қалануына ұйтқы болған құбылыс ретінде тарихи мәнге ие 
болды. А. Байтұрсыновтың реформалауымен жасалған араб қарпінің 
негізіндегі қазақтың төлтума әліппесі дүниеге келді, бұл қазақтың төте жазуы 
ретінде өмірлік тәжірибеге еніп тек латын қарпінің жазуына көшкенге дейін 
қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылды [56].
А. Байтұрсынов түзген жаңа қаріптік таңба және оның негізінде 
жазылған әліппе – «қазақ жазуы» деген атпен жалпы халықтық қолданысқа ие 
болуы 1915 жылдан басталады. 
«Қазақ жазуы» қазақ даласындағы мектептердің мазмұндық құрылымын 
өзгертіп, қазақ мектептеріндегі білім мен тәрбие берудің жүйесін ұлттық 
болмыстық таным аясында жаңаша құруға алып келді.
Жазу-оқу таңба қарпіне реформа жасау, қазақ мектептеріне арналған 
білім беру бағдарламалары мен оқулықтар жазуға, жаңа педагогикалық жүйеге 
үйлесімді оқу-тәрбие жұмысын бағдарлау, қазақи ұлттық таным негізінде 
тәрбие беру, яғни, қазақ балалары үшін жаңа мазмұнды мектеп құру 
мәселелерін күн тәртібіне қойды. Қазақ зиялыларының оқу-ағарту саласына 
бағыттап жазған еңбектерінде әлеумет, халықтық рух, ұлттық болмыс 
мәселелері бірінші орында тұрғаны анық. Ағартушылық пен мәдениет, ғылым 
саласының өрісін кеңейтуде және ұлтты сауаттандырудағы оқу-ағарту ісінің 
кемшіліктерін жою бағытында ғылыми ізденістері көреміз. Қазіргі уақытқа 
дейін сол кездегі қазақ зиялыларының ғылыми шығармашылық еңбектерінің 
жоғары бағалануы – ғылымның алдыңғы қатарлы озық үлгілерінен білім 
беруді жүзеге асыру және білім қорын үнемі толықтырып отыру қағидаттарын 
басшылыққа алуында деп санаймыз.
Қазақ даласындағы оқу-ағарту жұмыстарының өзекті мәселелерін қазақ 
зиялылары өз кезеңіндегі бұқаралық ақпараттар құралдарында яғни, газет, 
журнал беттерінде үнемі жариялып, салалық барушы әкімшіліктерге 
пікірлерін білдіріп, осы саланы дамытуға және оған ерекше назар аудару 
керектігін айтып отырған. Бұндағы өзекті мәселелер ретінде біріншіден, қазақ 
бастауыш мектептерінің аздығын, екіншіден, қазақ мектептеріне арналған 
бағдарламалар мен оқулықтар және оқу кітаптарын баспадан шығару, 
үшіншіден, оларға білімді, арнайы даярланған жеке пән мұғалімдерінің 
қажеттілігі және олардың жетіспеушілігі, төртіншіден, заманауи білмді 
меңгеретін мұғалімдер даярлайтын оқу орынының қажеттілігін жүзеге 
асыруды талап етіп отырды.
ХХ ғасырдың бас кезі өзінің мемлекеттік қоғамының түрлі өзгерістерге 
ұшырауымен тарих қойнауынан өз еншісін алатыны анық. Бұл бастауы 
Ресейден тартқан үлкен державалық патша үкіметінің күйреуі оның орнына 
«жұмысшы табының ұйымдасыумен» құрылған жаңа ұранды, жаңа бағытты 
ұстанған кеңес үкіметінің орнығуы еді. Бүкіл әлемді дүрліктіріп орныққан 
кеңес үкіметі қазақ даласына да келгені анық. 1917 жылдың күзінде болған 


24 
өкіметтегі төңкерістер қазақтың зиялы қауымына да өзіндік ықпалдарын 
тигізді. Себебі, бұрынғы қоғамдық құрылымның орнына өзге қоғамдық 
құрылым пайда болды. Мемлекеттік құрылым жүйесі түбегейлі өзгерістерге 
ұшырап, жаңа қоғамдық құрылымдарды құру, жаңа бетбұрыс жасау идеялары 
орын алған тарихи кезеңдер келді. Осы уақытта яғни, 1917 жылы 20-23 мамыр 
аралығында Ташкент қаласында өткізілген мұсылман мұғалімдері съездіндегі 
халық-ағарту мәселесі бойынша ұлттық жүйе құру шешімдерін қабылданды. 
Съезге қатысушы жергілікті халықтың мұғалім өкілдері мектептердегі білім 
беру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастыру шәкірттердің ана тілінде жүргізу 
жайында болу керектігін анықтап, бекітті. Съезд шешімінде қарастырылған 
тағы бір мәселенің бірі ол – білім берудің өзара бірлік сабақтастығын 
басшылыққа алу болды. Соның негізінен мектептік білім беру жүйесі үш 
сатыдан тұратынын анықталды: бастауыш мектепте білім алу 6 жыл болып 
белгіленді, онда тегін білім берілетін болды; Мектептер мемлекет, земстволық 
және қалалық өзін-өзі басқару ұйымдар тарапынан қаржыландырылатындығы 
келісіліп, шешілді; бастауыш білім алу жалпыға бірдей және міндеттілігі 
жарияланды [57]. 
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін қарашаның 9-ыншы жұлдызында 
РСФСР Халық Комиссарлары Советінің «Халық ағарту істерінің мемлекеттік 
комиссиясын құру туралы» декрет жарияланды. Осы жылдың 11-ші 
қарашасында Кеңес Үкіметі атынан азаматтарды халық ағартудың жаңа 
жүйесінің негізгі қағидалық ұстанымдары белгіленді. Бұлар:

мектептер ашу, халықты қысқа мерзім ішінде толық сауаттандыру; 

азаматтық білім беріп, ғылыми дүнитаным қалыптастыратын бір 
текті мектептерді құру; 

жалпы халыққа міндетті және тегін оқытуды енгізу; 

басты мәселелердің бірі – бастауыш мектеп мұғалімдердінің 
әлеуметтік жағдайын көтеруді қарастыру; 

жаңа мазмұндағы мектептерге мұғалімдерді даярлап шығаратын 
педагогика оқу орындарын ашу; 

халық ағарту ісіне бюджеттен жеткілікті қаржы бөлу; 

мәдени-ағарту жұмысының аясын кеңейту арқылы ересек 
адамдарды сауаттандыратын мектептерді ашу [58]. 
1917 жылдың желтоқсан айының 15 жұлдызында Кеңес үкіметі «Тәрбие 
және білім беру ісін халық ағарту Комиссариатының қарамағына беру» 
жайында қаулы қабылдады. Бұнда діни мекмелердің қарамағындағы барлық 
оқу орындары, соның ішінде бастауыш мектептер өздерінің бар мүлкімен 
халық ағарту Комиссариатының қарамағына өтті [59]. 
1918 жылдың мамыр айының 31-ші жұлдызында Халық ағарту 
комиссариаты ер балалар мен қыз балаларды бірге оқыту туралы қаулы 
жариялады. Бұл ұлттық шет аймақ халықтары үшін маңызды оқиға болды [5; 
-51 б.]. 
1918 жылдың қыркүйек айының 30-шы жұлдызында бүкіл РСФСР 
аумағындағы мектептерге арналған «Бірыңғай еңбек мектебі» жөніндегі ереже 
қабылданды. Ереже бойынша:


25 

ереже қабылданған күннен бастап барлық мектептер «Біріңғай 
еңбек мектебі» болып аталды; 

барлық мектептер халық ағарту комиссариатының құзырына өтті; 

мектеп екі сатылы болды (біріншісі – 5 жылдық 8-13 жастағы 
балаларға арналған. Екіншісі – 4 жылдық 13-17 жыстағыларға арналған); 

мектептен білім алу тегін; 

ұл мен қыз баланы бірге оқыту; 

діннен сабақ беруді тоқтату т.б. мәселелер қарастырылған [60]. 
Қабылданған ереженің негізінде 1918 жылдың қазан айының 16-шы 
жұлдызында тағы екі құжат жарияланды: Біріншісі, «РСФСР-дің біріңғай 
мектебі туралы ереже» және екіншісі, оқу-ағарту істер Мемлекеттік 
комиссиясының «Біріңғай еңбек мектебінің негізі принциптері» декларациясы 
болды. Бұл құжаттарда кеңестік еңбек мектебінің негізгі ұстанымдық 
қағидалық бағытыттары мен ұйымдастыру негіздері көрсетілді. 
Халық ағарту мәселелері туралы Кеңес үкіметі қабылданған нұсқаулық 
ережелер бір бағытқа сәйкестендірілді. Бұл нұсқаулық ережелерде мектептің 
мазмұндық құрылымы мен міндеттерін және кеңес мектебіндегі оқу-тәрбие 
жұмысын ұйымдастырудың жүйесін анықтап, бекітті; 

бастауыш мектеп, гимназия, реалді училище т.б. бөлу қысқарту; 

олардың орнына екі сатылы біртұтас еңбек мектебін енгізу; 

бірінші саты – 8-13 жастағы балалар үшін, оқу - 5 жыл; 

9 жылдық оқу мерзімін белгілеу; 

ер балалар мен қыз балалар тегін оқыту; 

мектеп жасындағы балаларды міндетті оқыту; 

мектепте политехникалық білім беру; 

жоғары сынып оқушыларын шеберханада, фабрикада, зауыттарда, 
өндірістік шаруашылықтармен байланыстыра оқыту, еңбекке баулу; 

мектептің адамның еңбек өмірі мен байланысын арттыру; 

оқушылардың ізденушілік және шығармашылық әрекеттерін 
арттыру; 

мектеп ауласында тәжірибе жүргізетін егіндік жер телімдерін 
ұйымдастыру; 

мектепте дін сабағын жүргізуді тоқтату; 

оқушыларды жазалауға жол бермеу; 

оқушылар өз әректтерін басқаруға мүмкіндік алу, үйрену; 

оқушыларға жан-жақты тәлім-тәрбие беру, түрлі іс-шараларға 
қатыстыру т.б. мәселелер [5, 61]. Бұл мазмұндағы құжаттар Қазақ АКСР-на 
1920 жылдан бастап күшіне ене бастады.
1918 жылдың қазан айының 31-ші жұлдызында РСФСР Халық 
комиссариаты «Аз ұлттардың мектептері туралы» қаулы қабылдады. Бұнда 
кеңестік үкіметінің құрамына енетін барлық ұлттарға өздерінің ана тілінде 
оқытатын екі басқышты бірыңғай еңбек мектептері мен жоғары оқу 
орындарын ашуға құқық берілді [5]. 
Қабылданған құжат Қазақ АКСР-ның құрамындағы қазақ, орыс, ұйғыр, 
өзбек, қырғыз, тәжік, татар халықтарының бірыңғай еңбек мектебін дамыту 


26 
жұмыстарына мүмкіндік ашып, үлкен ықпал жасады. Қаулыға сай Орталық 
Атқару Комитеті мектептерде оқытуды ана тіліне көшіруді басшылыққа алды. 
Осы жылдың қараша айында «Түркістан мектептерінің құрылымы туралы 
ереже» жасалды. Бұл жасалған ережеде «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі 
принциптері» деген декларацияны басшылыққа ала отырып ұл балалар мен 
қыз балаларды бірге оқытуды ұйымдастыру мәселелерін Түркістан өлкесінде 
жүзеге асыру жолдары қарастырылды [62,61]. 
Қабылданған құжаттар негізінде барлық аймақтарда біртұтас еңбек 
мектептерін ашу туралы құқық берілді. Және мектепте оқытылатын пәндердің 
тізбегі мен мазмұндық жүйе-құрылымдарына да өзгерісте енгені анық. 
Мәселен, қазақ мектептерінде ана тілінен бастап орыс тілін, сондай-ақ 
арифметика, география, тарих, жаратылстану, сурет, ән-күй, т.б. пәндерді 
жүргізу және жаңа мазмұндағы сабақтар өтіле бастады. Қазақстанның 
Орталық, Солтүстік, Шығыс және Бастық кейбір аймақтарында жаңа 
мазмұнды қазақ мектептерімен қоса қазақ-орыс мектептері жиі ашыла 
бастады. Ал, Қазақстанның Оңтүстік облыстық аймағына енетін елді 
мекендерде қазақ, қазақ-орыс мектептермен қатар өзбек, ұйғыр мектептері де 
ашылды. 
1918 жылы Ташкентте халыққа білім беру жөніндегі Бүкілресейлік 
съездің шешімдерін жете талқылап, Түркістан өлкесінің халыққа білім беру 
қызметкерлерінің съезі де өтті. Бұл негізінен орыс-қазақ 4 жылдық мектеп 
мұғалімдерінің бастары қосылған жиын болды. Съезде ресейлік – орыс тілінде 
жазылып, дайындалған оқу жоспары мен бағдарламаларын қолдады, жақтады 
және осының негізінде оқулықтарды мазмұндық тұрғыдан жаңарту қажетігі 
жайында басым пікірлер айтылды [61,62]. 
1919 жылдың наурыз айының 18-23-ші жұлдызы аралығында VІІІ съезд 
өтіп Коммунистік партияның болашаққа арналған бағдарламасы мақұлданып, 
1917 жылғы оқу-ағарту жұмыстарына байланысты жолданған үндеуге және 
1918 жылғы декларацияны басшылыққа ала отырып бірқатар міндеттер 
анықталып, белгіленген болатын. Онда: 

17 жасқа дейін балаларды тегін және міндетті оқыту мен жалпы
политехникалық білім беруді ұйымдастыру; 

балабақшалар ашу, балаларға қоғамдық тәрбие беруді жүзеге 
асыру; 

жас балалы аналарға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасау; 

тәрбиеленушілерді мектепке дайындау; 

балаларды ана тілінде оқыту, бірыңғай еңбек мектебі принципін 
өмірлік тәжірибеде жүзеге асыру; 

мектепті діннен бөлу, дін сабағы жалпы мектепке жүргізуді 
тоқтату; 

барлық оқушыларды тамақпен, аяқ киіммен және оқу 
құралдарымен мемлекет есебінен қамтамасыз ету; 

коммунизм идеясын басшылыққа ұстанатын жаңа қоғамдық 
жүйенің өзегі болатын мұғалімдер дайындау; 


27 

мектептерді коммунистік идея берік ұстанатын мамандармен 
толықтыру және қамтамасыз ету; 

жұмысшы-шаруа тобының өкілдерін өздігінен білім алуға 
ынталандыру, көмектесу; 

ересектер үшін сауаттандыру мектептер мен кітапханалар ашу 
және мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысын жүйелеу, жетілдіру; 

17 жастан кәсіби білімге тарту, мамандық игеруге бейімдеу, баулу; 

жұмысшы-шаруа тобынан шыққан жастарға жоғары оқу 
орындарында білім алуына толық мүмкіндік жасау т.б. [63,64,65]. 
Осы 1919 жылдың наурыз айының 18-23-ші жұлдызы аралығында 
партияның VІІІ съезінде қабылданған бағдарлама нәтижесінде мектептердің, 
балабақшалардың саны өсіп және оқушылар мен балалардың да саны артты. 
Мысалы, Қазақ жерінде 1914-1915 оқу жылдарында 2006 орыс-қазақ 
бастауыш мектептерінде 105 мың оқушы оқып, білім алды. 1920-1921 
жылдары 2410, бастауыш мектепте 144002 оқушыға жетті. Бұл алдыңғы 
жылдармен салыстарғанда мектептер 299-ға өсіп, оқушылардың саны 39 
мыңға артты [66]. 
Жалпы қазақ съезі 1917 жылдың шілде айының 21 жұлдызы мен 26 
жұлдызы аралығында Орынборда өткен болатын. Съезде Ақмола, Семей, 
Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының өкілдері болды. 
Съезд председателі Халел Досмұхамедов. Председателдің серіктері;
А. Байтұрсынов, А. Көтібаров. Секреторы: М. Дулатов, А. Сейітов. Съездің 
бағдарламасында қаралып қаулы еткен мәселелердің бірі: Оқу мәселесі. Съезд 
қаулысында: І. Жалпы міндет. 1.Бастауыш оқу аса қажет. 2. Бастапқы екі 
жылда оқу баланың ана тілінде болсын. 3. Мектеп кітаптары болсын, өзге 
баспасөздер болсын, бәрі де «Қазақ емлесінен жазылсын» - деп бекіткен 
болатын. 1917 жылғы «Қазақ» газетінің 21 қарашадағы номерінде «Алаш» 
партиясы бағдарламасының жобасы ұсынылды. Сол бағдарламаның ІХ-
бабында: «ғылым, білім, үйрету; халыққа білім беру бүкіл халықтың байлығы 
ретінде тану. Оқу орындарының барлық түрлерінде білім беру тегін болу. 
Бастауыш мектептерде оқытуды ана тілінде жүргізу. Қазақтардың ана тілінде 
орта оқу орындары, университеттері болуы тиіс. Оқу орындары оқу ісіне 
өкімет араласпау, ел ішіне кітапханалар ашу

...» [67].
Жаңа қоғамдағы халыққа білім беру ісінде оқу-ағарту жұмыстарын жаңа 
жүйеге үйлесімді етіп құру жағдайында мектептің мазмұндық құрылымдары 
мен сатылық жүйесін қайта қарау және анықтау басты міндеттердің бірі 
болғандығы анық. Социалистік жүйедегі кеңес үкіметінің алғашқы күннен 
халыққа білім беру ісін жаңа қоғам мүддесіне лайықты етіп құру басшылыққа 
алынды. «Бастауыш мектеп – білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. 1917 
жылға дейін Қазақстандағы білім берудің бағыттанына сәйкес бастауыш 
мектептердің құрылымдық жүйесі әртүрлі болды. ...Олардағы оқу мерзімі 1-2, 
3-4, 5-6 жылдық еді. 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Кеңес Одағы 
елдерінде жаппай міндетті бастауыш білім беру ісі қолға алынды. 1919 
жылдан жұмыс істеген 2-3 жылдық бастауыш мектептер 1941 жылдан 4 
жылдық болып өзгерді. .... Сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға 


28 
байланысты халықтың көпшілігі үшін бастауыш мектептегі білім беру 
жүйесінің алғашқы әрі соңғы сатысы ретінде қызмет етті» [68].
Халықтың кең колдауына ие болу үшін оқу-ағарту жұмысын жаңа 
жүйеде құру арқылы білім беруді ұйымдастыру маңызды әлеуметтік шара 
ретінде большевиктер түсінді. Оқу-ағарту жұмыстарының жаңа мемлекеттік 
құрылымға үйлесімді құру және саяси-идеологиялық жолда мектептің жаңа 
қоғам үшін маңыздылығын ескеріп, 1917 жылдың қараша айының 9-шы 
жұлдызында «Мемлекеттік білім беру комиссиясын» құру жайындағы жарлық 
шығарып, бекіту арқылы халықтық білім беруді жалпы басқару және 
халықтық білім беру туралы заң жобаларын әзірлеу тапсырылды [69].
Халық ағарту бөлімдері кеңестік атқару комитеттерінің құрамынан жаңа 
қоғамдық құрылымға негізделе отырып қайта құрылды. Халық ағарту 
бөлімдерінің жұмыс мазмұнына мәдени-ағарту бағыттағы оқу-тәрбие 
жұмыстарының жаңаша міндеттерін жүзеге асыра отырып социалистік 
қоғамды құру мақсатында халықтың сауаттылығын арттыру, мектеп ісі, 
мектептен тыс білім беру мекемелері мен жаңа иедеологиялық бағытта үгіт-
насихат пен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, ұштастыру болды. 
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қолға алынған мәселелердің бірі 
- сауатсыздықты жою болды. Сол себептен де 1918 жылы қыркүйек айында 
Бүкіл Кеңестік халық комиссарлары құрамындағы ұлттар халық-ағарту 
комиссариатының қазақ бөлімі мұғалімдерінің бірінші съезі шақырған 
болатын. Бұл 1918 жылғы шақырылған съезде «Шіркеуді мемлекеттен және 
мектепті шіркеуден айыру туралы» декрет қабылданды: «Мектеп шіркеуден 
бөлу. Жалпы білім беретін пәндер оқытылатын барлық мемлекеттік және 
қоғамдық мектептерде мен жекеменшік оқу орындарында діни нанымдық-
сенімдерді оқытуды тоқтату». Осыған орай 1918 жылдың қаңтар айының 21-
ші жұлдызында «Шіркеуді мемлекеттен және мектептерді шіркеуден бөлу» 
туралы қабылданған декрет мектептердегі діни-танымдық білім негіздерін 
оқытудан бас тарту жүзеге асырылып, азаматтық білім беру жүйесі жалпы 
білім беретін мектептерде толық ендірілуі бастау алған кезең болды [70]. 
Шіркеулер мен мешіттер және осы жүйені ұстанатын басқа да мекемелер 
жабылып діни-танымдық білім беретін мектептер өз жұмыстарын тоқтатты. 
Халықты діни-танымдық болмысынан айыру жайындағы жұмыстар жүзеге 
асырыла бастады. Осы қабылданған декрет аясында жаңа мазмұнға ие болған 
кеңестік жүйеге негізделген мектептер құрыла бастады. Бұл бағыттағы 
жұмыстарды жүргізуге әр өлке өз құжаттарын жасады. Мәселен, 1918 жылы 
наурызда Түркістан өлкесінің Халық кеңесінің өзінің декретін жариялап, 
Түркістан өлкесінде халыққа білім берудің өлкелік кеңесін ұйымдастырып, 
халық ағарту жұмыстарын жүзеге асырудың жоспарын құрды [61]. 
Қазақ шәкірттері үшін ауылдық және болыстық ұлттық мектептер құру 
және ондағы оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа қоғамдық құрылымның жаңа 
принциптеріне үйлесімді ұйымдастыру, мектеп жанынан балалар үшін 
жатақхана, демалыс үйлері мен лагерлер, кітапхана т.б. оқушылардың жетік 
білім алуы үшін толық жағдай жасау мәселелері де қарастырылып, 


29 
талқыланды. Мұғалімдер даярлайтын семинариясын ашу, мектептен тыс білім 
беру мекемелерін ұйымдастыру туралы пікірлер айтылған.
Съезд қаулысында: 
- РСФСР Ұлттық Халық комиссариатының қазақ бөлімін Бөкей 
бөлімшесіне бағындыру және мектеп ісіне дін қызметкерлерінің арласпауы; 
- Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру енгізу. Мектепте бала 
саны 50 болатын жаңадан 550 ұлттық мектеп ашу. 1918 жылы ашылатын 
мектептерге қаржы бөлу және оған 3 адамнан тұратын /С. Меңдешов, Г. 
Бегалиев, т.б./ комиссия құру, оның 90-ын осы жылы ашу;
- 1918 жылдың қыркүйек айының 23 жұлдызына дейін 6 апталық 
мұғалімдер курсын өткізу /50 мұғалім/ үшін лекторларды шақыру;
- Қазақ ұлттық мектетептері үшін оқу бағдарламалары, оқулықтар мен 
оқу құралдарын жазуды қолға алу және оған 4 адамнан тұратын комиссия 
құру;
- Мектептерде оқыту жұмысын ұйымдастыруға қолданатын техникалық 
көрнекі құрал ретінде - 2 кинемотограф алу және оларды жылжымалы түрде 
пайдалану; 
- Далада 30 жылжымалы кітапхана – оқу залы ашылсын;
- Мұғалімдер үшін журнал шығарылсын, т.б. с.с. [71].
Кеңестік қоғам құрылымының қалыптасу кезеңдерінде қазақ зиялылары 
жалпы заңға бағына отырып бірыңғай оқу-ағарту жүйесінде қазақ 
мектептерінің қалыптасу жүйесінің дербес мектеп түрі – «ұлттық мектеп» 
құру және ашу мәселелерін басты міндеттердің бірі ретінде қарастырғандығы 
анық. Жаңа жүйеде қазақтар арасында құрылып жатқан мектептер 
ұйымдастырушылық және құрылымдық жағынан бір тектілікке жақын 
келгенімен де қазақ мектептері үшін жазылатын оқу жоспарлары мен 
бағдарламаларының ерекшелігі – ана тілін /қазақ тілін/ білім мен тәрбиенің 
басты тілі және құралы ретінде басшылыққа алу. Себебі, қазақ мектептеріндегі 
педагогикалық процесті ана тілінде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың басты 
ұстанымында білім беру мазмұнында ұлттық салт-сана мен мәдениеттің 
негіздерін кеңінен қолдануын жүзеге асыру. Ұлттық болмысты бейнелейтін 
қазақи салт-дәстүрлер мен ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылық 
мәдениеттің негіздерін дидактикалық оқу материалдары ретінде пайдалануды 
талдап, сұрыптап, жүйелеу. Ондағы оқытудың мақсаттарын ұлттық тәрбие 
берудің бағыттарымен сабақтастыру арқылы білім беруді ұйымдастыру мен 
жүзеге асыруда біртұтастық байланыста іске асыру керектігіне мән 
берілгендігін көреміз.
Халық-ағарту жұмыстарын жаңа жүйе бойынша дұрыс жолға қойып 
дамыту үшін басты қажеттіліктердің бірі – кәсіби мұғалім мамандарын 
дайындау және қайта даярлау болды. Өйткені, жаңа қоғамдық жүйенің 
сұраныс-талаптарына және ондағы оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұндық 
ерекшелігін басшылыққа алатын ғылыми-әдістемелік дайындығы бар 
мұғалімдер тапшы болды. Арнайы дайындығы жоқ мұғалімдерсіз социалистік 
құрылымдағы кеңес қоғамына негізделген мектептерді құру жүзеге 
аспайтындығы анық. Келесі бір себеп – азаматтық соғыстың өріс алуы еді. 


30 
Бұндай қоғамдық әлеуметтік жағдаяттар Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 
мектептердегі білім беру мен оқыту жұмыстарына кері әсерлерін тигізгендігі 
анық. Мәселен, «1918-1919 оқу жылында осы аймақта (Семей) 154 орыс 
мектебі, 125 ауыл мектебі және орыс-қазақ мектебі /училищесі/ - барлығы 279 
мектеп жұмыс істеген. Ал, 1919-1920 оқу жылының басында 89 мектеп жұмыс 
жасаған [71].
1919 жылдың қаңтар айында шақырылған мұғалімдердің екінші съезінде 
білім беру мен оқытуды заманауи талаптарға сай ұйымдастыру бағытында 
материалдық техникалық базасын жетілдіру, мұғалім мамандардың кәсіби 
мүмкіндіктерін арттыру, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жаңаша дамыту 
арқылы сауатсыздықпен күресті жүзеге асыру мәселелері кеңінен 
қарастырылды.
1920 жылы сауатсыздықпен күрес жұмыстарын нәтижесі оң бола 
бастады. Бұндай жетістікке негіз болған ол: Халық Комиссарлары Кеңесінің 
1919 жылғы желтоқсан айының 26 жұлдызында мақұлдап, қабылдағын 
«РСФСР халықтары арасындағы сауатсыздықты жою туралы» декреті болды. 
Декретте 8 жастаға балалар мен 50 жасқа кірген ересек адамдар арасындағы 
сауатсыздықты қазақ тілінде немесе орыс тілінде мемлекеттік мектептер 
арқылы жою және жазу-оқуға үйретуді жүзеге асыру мәселесі қарастырылып, 
бекітілген болатын. Сондай-ақ, декретте төмендегі қағидаларды басшылыққа 
алып жұмыс жүргізуді ұсынған: «32 әріпті танитыны, 20 әріпті танитынды, 20 
әріп танитыны 10 әріп танитынды, ал 10 әріп танитыны әріп танымайтынды 
оқытсын» деген өсиетін басшылыққа алуда. Бұндай жұмыстардың 
ұйымдастырылуы мен жүргізуілуін және уақытын жергілікті Кеңестер 
құзырына берді. Халық ағарту комиссариатының келісімен жергілікті басқару 
Кеңес органдары жаңаша хат танитын адамдарды сауатсыздықты жою 
жұмысына тартты [72,73].
Халықтың мүддесі үшін жаңа қоғамдық бағытта жаңаша хат танып, 
жазу-оқуды үйрету жұмыстарын реттеуге – Халық ағарту комиссариаты мен 
жергілікті кеңестік басқару әкімшілігінің арнайы бұйрық немесе 
нұсқаулықтарын және мемлекеттік деңгейдегі құжаттарды басшылыққа 
алғандығы негіз болады. Ал бұндай күрделі және идеологиялық маңызға ие 
жұмыстарды өмірлік тәжірибеде жүзеге асырушылар – халық ағарту 
саласында қызмет атқарған қазақтың көрнекті зиялы қауымы еді.
Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстың нәтижелі болуына жергілікті 
халықтың түсінушілік қалауы мен білім алуға деген өзіндік ниет-көңілдерінің 
болуыда ерекше орын мәнге ие болды. Мәселен, Ә. Сембаев: «Бір ғана Темір 
уезінің өзінде не бары бір айдың ішінде 1920 жылғы қаңтарда – халықтың 
өзінің бастауымен 40 шамалы мектеп ашылған екен», - деп келтіреді 
зерттеулерінде [5]. 
1920 жылдың шілде айында сауатсыздықты жоюға арналған комиссия 
құрылып, осы жылдың қазан айының 4-ші жұлдызында Орынборда «Қазақ 
АКСР кеңестерінің төтенше құрылтай съезін» өткізіп, мәлімдемелер жасап
қаулы қабылданды. Онда: 


31 
- қазақтың еңбекші-шаруа тобы өкілдерінің білім алуына қолайлы 
жағдай жасап, шаруалар мен жұмысшы қауымға және жалпы бұқара халықтың
толық, әрі қолжетімді және тегін білім беру алуын міндеттеу; 
- жалпы халықтың сауатсыздығын жою және жастардың толық дамуына 
ықпал жасап, физологиялық денсаулығының жақсы әрі рухани болмысының 
қоғамдық-әлеуметтік ортаға үйлесімді дамуын қамтамасыз ету міндеттерін 
басшылыққа алу [5, 61, 74]. 
Сол кезеңдегі қазақ зиялыларының Қазақстандағы бастауыш білім 
беретін мектептердің құрылымдық мазмұндарын жаңа заманауи талаптарға 
үйлесімді құрулары арқылы және халықтың талап-тілегінен, сұранысынан 
шығатын білім жүйесін құра отырып, оқу-ағарту мен мәдениет жұмыстарын 
мазмұнды және жүйелі жүргізіп жаңа ашылған «ұлттық мектептердің» 
дәрежесін көтеруге үлкен үлестерін қосып, бұл тұрғыдағы мектептердің 
маңыздылығын көрсетіп, көтере білді.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі патшалық Ресей кезеңінде және кеңес 
өкіметінің бас кезеңінде де қазақ мектептерінде оқу, баланың ана тілінде болу 
мәселесі және оны дамуының басты мақсат пен міндеттері ретінде орын алды. 
1926-1927 оқу жылында кейбір қазақ мектептерінің тіпті бесінші топтарында 
ана тіліндегі оқулықтар мен қажетті оқу кітаптардың және арнайы дайындығы 
бар қазақ мұғалімдерінің жетіспеушілігінен сабақтар орыс тілінде жүргізілді. 
Түрікшілердің І құрылтайында 
«
Ана тілін
»
оқытуға байланысты 
қабылдаған қарарға енген баптар: 
1. Ана тілін үйрену жағын жақсылау үшін түрік жұрттарының әр тілі 
анық танылуы керек. Тіл іліміне жетік білімпаздар шығару үшін оқытушы 
даярлайтын орта мектеппен жоғарғы мектептердің тіл сабақтары елеулі орын 
алу керек. 
2. Бірінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүзінде халық әдебиеті 
басым болуы керек.
3. Екінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүйелі ілім түрінде өз 
алдына оқытылуы керек. 
4. Әдебиет 2-ші басқышта әлеуметтану ілімімен бірге кез-келген түрде 
де, жүйеленіп, әдебиет тарихы түрде де оқытылуы керек. Тарих түрінде 
оқылғанда ана тілінің әдебиетінен басқа ағайын жұрттардың әдебиеттерімен 
таныстыру керек. 
5.Тіл білімі ереже жаттау түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын 
жағын тану түрінде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына, жағын тануға керегі 
жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеуге тиіс 

деп қарастырған болатын 
[75,76].
1926 жылдың мамыр айында Қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесі 
«Қазақ АССР бірыңғай еңбек мектебінің жарғысын» қабылдады. Мектеп 
құрылысында бір жылдық және екі жылдық мектептердің үлес салмағын 
төмендету және «үш жылдық» пен «төрт жылдық» мектептердің санын 
арттыру бағыты алынды [77].
Бұл мектептерді ашу ісі жайында: «Бұрын Николай заманында бірнеше 
жыл ізденіп, шығынданып ашатын школды Кеңес үкіметі өзі-ақ ашыңдар деп 


32 
ұран шақырып отырғанда, халықтың үндемей отыруы 

зор айып, күнә. .... Бұл 
жұмысты аяққа бастырып, орындап, ел арасындағы оқығандардың, учитель, 
мұғалімдердің мойындарындағы зор міндет. ... школдың керек-жарағына 
міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап, школ ашу керек. 
Бұл қалыпта ашылған школдардың оқыту, балаларға тәрбие беру тәртіптерін 
сырттан оқу бөлімдері бақылауға тиіс… Оқу құралдарын: кітап, қағаз, қалам, 
секілді нәрселерді жергілікті оқу бөлімдері алуы тиіс. Жоғарыда айтылған 
бойынша школды бір ауылнай не бір болыс ел болып ұйымдасып ашпаса, жеке 
бір кісі, яки бірнеше кісі ел болып ашуға болмайды. Себебі, ондай школдарды 
ашушылар меншіктеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын өздерінің дегенінше 
жүргізуге тырысып, үкіметтің школдар хақында шығарған жобаларын, 
тәртіптерін қолданбасы мүмкін. Сол үшін жергілікті оқу бөлімдері бұл 
жұмысқа өте шұғыл қарауы керек» - деп түсіндірілген болатын [78]. 
1928 жылы қаңтар айының 24 жұлдызында латын қарпіндегі әліппені 
мемлекеттік әліппе деп жариялау және бұл әліппеге көшу мерзімі белгіленді. 
Барлық мемлекет құрылымдары, кооперативтер және басқа мекемелер үшін 

1929 жылғы 1 қыркүйек; барлық газеттер мен журналдар және басқа оқу 
орындары үшін – 1930 жылғы 1 қаңтар; мектептер және басқа оқу орындары 
үшін 
– 
1931/32 оқу жылдары аралығында көшірілуі анықталды [79].
Халық арасында жаңаша білім беру бағытымен мәдени жұмыстарды 
ұйымдастыру мен әлеуметтік ортада сапалы және мазмұнды жүруіне
басшылық ету үшін жергілікті оқу-ағарту бөлімдері құрылып, халықпен 
үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқу-тәрбие беретін мекемелердің: оқу 
үйлерін, кітапханаларды, сауатсыздықты жою мектептерін, ересек адамдар 
үшін қысқа мерзімді оқу курстары ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырып 
отырды. Халақтың ана тілінде білім алып оқу-ағарту бағытындағы мәдени 
танымдарын арттыруда және қазақ балалар үшін ұлттық мектептердің 
ашылуының көптеп ашылғандығы шындық болатын. Мысалы, «1921-1929 
жылдар ішінде Қазақстандағы бастауыш сынып оқушылар қатары 172 мыңнан 
277 мыңға, оның ішінде қазақ балаларының саны 37,9 мыңнан 39,8 мыңға 
көбейді» [80].
Жоғары да келтірілген мұрағаттық деректерде қазақ оқушыларының 
артуы өз кезегінде біршама қиындықтарды тудырғандығын көрсетеді. 
Мектепте білім алушы балалардың санының артуы – мектептердің 
жетіспеушілігіне алып келді, сондай-ақ бар мектептердің оқу сыныптарының 
аз болуы және мектептердің талаптық ережеде салынбағандығы да оқу-тәрбие 
жұмыстарының толық жүруіне көптеген келеңсіз жағдайлар жасағандығы 
ақиқат. Бұл мектептердегі пән сабақтарының толық өткізбеуіне себеп болды. 
Өлкеде немесе аймақтардағы мектептердегі оқыту жұмыстарын тоқтатпас 
үшін жеке үйлерді жалға алды және кейбір мектептердің сыныптық жеке оқу 
бөлмелерінде үш ауысылымдық сабақтар жүргізілді. Ал кең, әрі жарық, жақсы 
салынған ғимараттарды әскери немесе әкімшілік басқару бөлімдері иеленген 
болатын. Сонымен бірге, азаматтық соғыстың салдарынан халықтың 
әлеуметтік жағдайының төмендеуі де ықпал етті. Оқу-ағарту саласының 
қарқынды жүруіне қарамастын оның сапалық мазмұнына кері әсер жасаған 


33 
салдардың бірі ретінде – оқу құралдарының, кітаптардың т.б. жетіспеушілігі 
оқушыларды толық қамтуға мүмкіндік бермеді. Осындай себептен мыңдаған 
бала, оқушы ретінде мектепке қабылданбай қалды. 1929 жылдың аяғында 
кейбір аймақтарды 1 басқыш мектептерді оқушылардың көрсеткіші 40 
пайызды құраған болатын. Яғни, мектепке қабылданбаған балалар мен 
жасөспірімдердің есебінен сауатсыздар қатары артып отырды. Оның тағы 
басты себептерінің бірі ретінде қарастырылатын мәселе ол – 1929 жылғы білім 
беру мен оқытудағы жұмыстарын «Жалпығы бірдей міндетті білім беруді» бір 
орталыққа бағындыру заңы мен қазақ жазуын латын қарпіне көшірудің саяси-
иделогиялық науқаны басымдық орынға ие болған тарихи кезеңнің орын алуы 
еді. Бұл уақытта кеңестік өкіметің басқару-әкімшілік жүйесінің билікке нық 
беки бастаған болатын. Соның салдарынан социалистік жүйедегі кеңестік 
қоғамның қанат жаюы арқылы барлық халықтарды Ресейдің орталығынан 
яғни, Мәскеуден басқарылатын бір мемлекеттік құрылымға кіргізу орын 
алған. Мемлекеттік саяси-иедеологияның аясында қазақтарды латын жазу 
қарпіне көшіру – «қазақ жазуы» /1915 ж. А. Байтұрсынов реформалаған/ 
аталған төте оқу жүйесімен қалыптасып, дами бастаған оқу-ағарту 
саласындағы мәдени жұмыстарын керексіз етіп, латын қарпімен сауаттандыру 
жұмыстарының орын алған кезеңі еді. Бұл қазақ ұлтына жасалған зұлымдық 
ретінде орын алды. Бұған қазақ зиялылары да өздерінің наразылықтарын 
білідірген болатын. Дегенмен де, оқыған қазақтар арасында да иедеологиялық 
саяси түсініктерде келіспеушіліктер мен қарама-қайшы пікірдегі өзара талас-
тартыстар кеңінен орын алып тұрды. Өкінішке орай, бұл тартыстардың 
соңында көптеген қазақ зиялылары себепсіз және өтірік жала жабылу арқылы 
саяси құрбандыққа ұшырады. Ұлт мәселесін көтерген оқымысты – ғалымдар 
мен саяси белсенділерді кеңес өкіметіне қарсы, «халық жаулары» деген атпен 
сотталды.
А. Байтұрсыновтың араб таңбаларын қазақтың тілдік дыбысталу және 
жазу емле, ережелеріне үйлесімді етіп жасаған «төте оқу мен жазу» қазақ 
әліппесінен латын қарпіне негізделіп жасалған әліппе негізіндегі оқу мен 
жазуға көшуге қарсы болды. Себебі, неше ғасыр бойы түркі жұртының 90 
пайызы араб әрпін оқу-жазуға пайдаланып келеді және мұсылмандық 
дүниетанымның өзегі ретінде орын алған қаріп 

құралы. Осы 
мұсылмандықтың өшпес құнды белгісі болған жазу таңбалары арқылы 
қалыптасқан мәдениеті бар және одан айыру халықты рухани құнды болып 
табылатын мұраларынан алшақтату, жаппай сауатсыздыққа ұшырату деп 
түсініп, араб әріпінің негізінде жасалған әліппені сақтап қалудағы пікірлерін 
білдіріп, латын жазуына көшуге қарсы болды.
Әліппеге және жазу-оқу таңбасына қатысты ғылыми бағыттағы пікір 
таластары 1922-1928 жылдарда кең өріс алды. Қазақстандағы көрнекті зиялы 
қауым өкілдері екіге бөлінді – олардың бір тобы араб жазуы таңбасындағы 
әліппені «төте оқуды» қалдыруды жақтағандар болса, екінші тобы латын жазу 
таңбасындағы әліппеге көшуді қолдаушылар болды. Сол уақыттағы елімізде 
шығатын журналдар мен газеттер «Төте оқу», «Жаңа мектеп» т.б. баспа 


34 
құралдарының беттерінде латын жазуын алуға қарсылардың да, оны 
қолдаушылардың да мақалалары жарияланып тұрды. 
Сол кездегі оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізудегі 
мектеп мәселесі және ондағы оқу тілі жайында түрлі ой-пікірлер газет, журнал 
беттерінде жарияланып жатты. Мәселен: 
1. Оқу тілі оқушының ана тілінде болсын деген жолын ұстау, қазақ 
мектептерінің оқу жұмыстарын қазақ тілінде құру. 
2. Қазақ тілін зерттеп, емлелері мен ережелік заңдылықтарын жетілдіріп, 
ғылымға ие бола алатын мәдениетті тіл ретінде жасап шығару. 
3. Осы бағытпен бастауыш мектептен және жоғары дәрежелі мектепке 
дейін қажетті оқу құралдарын, кітаптарды қазақ тілінде дайындау. 
4. Бірінші басқыш мектебі қазақ тіліндегі кітаптармен жабдықталған 
оларды мазмұн, құрылымдық тұрпат жағынан дамытып, өңдеу қажет. 
5. Екінші басқыш мектептер үшін қазақ тілінде кітап дайындау ісін 
жеделдету. 
6. Кейбір 
пәндер оқытушының жоқтығынан, я қазақша оқу 
құралдарының жоқтығынан орыс тілінде оқытылса, қазақша кітаптарды да 
қарап, танысуға оқушыларға беріп отыру. 
7. Қазақ мектебі оқушыларға орыс тілін жақсы үйретіп шығарған 
уақытта ғана толық кеңес мектебі бола алады.... Қазақ мектептерінде орыс тілі 
міндетті пән болып, берік орын алуға тиісті. 
8. Мұнымен қатар, орыс мектептерінде қазақ тілі де міндетті пән ретінде 
оқытылсын... Орыс мектептеріне лайықтап кітаптар жазылып, бағдарлама, 
оқыту жоспарлары түзілсін. 
9. Қазақстандағы күншығыстық әр ұлттар мектептерінде оқу сол 
ұлттардың өз тілінде болсын. Бұл мектептерде орыс тілі міндетті пән ретінде 
оқытылсын. Батыстық аз ұлттар (украйн, неміс, т.б.) мектебінде оқыту бұл 
ұлттардың өз ана тілінде болып, қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылсын
деген бағыттағы ой-пікірлер айтылған болатын [81]. 
Бір оталыққа бағындыру саяси-әкімшілік жүйенің орныға бастауын
және оның ықпалының күш алғандығын төмендегі мәліметтерден байқауға 
болады. Мәселен, 1930 жылдың қаңтарында өлкелік партия комитеті Оқу 
комиссариатының атқарған жұмыстарынын талқылап, қаулы бекітті. Онда 
оқу-ағарту саласындағы кемшіліктерді жою мақсатында орындалатын 
міндеттер анықталды: 
1. Қазақ бастауыш мектептеріне арналған оқулықтар шығару және 
мұғалімдердің біліктілігін жаңа жүйеге сәйкес арттыру; 
2. Мектептегі оқу-тәрбие жүйесінің қалыпты жұмыс жасауына жағдай 
жасау, мүмкіндігін арттыру; 
3. Аудан және халық көп орналасқан, адам саны көп өлкелік 
орталықтарда төрт жылдық қазақ мектептерін ашу; 
4. Сауатсыздықпен 
күресті 
арттыру 
және 
жасөспірімдердің 
сауатсыздығын жою үшін арнайы бір жылдық мектептер ашу басшылыққа 
алынды.


35 
Жиынның қаулысында бекіткен мәселелерді орталық басшылығының 
рұқсатынсыз ешбір жұмысты іске асыра алмайтындығы көрініп тұр. Мысалы, 
қаулы құжатында бастауыш білім беру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі 
аса қажеттілігі бар іс ретінде нақтыланып, көрсетілгенімен де, бірақ, жүзеге 
асыруда жалпыға бірдей бастауыш білім беру жұмыстарын бастау туралы 
нақты айтылмаған. Тек бұндай әлеуметтік-халықтық өзекті мәселе тек 7-8 
айдан кейін Орталық басқарудың жұмыс тәртібіне қойылды және оның жүзеге 
асуы барысында атқарылатын міндеттер анықталып және орындалуға тиісті 
жұмыстары нақтыланды.
БКП(б)-ның 1930 жылдың 26-маусым мен 13-шілде аралығында өткізген 
ХVІ съезінде жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу мен сауатсыздықты 
жоюды басты міндет деп нақтылады.
Жергілікті тұрғындардың көмегімен Қарқаралы аумағында 70-ке жақын 
бастауыш мектеп ашылған. 1931 жылдың күзінде бұл аймақтағы 6911 мектеп 
жасына келген баланың 5529-ы мектепке оқушы ретінде қабылданып, қалған 
1382 баланы оқытуға арнайы 56 мұғалімді даярлайтын курстар ашылған. Жаңа 
оқу-ағарту саласындағы басты міндеттердің бірі - бастауыш білім беру 
жұмыстарын 1932 жылы аяқтау болжамдалған [82].
1930 жылы 27-тамызда Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен 
Халық коммисариатының кеңесі «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды 
енгізу» қаулысын бекітті. Қаулы 1930-1931 оқу жылынан бастауыш білім 
беруді адам саны көп, тығыз орналасқан жерлерде немесе қалалық немесе 
аудандық орталықтарды яғни, отырықшылық басым елді мекенде күзде 
бастауға, адам саны аз және көшпелі өмірге бейім аймақтарда 1931 жылдың 
көктемінен бастау анықталып, нақтыланды. 8-10 жастағы балаларды төрт 
жылдық бастауыш мектепке, ал, 11-15 жастағыларды, егер бұрын бастауыш 
білім алмаса, екі жылдық немесе бір жылдық мектептің арнайы курстарында 
оқытуға тарту керектігі айтылды. Бастауыш мектеп жұмысының мазмұндық 
сапасын жақсарту мақсатымен бір жылдағы оқу күні 225 – күн болып 
белгіленді. 
Міндетті 
бастауыш 
оқуды 
жүзеге 
асыруға 
Халық 
коммисариатының кеңесі, Оқу коммисариатының, кәсіподақтардың, өлкелік 
партия комитетінің үгіт-мәдениет бөлімінің, комсомолдың, өлкелік колхоз 
одақтық тұтынушылар қоғамының, «саужой» комитетінің өкілдері бірлесіп, 
бір бағытта жұмыс жасайтындығы анықталып, бекітілген болатын. Жергілікті 
жерлерде де осындай комитеттер құру қарастырылды. Әлеуметтік жағдайы 
төмен отбасындағы балаларға мемлекет есебінен тегін оқулықтар, жазу 
құралдары, киім-кешек беру. Жергілікті кеңестердің атқару комитеті 
ауылдағы ескі үйлерді мектепке бейімдеп алу немесе жаңа мектеп үйлерін 
салу, мектеп кеңейту міндеті қойылды, мектеп үшін жеке меншіктегі үйлерді 
жалға алуға рұқсат берілді [82 ]. 
Кеңестік үкіметтің 20-30 жылдары кезеңінде бастауыш білім беруді 
дамыту қоғамдағы саяси-идеологиялық және күрделі әлеуметтік-
экономикалық жағдайда жүргізілді. Ауылдық елді мекендердегі қазақ 
мектептері ерекше қиындықтарға ұшырады. Шағын кешенді жинақталған 
мектептердің өзінде бастауыш сыныптардың толық болмауы мен 


36 
жабдықтардың жетіспеушілігі педагогикалық үдерісті талаптық деңгейде 
ұйымдастыру мен өткізуге кері әсерлерін тигізді, соның себептерінен 
мектептер толыққанды жұмыс жасамады, мектеп мұғалімдерінің кетуіне және 
балаларды оқуға тарту жұмыстарының тежелуіне алып келді. Бұл айтылған ой-
пікірлердің шынайылығына 1934-35 оқу жылында ауылдық елді мекендердегі 
оқушыларды мектепке тарту және сыныптарды толтыру жұмыстары төмендегі 
келтірілген деректік мәліметтермен негізделеді: 
Кесте 1 
Мектептер 

сыныптар 

сыныптар 

сыныптар 

сыныптар 
Қазақ мектептері 27,5 % 
19 % 
23,3 % 
13,5 % 
Басқа да 
29,6 % 
22,5 % 
23,5 % 
21,5 %
Жалпы білім беретін мектеп сыныптарының оқушылармен толық 
қамтылмауы мен қатар, шағын кешенді жинақталған бастауыш мектептердің, 
әсіресе қазақ тілінде оқытатын мектептерінің саны жайында мәліметтер 
төмендегідей келтірілген. Мысалы, Республиканың 4 облыстық аймағы 
бойынша: Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстанда 
жалпы деректер бойынша 24,3% - бір жылдық, 47,8% - екі жылдық, 16,8% - үш 
жылдық және 11,1% - төрт жылдық бастауыш мектептер жұмыс жасаған. 
Мектеп жасына енетін барлық балаларды, жасөспірімдерді жалпыға 
бірдей міндетті оқытуға тарту мен шұғыл арада іске асыру және ересектер 
арасындағы сауатсыздықты жою мәселесі жалпы мемлекеттік маңызы бар 
науқанға айналды, әрі күн тәрбіндегі шешілуге тиісті басты міндет ретінде 
орын алды. Себебі, сауаты бар адамдарға ғана жаңа қоғамдық құрылыстың 
мазмұнын түсініп, осы бағыттағы түрлі ақпараттарға қол жеткізіп, саяси-
идеологиялық тұрғыдан берік түсініктерін қалыптастыра алатындығын іске 
асыру болды. 1930 жылы КСРО Коммунистік партиясының XVI съезі жалпыға 
бірдей міндетті бастапқы оқытуды және сауатсыздықты жоюды «әскери» 
міндет деп таныды [83].
Қазақ Автономиялық Республикасының оқу-ағарту ісін жаңа қоғам 
жүйесінің бағытында құру жұмыстарының негізінде мектеп пен орта оқу 
орындарының құрылысын дамыту және жоғары оқу орындары үшін педагог 
мамандарды да дайындауды, Республикаға мамандар жіберудің қажеттілігін 
негіздеген 1933 жылдың қыркүйек айының 2-ші жұлдызында Республиканың 
Орталық Коммитеттік партиясы мен КСРО ХКК-нің «Қазақстан үшін кадрлар 
даярлау туралы» қаулы қабылдап, жүзеге асырды. Осы қаулының негізінде 
1939-40 жылдары Қазақ АКСР-да 44 мыңнан астам педагог-мамандар жұмыс 
жасады [64].
1930-31 жылдардың соңында республикада 5 мыңнан астам педагогтар 
мен басқа да өнеркәсіп бағыты бойынша арнайы мамандар даярлайтын 120 
орта және арнаулы кәсіптік оқу орны болды. Республикадағы жазу 


37 
қарпіптерінің реформалануларына қарамастан жалпы халықтың сауаттылық 
деңгейі 1939 жылы 65% 
-
болса, соның ішінде тек қазақтардың сауаттылық 
деңгейінің үлесі 49 % 
-
ды құрады. Алматы, Қарағанды, Әулие-Ата /Тараз/, 
Шымкент қалалары, Риддер, Қарсақпай, Степняк өнеркәсіптік кенттерінің 
халқы толық сауатты аудандар ретінде танылды. 1926 жылдан басталған 
сауаттылықты іске асыру жұмыстарын 1939 жылдың соңы 1940 жылдардың
басындағы сандық статистика мәліметтерімен салыстыра отырып өсімнің 
деңгейіне 9-49 жас аралығындағы халықтың сауаттылығы 25,2% - дан 83,6% - 
ға дейін артқанын көрсетеді. 1940 жылы Қазақстанның халықтық білім беру 
саласында 5,3 мың адам жұмыс жасады, ал жеті жылдық және бастауыш 
мектептердің 1,8 мың жетсе, орта мектеп 700-ге жуықтады[84].
Осы бағыттағы бізге дейінгі зерттеулерде білім беру жүйесінің тарихи 
дамуындағы орын алған ойлар жайындағы ғылыми еңбектерде балалардың 
мектептегі оқуға қатысулары туралы мәліметтерде беріліп келді. Мәселен, 
А.К. Игибаеваның «История педагогической мысли и образовательной 
системы» еңбегінде: 
- 1931-1932 жылдар аралығындағы ашаршылық салдарынан балалар 
саны азайып, жетімдер саны артты. 
- 1932 жылдың күзінде 68 мың бала жетімдер үйіне орналасты. 
- 1933 жылдың қаңтар айының 1-ші жұлдыздағы есеп тіркеуі бойынша 
145 мыңнан астам панасыз қалған балалар тіркелді. 
- 1932 жылғы ашаршылықтың алғашқы кезеңінде Шығыс Қазақстан 
облысының аймағында 1687 бала құрбан болған. Дегенмен де, оқу-ағарту 
саласы маңызды әлеуметтік іс ретінде қолға алынып, оның дамуына 
мемлекеттік тұрғыдан ерекше көңіл бөлініп, жалпы халыққа саяси-
идеологиялық тұрғыдан ықпал жасау арқылы жаңа қоғамдық сананы 
қалыптастыру мен дамытудың құралы ретінде орынға ие болды. Ұлттық 
мектептерде педагогикалық үдерісті ұйымдастырып, жүргізуші арнайы 
дайындалған педагог мамандардың тапшылық мәселесі басты орында тұрды. 
Бар мұғалімдер қауымы педагогика, жеке пәнді оқытудың әдістемесі және 
психология ғылымдардың негіздерінен білімдерінің толық болмауы және 
сондай-ақ, ана тілінің ғылыми заңдылықтарын жетік меңгермегендер, яғни, 
талаптық деңгейде кәсіби біліктіліктері жетіспеді. Бұл 1930 жылдан бастау 
алған оқу-ағарту саласындағы жұмыстарды жетілдіру үшін бірқатар 
педагогикалық оқу орындары құрылды, дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар 
1940 жылдардың өзінде де толығымен шешілмегені анық [85].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет