«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»



Pdf көрінісі
бет2/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
бастауыш1

1915-1941 
ЖЫЛДАРДА 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 
БАСТАУЫШ 
МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХИ - 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ 
БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСТЕРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ ...................... 72 
2.1 
Бастауыш мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы 
және қазіргі педагогикалық үдеріспен ұласымдылығы .......................... 72 
2.2 
Бастауышта білім беруді ұйымдастырудағы қазақ жазу таңбаларының 
өзгеріске түсуі .............................................................................................. 82 
2.3 
Бастауыш 
мектептегі 
білім 
мазмұнын 
анықтауға 
арналған 
бағдарламалар мен оқулықтар жүйесі ...................................................... 96 
2.4 
«Қазақстандағы бастауыш мектептердің тарихы» /1915-1941 ж.ж./ 
элективті курс пәнінің мазмұндық құрылымы ...................................... 118 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................. 128 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................. 130 
ҚОСЫМШАЛАР ............................................................................................... 141 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі еліміздегі қоғамдық-саяси және 
әлеуметтік-мәдени өзгерістер халық санасындағы күрделі жаңғыру үдерісімен 
үйлесімділік тұрғыда орын алып отыр. Бұл білімдер жүйесін жаңартып, түрлі 
ғылым саласын қамтыған кең ілімдерді жүйелеп, толықтырып, саралау 
арқылы оның аумағын кеңейте түсуді және оқыту мен тәрбиелеу 
жұмыстарында кеңінен қолдануды талап етуде. Яғни, ұлттық ерекшелігімізді 
және ұлттық мүддемізді әлемдік кеңістікке бағдарлауда қазақ мектептерінің, 
арнаулы кәсіби орта, мамандық дайындаудағы жоғары оқу орындарының және 
ондағы білім беру мазмұнының қосар үлесі үлкен. Мемлекетіміздің және 
қоғамдық құрылымыздың демократиялық жолмен дамудағы бағытын дұрыс 
бағдарлау үшін Қазақстандық білім беру жүйесін соның ішінде, білім беру 
тарихында өзіндік орынға ие болатын бастауыш мектептердің қалыптасуы мен 
дамуы жайындағы тарихи-педагогикалық білімдерді толықтыру қажет. 
Сондықтан да, өткеннің /1915-1941жж/ оқу-ағарту жұмыстарына ғылыми 
негіздегі ақиқаттық пен шындық тұрғысынан талдаулар жасап, әділдік 
көзқарастармен бағасын беру, болашақ білім берудің бағыт-бағдарын нақты 
анықтауға ықпалын тигізетіні анық. Мәселен, өткен кеңестік үкіметінің 
тоталитарлық жүйедегі Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесіндегі 
бастауыш мектептерге байланысты орын алған кейбір – шындыққа 
жанаспайтын, жасанды пікірлердің орын алып келгендігі де анық. Бұл өз 
кезегінде қазақ халқының жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі мектептердің 
бар болғандығын және олардың өзіндік жүріп өткен тарихи жолын бұрмалау 
болып табылды. Қай кезеңде, уақытта болмасын мектеп – ғылыми-
педагогикалық негізіне ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіріп, оның 
жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда маңызды рөл 
атқарады.
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жалпы әлемдік дамудың деңгейіне жетуге 
бағытталған мемлекеттің саясаты кеңістігіндегі жаһандану қадамдарында 
қазақ мектептерінің қалыптасуы мен дамуы жайындағы тарихи-
педагогикалық білімдердің ақиқаттық орын алу негізінде бетбұрыс жасауына 
жаңа мүмкіндіктер берілуде. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
мақаласында «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, 
мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге 
толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Латын 
әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін 
қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада 
«Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі 
жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің 
әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. 
Ұлттық бірегейлікті сақтау: Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет 
сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың 



дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» -
деген болатын [1]. 
Қазіргі берілетін білім мазмұндары арқылы ұлттық рухани 
құндылықтарды жаңғырту, салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрып, тәлім-тәрбиелік 
мұраларды жастардың бойына дарыту, өз ұлтының өткен тарихы мен бүгінгі 
жетістіктерін құрметтеп, мақтанышпен дәріптеуге саналы түрде баратын 
ұлтжанды, қазақи таным-болмысы толық қалыптасқан намысқой ұрпақ 
тәрбиелеуге ерекше мән беру басты мәселенің бірі болып табылады. Бұл ХХІ 
ғасырда өркениетті дамудың талабы – ұлттық болмыс негізінде қоғамда, 
әлеуметтік ортада өзара қатынастарды ізігілік бағытта ұйымдастырудың басты 
қағидатының өзі ұлттық жартылыс болмысымен адами құндылықтарды 
меңгеру мақсатына жету құралы – зиялылықты қалыптастыру мен дамыту, 
сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен 
бағдарлардың белгілі бір жүйесін бекітуді көздейтін сан қырлы үрдіс – рухани 
жаңғырту.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеудің 
мазмұнын реформаланудың қарқынды нәтижелері мұғалімдердің кәсіби 
қызмет әрекетіндегі педагогикалық шеберліктерін дамытуға өзек болып, 
оқушыларға заманауи білімдер беру арқылы бәсекеге қабілетті жеке 
тұлғаларды дамытуымыз тиіс. Оған негіз болатын тетіктердің бірі – 
Қазақстандағы мектептердің құрылымдық жүйесі мен олардың қалыптасуы 
мен дамуы тарихындағы орын алған білім мазмұндарын бүгінгі ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан талдаулар жасап, саралау бастауыш білім берудің 
болашақ даму бағыттарының дұрыс бағдарлауға мүмкіндік береді.
Біздің зерттеу жұмысымызда қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің 
қалыптасу, даму кезеңдері /1915-1941жж/ қарастырып, патшалық Ресейдің 
отарлық саясаты мен кеңес үкіметінің социалистік қоғам идеологиясы
ықпалымен құрылған бастауыш мектептердің және қазақ ұлттық бастауыш 
мектептердің жүйесіне тарихи-педагогикалық талдауды ғылыми негізде 
жүргізіп, олардың қалыптасуы мен даму кезеңдерін негіздеуге білім 
философиясы, 
саяси-әлеуметтік, 
тарихи-педагогикалық, 
әлеуметтік 
психологиялық жағдайларды анықтап, білім беруді ұйымдастырудың 
ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік тұрғыдан сипаттама беруге 
талпындық. Анықталған кезеңдегі бастауыш білім беруге қатысты тарихи-
педагогикалық ой-пікірдің орын алуына негіз болған саяси және мемлекеттік 
құрылым мен әлеуметтік-мәдени ахуалдың тікелей ықпалы болғандығын 
басшылыққа алдық және осы бағыттағы зерттеулерді қарастыруға негіз болды.
Біздің зерттеу тақырыбымыздың аумағындағы мәселелер бойынша ХІХ 
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлер 
жайындағы қазақ зиялы қауымының білім тарихына байланысты еңбектерінің 
ғылыми-педагогикалық және әдістемелік мазмұндық жүйесінің топтамалық 
жиынтығы 
ретінде 
жазылған 
профессор 
Қ. 
Жарықбаев 
пен
С. Қалиевтың «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері антологиясы» /2-ші том/ [2] 
атты еңбектерінде түпнұсқалық деректер көзі берілген. Жалпы біздің 
тақырыптық зерттеуге жақын келетін Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің 



тарихына байланысты ғылыми зерттеушілікпен айналысқан ғалымдыр тобы
С. Мусин [3], Қ. Бержанов [4], Ә. Сембаев, Г.М. Храпченков [5,6], Ж. Есекеев 
[7], К. Құнантаева [8], Қ. Жарықбаев [9], С.Қ. Қалиев [10], А.К. Тлебалдиева, 
[11],Е.М. Байзакова [12], А. Ильясова [13], Қ.Т. Ыбыраимжанов [14] және т.б. 
өз орындарын алады.
С. Мусин: өзінің зерттеу жұмысында Қазақстандағы кеңес үкіметінің 
алғашқы 1920-1936 жылдарындағы оқу-ағарту жұмыстарының барысында 
мектептердің құрылуы мен олардың сатылық деңгейі жайындағы мәселелерді 
қарастырып, жалпыға бірдей міндетті оқу заңының аясында орын алған білім 
беру мен оқыту жұмыстарын зерттеуші өз кезеңінің уақыты мен қоғамдық 
саяси-идеологиялық жүйесі тұрғысындағы көзқараспен қарастырып, ашып 
берген деуге болады. Қ.Б. Бержанов: оқу-ағарту жүйесіндегі қазақ-орыс 
халқының достық-ынтымақтастық қарым-қатынасын басшылық ала отырып, 
бірлескен білім беру мен оқыту жұмыстарының қоғамдық және әлеуметтік 
ортаға тигізген ықпалы жайындағы мәселеге зерттеу жұмысын арнап, арнайы 
монографиялық еңбек жазды. Ә. Сембаев пен Г.М. Храпченков: ХІХ ғасырдың 
аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс-жергілікті халықтың ұлттық 
мектептерінің қалыптасуы мен дамуы және кеңес үкіметі кезеңіндегі қазақ 
кеңес мектебінің тарихы жайындағы мәселелерді қарастырып, мектептердің 
типтері мен мазмұндық құрылымдарына және олардың қайта жаңғыруына 
ықпал жасаған саяси-идеологиялық және заңнамалық ережелер мен ресми 
құжаттардың мазмұнын ашып, білім беру мен оқыту және тәрбиелеу 
бағытындағы жұмыс жасайтын оқу-тәрбие мекемелеріне педагогикалық 
сиптамалар беріп, талдаулар жасап, жүйелеген. Ж. Есекеев: Қазақстандағы 
педагогикалық білім беруді жүзеге асыруда мектептерге педагог мамандарды 
даярлау мәселелеріне қатысты 1917-1930 жылдардағы жұмыстарға ғылыми 
зерттеу жұмысын арнаса, профессор К. Құнантаева: 1920-1977 жылдарда 
Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесінде қыз балаларға білім беру мен оқытуды 
дамытудың тарихи-педагогикалық мәселелерінің ғылыми негіздемесін 
дәлелдеп, ашып берді. Профессор Қ. Жарықбаев: Қазақстандағы қазан 
төңкерісіне дейінгі кезеңдегі педагогикалық ой-пікірлердің дамуы және 
олардың қазақ халқы балаларының білім алуы мен оқуға деген ынта-ықыласын 
туғызуға жасаған әсері. Қазақтың көрнекті педагог-ағартушылары мен 
ағартушы, ақын т.б. көрнекті тұлғалардың тәлім-тәрбиелік мұраларындағы 
орын алған озық педагогикалық түсінік-тұжырымдардың мазмұндық мәнін 
ашып береді. Профессор С.Қ. Қалиев: Оқу-ағарту жүйесіндегі мектептерде 
білім беру мен оқыту және тәрбиелеу барыстарына қазақтың тәлім-тәрбиелік 
мұраларын енгізу мен педагогикалық үдерісте пайдалану ісінде ХХ ғасырдың 
бас кезіндегі ұлттық зиялы қауым өкілдерінің озық пікірлерін басшылыққа 
алудың қажеттілік мәселелерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, 
жүйелеген ғылыми-зерттеушілік еңбек болып табылады. Ал, А.К. 
Тлебалдиева: Қазақстандағы бастауыш білім берудің қалыптасуы мен 
дамуына қатысты 1917-1941 жылдардағы оқу-ағарту мәселелеріндегі орын 
алған педагогикалық тәжірибеге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл 
тақырыптық зерттеудің біздің зерттеу тақырыбымызға өте жақын келетіндігі 



анық, дегенмен бұл зерттеу жұмысының орындалу кезеңі кеңестік қоғамда 
орындалғандықтан Қазақстандағы ұлттық бастауыш мектептерінің мазмұны 
тереңнен ашылмағандығы және де, саяси-идеологиялық саясаттың басымдық 
рөлінен кеңестік жүйедегі бастауыш мектептердің мазмұндық құрылымын 
ұлттық мүдде тұрғысынан кең талдауларды автор ашып бере алмағандығын 
байқаймыз. Бұл сол кезеңдегі тоталитарлық қоғамдық идеологияның себеп-
салдары деп түсінуіміз қажет. Е.М. Байзакова 1920-1930 жылдардағы 
бастауыш мектептерде жеке пәндерді оқытудың әдістемелік жүйесінің 
тарихын зерттеуге өзінің ғылыми ізденушілік жұмысын арнаған. Бұл сол 
кезеңдегі педагогика ғылымының дамуындағы орын алған оқыту әдістерін 
топтастырып, салыстырып қарап, жүйелік сипатын ғылыми-әдістемеліктің 
тарихы мәселесі тұрғысынан жазған еңбек ретінде тануға болады. Профессор 
А. Ильясова: 1900-1960 жылдардағы Қазақстанда педагогика ғылымы 
теориясының дамуын білім беру тарихы тұрғысынан қарастырып, ХХ 
ғасырдың басынан 60-жылдарға дейінгі кезеңде орын алған жалпы 
педагогикалық иедеяларға және қазақ ұлтының зиялы өкілдерінің еңбектерін 
ғылыми тұрғыдан талдап, жүйелеп, білім беру мен оқыту және тәрбие беру 
жұмыстарына қосқан үлестерін зерттеу жұмысында негіздеп береді. 
Профессор Қ.Т. Ыбыраимжанов: 1861-1930 жылдардағы материалдар 
негізінде Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы атты 
ғылыми зерттеу еңбегінде – зерттеуге алынған кезеңдердегі бастауыш 
мектептердің типіне талдаулар жасап, патшалық Ресей кезеңіндегі орын алған 
миссионерлік педагогиканың орыстандыру бағытында орын алғандығы және 
осы саяси-идеологиялық бағыт негізінде құрылған бастауыш мектептердің 
мазмұндық құрылымдарын ашып береді. Сондай-ақ, ұлттық бастауыш 
мектептерінің қалыптасуы мен дамуы және оның ыдырау және кеңестік 
жүйедегі бастауыш мектептерге жалпылама тоқталып, сипаттама береді. 
Дегенмен де, егемендік Қазақстанда бастауыш мектептердің тарихын 
жүйелеуде 1861-1930 жылдар аралығындағы негізгі кезеңдер бойынша нақты 
тарихи-педагогикалық зерттеушілік еңбектің бірі ретінде тануға болады. 
Біздің қарастырып отырған кезеңдегі білім беру жүйесі мен бастауыш 
мектептер мәселесіне байланысты бұрынғы кеңес үкіметі құрамында болған 
қазіргі тәуелсіз мемлекеттер достығы /ТМД/ құрамындағы республикалар мен 
Ресейдің өз ішіндегі ғалымдарда Ресей құрамындағы аймақтар мен 
автономиялық республикалардағы оқу-ағарту жұмыстарының тарихына 
байланысты 
ғылыми-зерттеушілік 
жұмыстарын 
арнаған. 
Мәселен,
К.И. Султанбаева /Ресей, Москва/ 1917 жылға дейінгі Орта Еділ аймағын, 
Шығыс Сібірді, атап айтқанда Енисей аймағын, Хакасия Республикасын, 
Красноярск және т.б. қазіргі Саяно-Алтай аймағын [15], М.И. Усманов /Ресей, 
Дагестан/ 1917 жылға дейінгі Ресейдегі мектеп реформасының тәжірибесін 
[16], С.А. Усманова /Ресей, Тула/ ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың 
басындағы ұлттық, мәдени-білім беру қозғалысының идеялары және педагог, 
әдіскер, ақын, Ұлттық (Қырым татар) мектебін құрушылардың бірі – Бекира 
Чобанның 
педагогикалық 
мұралары 
жайында 
[17],
А.М. Аллагулов /Ресей, Оренбург/ XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ 



ғасырдың басында Ресей империясындағы әлеуметтік-экономикалық және 
саяси өзгерістері негізіндегі халыққа білім беру мәселелері [18],
М.А. Назарова /Таджикистана, Душанбе/ 1929-1941 жылдардағы тәжік 
халқына ендірілген алфавиттің латындандыру кезеңіне және оның 
Тәжікстанның білім беру жүйесіне әсері [19], О.Л. Лукьянова /Ресей, 
Владикавказ. Сев.-Осетия/ 1931-1941 жылдары Солтүстік Кавказдағы 
бастауыш білім беру жұмыстары мен бастауыш мектептердің қалыптасуы мен 
дамуы [20], А.Д. Сафарова /Ресей, Оренбург/ ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ 
ғасырдың 40-жылдар аралығындағы Орынбор өлкесіндегі сан жағынан аз ұлт 
өкілдерінің балаларына білім беретін түрлі типтегі мектептер [21], Джейла 
Гюндуз кызы Мамедова /Ресей, Москва/ ХХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 
басындағы тарихи жағдайларға байланысты Әзірбайжандағы орын алған білім 
беру мәселесі [22], Е.Г. Карпова /Ресей, Москва/ 1917-1945 жылдардағы 
Якутияның білім беру және оқу-ағарту бағытындағы мәдени-ағартушылық 
мекемелерінің тарихи-педагогикалық қызметі мектептер жүйесіне арналған 
[23]. Тек біздер, өз зерттеу тақырыбымызға жақын келетіндерді және кейінгі 
жылдары жазылғын ғылыми-зерттеулік жұмыстарды ғана қарастырып 
отырмыз. 
Зерттеу тақырыбымыздың зерттеу аумағына енетін кезеңдерде 
Қазақстан жеріндегі саяси-әлеуметтік және қоғамдық тарихи мәселеріне 
қатысты атаулы уақилар мен оқу-ағарту және білім беру жүйесіне ықпал 
жасаушы түрлі факторларды тарихи-философиялық және педагогикалық 
мәселелеріне қатыстылығы жөніндегі тарих ғылымы саласындағы ғалымдарда 
зерттеу жұмыстарын арнаған. Мәселен, К.Е. Бендриков [24], Ж.Е. Утебалиев 
[25], 
Р.Б. 
Сулейменов 
[26], 
Х.И. 
Бисенов 
[27],
Ш.К. Биткенбаева [28], Р.С. Таханова [29], Н.А. Константинов,
Е.Н. Медынский [30], А.К. Игибаева [31] т.б. оқу-ағарту жүйесінің әлеуметтік-
мәдени салаға ықпалы, оның ішкі бірлігінің білім, тәрбие, ұлттық мүддеге 
қатысты түрлі мәселердің тарихи жағдайын талдап, түрлі қоғамдық 
формацияның ықпалының әсерін тарих ғылымдарының негізінде мәнін ашып 
берген.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жеріндегі оқу-
ағарту мен білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына өз заманында озық 
ойлы пікірлермен педагогикалық мұраларын қалдырған ұлт зиялыларының 
еңбектерінде ана тілінде бала оқыту, заманауи білімдерді беру, бала тәрбиесі 
мен мектеп құрылымы, оқытуға қажетті оқу бағдарламалар және оқу 
құралдарымен қамтамасыз ету т.б. мәселелер бойынша жазылған еңбектер мен 
қолжазбаларының педагогика тарихында алатын орындары анықталып, 
сараланып, талданды. Онда: Ы. Алтынсарин [32] А. Байтұрсынов [33], М. 
Жұмабаев 
[34], 
Х. 
Досмұхамедов 
[35],
М. Дулатов [36], Ж. Аймауытов [37], Қ. Кемеңгеров [38], Т. Шонанов [39] т.б. 
және тақырыптық зерттеу жұмысымызда басшылыққа алып отырдық. 
Еліміздегі жаңару үрдісі барысында өткен тарихымызды шындық пен 
ақиқаттық тұрғыдан бағалауға, оқу-ағарту саласындағы озық үлгідегі білім 
беру, мектеп құрылымы мен мазмұны, оқуды ана тілінде ұйымдастыру, ұлттық 



құндылықтар мен мұралар негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асыру, ғасырлар 
бойы жинақталған тәлім-тәрбиелік мұраларды егеменді елдің ұрпақ 
тәрбиесіне пайдалану. Осы тұрғыдан білім беру саласы тарихының бір бөлігі 
бастауыш білім берудің ХХ ғасырдың 1915-1941 жылдар аралығындағы 
қалыптасып, дамуын белгілі жүйемен зерттеу көкейкесті мәселенің бірі деп 
санаймыз. Сол кезеңдегі орын алған мәдени-әлеуметтік ортадағы оқу-ағарту 
саласындағы өзгерістердің тарихи тәжірибесін, тағылымын, жетістіктері мен 
сәтсіздіктерін 
және 
ұлт 
мүддесіне 
қайшы 
келетін 
арнайы 
бұрмалаушылықтардың халық санасына ықпал еткен зиянды әсерін ақиқаттық 
тұрғыдан зерделеудің танымдық бағыттағы тарихи-педагогикалық және 
саяси-идеологиялық мазмұндық жүйесін ашып қарастыруды қажетсінуде. 
Себебі, өткен тоталитарлық кезеңде жазылған зерттеулерде Қазақстандағы 
мәдени-ағарту жұмыстарына қатысты мәселелердің мазмұнына білім тарихы 
тұрғысынан келгенде саяси-идеологияға бағындырылған сыңаржақтық 
пікірлердің орын алып келгендігі анық. Бұған зерттеуші ғалымдар кінәсі деп 
қарастыру әділетсіздік болар еді. Өйткені, социалистік қоғам идеологиясына 
бағындырылған коммунистік партия өзінің теориясы мен тәжірибесінің 
жалғандық ұрандармен паш етіп, дәріптеп көрсетуді талап ететін.
Зерттеу тақырыбына арналған ғылыми ізденушілік жұмыста бізге 
дейінгі жұмыстарды яғни, 1915 жылдан қазақ ұлттық бастауыш мектебінің 
қалыптасуының негізі болған кезең ретінде ашылмағандығын қарастыру 
арқылы халықтық ерекшеліктер мен өзгешеліктерге негізделген жағдаяттарды 
ашып, бастауы білім берудің жаңашыл мазмұндық сипатын талдауды 
басшылыққа алымыз. Екіншіден, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды 
мәдени-ағартушылық салада басшылыққа алу керектігі арқылы жаңашыл 
педагогикалық қозғалыстың орын алу жағдайын ғылыми тұрғыдан жүйелеу 
арқылы Қазақстандағы бастауыш білім беру тарихының қорын жаңа деректер 
көзімен толықтыру болса, үшіншіден қазақтың жазу таңбаларының өзгеруінің 
салдары халықтың оқу-ағарту саласына тигізген ықпалының оң және теріс 
әсерін ашу және оған ақиқаттық бағасын ғылыми-теориялық және әдістемелік 
жүйесін тарихи-педагогикалық тұрғыдан ашу. Ғылыми әдебиеттерге 
талдаулар жасап, зерттеліп отырған көкейкесті мәселеге қатысты ғылыми 
ізденушілік жұмыстарды қарастырғанда 1915-1941 жылдар аралығында 
Қазақстандағы бастауыш білім берудің қалыптасуы мен дамуын кейінгі 
кезеңдерімен сабақтастықта күні бүгінге дейін жетік қарастырылмағандығы 
байқалды. Ал, бұл қазіргі педагогика тарихындағы бастауыш білімнің ғылыми 
теориясы мен тәжірибесіне қатысты ғылыми деректік мәліметтерді толықтыру 
қажеттілігін анықтайды. 1915-1941 жылдары аралығы кезеңде орын алған 
Қазақстандағы педагогикалық ғылымның даму тарихын дұрыс түсінуге, 
қазіргі жағдайы мен болашағын болжай білуге септігін тигізеді.
Демек, аталмыш мәселенің қазіргі кездегі қажеттілігі мен оның 
педагогика тарихында бұрын-соңды жүйелі түрде қарастырылмауы арасында 
жоғарыда айтылып өтілген қарама-қайшылықтарды жою үшін және бастауыш 
білім беру тарихын жүйеге келтіріп, толықтыруға байланысты біздер зерттеу 
тақырыбымызды «Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет