Тауарды өткізудің құлдырау кезеңі. Өткізудің құлдырауын бірқатар себептермен түсіндіруге болады, оның ішінде тұтынушылар ұнатымының өзгеруі және отандас шетелдік бақталастармен бәсекелестіктің шиеленісуін айтуға болады. Өткізудің құлдырауына және табыстың табыстың төмендеуіне байланысты бірқатар фирмалар нарықтан кете бастайды.
Қалғандары ұсынатын тауар ассортименттерін қысқартуы, ынталандыруға бөлінетін ассигнованияларды қысқартуы және бағаны одан әрі төмендеуі мүмкін. Технологиялық процесс әсерінен жаңа және айтарлықтай жетілген тауарлар пайда бола бастайды.
Бұл кезеңде өндіріс қуаты біршама толық қолданылмайды, сұраныс пен пайда тұрақты түрде төмендейді. Нарықтық ортадағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер тауарлардың ескіре бастауына байланысты, сатып алушылардың талғамы мен қалауының өзгнруіне орай бағаның төмендеуіне алып келкді.
Фирмалар бәсекелік күрестен шыға бастайды. Тұтынушылар саны азаюы есебінен бәсекелестер саны да қысқарады. Тауар ассортименті оның жақсы сатылатын түрлерінен тұрады және жеке дүкендерге шоғырланады. Өткізу арналарының тек кейбір бөлігі ғана қолданылады. Маркетингтік іс- шаралар мен жарнамаға аз ғана шығындар кетеді. Ақпаратты жарнамада тауар бағасының арзандай бастағанын атап көрсетеді.
Құлдырау сатысында маркетинг міндеті мынадай болып жинақталады:
- Фирма сұранымы азайған тауарларды өндірістен жоспарлы түрде алып тастай бастайды, өтімділігі жоғалған тауарлар нарықтан біржолата алып тасталынады.
Брендтің өміршеңдік кезеңіндегі басқару шаралары компания қызметінің маңызды істерінің бірі болып табылады. Басқару шараларын жүзеге асырған кезде компания брендтің даму деңгейін тұрақты түрде бағалап отыруы қажет және де тұтынушылардың брендке деген лоялдылығын қадағалап отыруы керек.
Бұл өз кезегінде нарық сұранысына байланысты брендті дамыту стратегиясына жедел түрде ӛзгертулерді енгізуге және брендтің бәсеке қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |