Бұл кезеңде, сату көлемінің аздығынан және тауарды таратуды ұйымдастыруға және оны өткізуді ынталандыруға көп қаражат керектігі нәтижесінде фирма не шығын үстінде, не табыс өте аз. Осы кезде ынталандыру шығындары өзінің ең жоғарғы деңгейіне көтеріледі. Жаңалықты итермелеу әрекеттерін шоғырландыру қажеттілігіне байланысты мыналарды іске асыру керек:
1) потенциальды тұтынушыларға оларға белгісіз жаңа тауар туралы ақпарат беру,
2) оларды тауарды байқауға қызықтыру,
3) бұл тауарға бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы таратылуды қамтамасыз ету.
Бұл кезеңде өндірушілер аз және олар тауардың тек негізгі варианттарын шығаруда, өйткені нарық олардың модификацияларын қабылдауға әлі дайын емес. Фирма өзінің өткізу әрекеттерін сатып алуға дайындығы мол тұтынушыларға, демек, табыс деңгейі жоғары топтардың өкілдеріне шоғырландырады. Бұл кезеңде баға әдетте жоғары.
Сатудың өсу қарқыны тауардың жаңа болуымен және тұтынушы сұранысына байланысты. әдетте, жаңа тауардан гөрі тауардын жаңғыртып, жетілдіру өткізу көлемін тез ұлғайтады.
Нарықтағы жаңа тауар жетістігінің негізі болып оның технологиялық сипаты, дизайны, тұтынушылық қасиеті саналады. Ал сатып алушымен байланыс тауардың тұтынушы үшін тартымдылығымен көрсетуге мүмкіндік береді.
Нарыққа жаңа тауармен шыққан фирма осындай тауар шығаратын бәсекелестер болмаса, нарықта айрықша орын алады. Фирма тұтынушы нарығының таңдауына байланысты жаңа тауарға жоғары баға қоя алады.
ТӨЦ- тің енгізу кезеңінде баға саясатының мүмкіншілігін тиімді пайдалану керек. Алайда, фирма нарыққа енуі мақсатымен тауарға жалпы нарықтағы төмен бағаны қолдануы мүмкін. Бұл кезде тауардан пайда түспегендіктен немесе оның өте аз болуынан фирма залаға ұшырауы мүмкін. Тауардың алғашқы тұтынушыларына нарықтағы жаңа тауарға ұмтылатын жаңашыл тұтынушылар жатады.
Әдетте әлеуетті тұтынушы жаңа тауарларға уақытша енжарлық танытады. Сондықтан оларды жаңа өнімді алып көруге ынталандыру қажет. Бұл көптеген маркетингтік шығындарды талап етеді. Мұндайда ақпараттық жарнаманы қолдану керек. Жарнамаға көптеген қаражат жұмсалатындықтан, ол сату көлемінің айтарлықтай бөлігін құрайды. Сондай- ақ жаңа тауар үшін тауар өткізу арналары таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |