«Білім беру саласындағы бренд маркетинг» пәні бойынша №11 дәріс Тақырыбы: «Басқарушылық шешім қабылдау кезіндегі брендтің дамуы»



бет3/9
Дата13.04.2024
өлшемі0.68 Mb.
#498583
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11 лекция Брендмаркетинг каз (1)

Тауар таңбасы және тауар белгісі тауар саясатының бөліктері болып саналады. Тауар белгісі сол тауарға өндірушінің толық құқығы барлығын және оның сапалылығын білдіреді. Бұл өз кезегінде өндірушінің жауапкершілігін арттырып, тұтынушының тауарға деген сенімін туғызады.
Жаңалықты нарыққа шығарған басшылар оның өмірінің ұзақ және бақытты болуын тілейді.
Тауар мәңгі-бақи сатылады деп ешкім санамағанымен, фирма жаңа тауар шығаруға байланысты барлық әрекеттерінің, зиян-қауіптерінің қайтарылымына тұратындай табыс келтіруді қамтамасыз етуге тырысады.
Басшылар өткізу әрі жоғары, әрі ұзақ уақытқа созылады деген дәмеде болады. Олар әр тауардың өзіне тән өмір циклі бар екенін біледі, бірақ осы циклдың қанша уақытқа созылатынын болжау оңай емес.
ТӨЦ- бұл тауардың нарықта болу уақыты.
ТӨЦ тұжырымдамасын американдық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы әзірленген болатын.
Тауардың нарықта өмір сүру кезеңдерін сипаттайтын өзіндік өмірлік циклі болады. Тауар ерте ме, кеш пе, жетілген немесе қымбат емес басқа тауардың нарыққа келуіне байланысты нарықтан ығысады.
ТӨЦ өнімге деген нарықтағы сұранысты, фирма табысын, тауар ассортиментін, нарық сегментін, бесекелестердің іс- қимылын және оның әр кезеңдегі маркетингтің стратегиясын зерттеуге мүмкіндік береді.
ТӨЦ тұжырымдамасы тауар түріне (ет тартқыш), типіне (тоқпен істейтін ет тартқыш) қатысты, сондай- ақ сауда маркасын («Braun» электрлі ет тартқыш) қарай қолданылуы мүмкін.
Тауар типі, әдетте, тауар түрі мен сауда маркасына қарағанда дәстүрлі өмірлік циклін нақтырақ орындайды.
ТӨЦ – ең алғаш рет мареалы тауарлар үлгісінде зерттелген. ТӨЦ – S әріпі сияқты логистикалық қисық сызбасы түрінде бейнеленеді.
ТӨЦ- тің құрылымы бірнеше кезеңмен сипатталады. Оның саны әр авторда әрқалай 4- тен 6- ға дейінгі арада ауытқиды (1- сурет).
Әдетте, ТӨЦ- тің енгізу (нарыққа шығару), өсу, кемелдену және құлдырау сияқты 4 кезеңін бөліп қарастырады. Олар жеке фирмалар үшін нақты мақсаттары, ресурстарды, маркетингтік жоспары, бәсекелік ортасы, табыс деңгейі және енгізу кезеңі бойынша ерекшеленуі мүмкін. әр түрлі тауарлар үшін ТӨЦ кезеңдерінің ұзақтылығы әр қилы, ол бірнеше күннен бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.
ТӨЦ кезеңдері қажеттілік пен сұраныс шамасы, халықтың өмір сүру деңгейі (ол жоғары болған сайын тауарды жиі ауыстыру тенденциясы да жоғары), ҒТП- тің даму қарқыны, нарық коньюнктурасы сияқты факторларға байланысты сараланады. ТӨЦ туралы мынадай тұжырымдар анықталған:
  • ТӨЦ- тің әр кезеңінде экономикалық және бәсекелік орта өзгерік отырады;
  • Оның әр кезеңі үшін басымды стратегиялық мақсаттар аықталады;
  • Маркетингтік бағдарлама ТӨЦ- тің әр кезеңіне бағытталуы қажет.

Маркетингтің міндеті – нарықтағы тауардың өмір ұзақтығын ұтымды түрде ұзарту. Алайда ҒТП- тің дамуы тауардың жылдам «ескіруіне» әкеледі. Пайда көлемі, инвестиция, маркетинг шығындары, бәсекеге қабілеттілік деңгейі, тауар бағасы, тұтынушылар мінез-құлқы ТӨЦ- тің кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады.
Тауардың нарыққа шығуы немесе оның нарыққа ену кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты- тауарды өткізетін нарықты қалыптастыру. Енгізу кезеңінде технология жаңа дами бастайды, нарық әлі анықтала қоймаған, өндіріс қуаттылығы толығымен іске қосылмаған, ал тауар аз партиялармен шығарылғандықтан, фирма шығындары өте жоғары болады.
1-кесте - ТӨЦ кезеңдерінің сипаттамасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет