«Білім беру саласындағы бренд маркетинг» пәні бойынша №11 дәріс Тақырыбы: «Басқарушылық шешім қабылдау кезіндегі брендтің дамуы»


Тауарды нарыққа енгізу кезеңіндегі маркетингтің негізгі міндеттері мыналар



бет6/9
Дата13.04.2024
өлшемі0.68 Mb.
#498583
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11 лекция Брендмаркетинг каз (1)

Тауарды нарыққа енгізу кезеңіндегі маркетингтің негізгі міндеттері мыналар:
  • тауар өткізу жүйесіндегі жаңғыртып, жетілдіру есебінен балама тауар өткізу желісін қалыптастыру және тауар өткізудің жаңа арналарын құру;
  • жаңа тауардың артықшылықтары мен жетістіктері тұтынушыға жеткізу үшін ақпаратты жарнаманы белсенді жүргізу;
  • жаңа тауар мен нарықтағы оған ұқсас тауарлар арасындағы функционалды бәсекені анықтау;
  • тауардың нарыққа шығуына байланысты мүмкін болатын бәсекелестердің мінез-құлқын зерттеу;
  • жаңа тауардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ету.

Өсу кезеңі. Бұл кезеңде тауардың жаңғыртып, жетілдіруі ұлғая бастайды, тұтынушылар тауарды жақсы бәіліп, сатып ала бастағандықтан оның өткізу көлемі жылдам өсе бастайды. Өндіріс толық қуатпен жұмыс істейді.
Тауарды ірі сериясымен шығаратын кәсіпорындарда өндіріс қуаты жетіспей қалуы мүмкін. Жаңа тауар үлкен көлемде сатыла бастайды, бірақ нарықта оның бәсекелестері туындайды.
Тауар сапасы өте жоғары болғандықтан, сату көлемі де, пайда да тез өсе бастайды. Жалпы нарықтағ осы тауардың тұтыну көлемінің өсуіне байланысты ТӨЦ- тің өсу кезеңінің соңында пайда деңгейі өзінің ең жоғары шегіне жетеді.
Маркетологтар пайда ала бастауды ТӨЦ- тің енгізу кезеңінен өсу кезеңіне өту уақытымен байланыстырады. Осы кезеңнің соңына қарай бағаның төмендей бастауы барлық әлуетті нарықты қамтуға мүмкіндік береді.
Тауар шығару көлемінің өсуіне байланысты шығындар төмендейді. Бірақ, бәсекелесиер саны өсе түседі. Нарықтың табысы жоғары болғандықтан, оған жаңа фирмалар ене бастайды. өткізу көлемі тез өсіп, тұтынушылар тобы көбейеді.
Тауар жаппай өткізу арналары арқылы өткізіле бастайды. Жарнама акценті ақпараттықтан агрессивті, сендіруші, бұқаралық жарнамаға ауысады. Фирма нарықтың лидері болғандықтан, сауда белгісіне және ерекше бәсекеге қабілеттілігіне сүйене отырып, тұтынушы өз тауарының үздік жақтарына (немесе артықшылықтарына) сендіруге тырысады.
Бұл кезеңдегі маркетингтің басты мақсаттары:
  • сұраныс өсуіне байланысты нарықты кеңейту;
  • тауарларды үлкен көлемде сату үшін кең өткізу желісін қолдану;
  • Тұтынушылардың жаңа тобын табу үшін бағаны төмендету.

Мұндай нарықта даму үшін фирманың базасы болуы қажет. Тауардың кемелдену кезеңі. Кейбір мезетте тауарды өткізудің өсу темпі бәсендейді – кемелдену кезеңі басталады.
Тауардың кемелдену кезеңінде алғашқы сұраныс төмендейді. Кемелдену сатысысының мерзімі бойынша ТӨЦ- тің ең ұзақ мерзімі болып саналады. Бұл кезеңде нарық шектен тыс сегменттелген және өндіріс қуаттылығы толығымен қолданылады.
Тауар ірі партиялармен шығарылып, оның ассортиментін кеңейту және тереңдету шығындары жоғары болады. Фирма сұранысты қанағаттандыру мақсатында тауарларды, оны үлкен көлемде шығара бастайды. Тауардың сапасы өте жақсы болып, дәстурлі тауарлар қатарына қосылады.
Тауарды табысы орташа тұтынушылар сатып ала бастайды. Нарықтың осы тауармен толығумен байланысты оның өткізу мөлшері тұрақтанады. Көптеген фирмалар сұранысы бар нарыққа енгілері келеді.
Нарықтағы бесекенің күшеюінен баға төмендей бастайды. Оның мәні тауарды сатып алуда басты фактор ретінде өсе түседі. Сондықтан да, бәсекелестер арасындағы баға құрылымы мен нарық бөлігін бөлу айтарлықтай тұрақтанады.
Бәсеке нәтижесінде жалпы сала бойынша толық пайда қысқарып, тауардың жиынтық есебінде жеңілдіктер беру етек жаяды. Жарнама аясының жалпыламалығы және қарқындылығы өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тауарды жылжыту бәсекелі сипатта өтеді.
Бұл кезеңдегі маркетинг міндетті ТӨЦ- тің ұзартуға бағытталған мынадай іс- шаралар жүргізуге бағытталған:
  • нарықты терең сегменттеуді іске асыру керек және жаңа нарықты, әсіресе, соның ішінде халықаралық нарықты игеру қажет;
  • нарыққа тауардың жаңа қасиеттерін ұсына отырып, оның ассартиментін дифференциялау;
  • имидж, сұранусты және бағаны ынталандыру сияқты маркетингтік өзгермелерді (переменные) падалана отырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу;
  • Тұтынушыларды тауарды жиі қолдануға ынталандыру;
  • Бағаларды төмендету.

Бұл іс- шараларды қолдану ТӨЦ- кезеңдерінің иректелген қисық түріне өтуіне әкеледі.
Кемелдену кезеңінің соңында нарық таурмен толығады. өткізу көлемі тоқтайды. Баға тұрақсыз болады, бәсекелік күрес нарық бөлігін сақтап қалу үшін жүргізіледі. Фирма тауарды ары қарай жетілдіруге тырысып, оны жаңа салады қолдану жолдарын іздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет