«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет48/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегі, «Өзін бақылау жолы» бөлімі. 1922 жыл. Электронды кітапхана. 
2. Жалпы орта білім беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын 
мектептердің 8-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік 
оқу бағдарламасы, ҚР БҒМ №115 бұйрық, 2013 жыл, 3 сәуір. 
3. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Үшінші (негізгі) деңгей. НЗМ ДББҰ. 2012 жыл. 
4. Дж.Хэтти «Көзге көрінетін оқу. Табыспен байланысты 800-ден астам метаталдаудың синтезі». Лондон: 
Рутледж, 2009. 
5. Ибраева Ж.М. Кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығы.«Тrener Education» 2018 ж.№2. 


89 
ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
«ОҚУШЫ ҮНІНІҢ» МАҢЫЗЫ 
 
Рыскелдиева Г.Д. 
Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының дербес тренері 
 
Махамбетова Г.Ж., Малик М.М. 
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері 
Тұлға дегеніміз – жеке адамның рухани даму жолы, жетілуі, қоғамға әсері, қоғамдық 
ортаның көшбасшысы. Көшбасшының даңғыл жолы әртүрлі. Тұлға – жеке адамның өзіндік 
адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және 
қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің 
жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату 
арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі [2]. Әр адам өмірде 
тұлға болып туылмайды, тек тұлға болып қалыптаса алады. Тұлғаның бойындағы ерік-жігер, 
мінез, қадір-қасиет, көзқарас, т.б. туралы пікірлер – ғылымда дау туғызған өзекті мәселердің 
бірі. Отандық және шетелдік ғалымдар, философтар, педагогтар, психологтар, дінтанушылар, 
т.б. сала мамандары арасындағы пікірлер әртүрлі. Мысалы, ертедегі грек ғалымдары жеке 
тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Бұл пікірге 
алыс және шетел ғалымдары қарсы шығып, өзіндік пікір білдірді. Олар: Э.Роттердамский, 
Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, 
З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С. Вьггот-
ский, Э.И.Моносзон. Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б. 
Елімізде тұлға мәселесі туралы Қ.Б.Жарықбаевтың, Ж.И.Намазбаеваның, Л.О. Сәрсен-
баеваның, Р.Ш. Сабірованың, Л.В. Пилипчуктің, С.Ж. Өмірбекованың, Г.Т. Бекмұратованың, 
Ә.Алдамұратовтың, т.б. ғылыми зерттеу еңбектері бар. Мысалы, Ә.Алдамұратов: “Адам – 
табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға”, – деп анықтама берсе, 
республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз – 
қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен 
байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, – деп 
тұжырымдайды.Ал, ресейлік ғалым А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, “Жеке тұлғаның 
жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән 
даралық белгілері, оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, 
тәкаппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың 
сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, 
танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі”[3]. 
ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеуде тәлім-
тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында 
ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан 
жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар 
сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеп, сапалы білім беруде мектептің ролі мен ұстаздар 
қауымының алар орны ерекше.
Қазақстанда білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді 
сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге 
негізделеді. Осы орайдаоқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға
ойларын еркін айтуға жетелеу үшін білім беруде жаңарған түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың 
үлесі зор.Сондай әдіс-тәсілдердің бірі – «оқушы үні». 


90 
«Оқушы үні» дегеніміз не? Оқушының сауалдарына ұтымды жауап беретін, кері 
байланысты тиімді жүргізетін ұстаз ғана оқушы үнін естиді. Шебер педагог Януш Корчак 
кезінде «Баланың Әлеміне дейін асқақтау керек!» деп айтқан екен. Осы айтылған 
пікірдіңЫ.Алтынсариннің: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды 
кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс», – деген сөзі 
мазмұнын ашып тұрғандай. «Оқушы үні» туралы Джин Раддок «Оқушылармен пікірлесудің 
мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіндіру, 
жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту... Оқушылармен әңгімелесу 
барысында ешқандай алалауға жол берілмеуі маңызды... » екендігін айтып өткен [4]. 
Педагог Ж.Аймауытовтың сөзімен айтар болсақ, «Сабақ беру үйреншікті жай ғана 
шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»[5.52].Әр сабақ барысында оқушының 
ойын, уәжін есту, сол бойынша сабақты дамыту – мұғалім үшін ең қажетті құрал. Сабақ 
барысында «оқушы үні» әртүрлі берілуі мүмкін. «Сұрақ – адамның қозғаушы күші» 
демекші,«оқушы үні» сұрақ, сауалнама, іс-әрекет, болжам, үлгі, т.б. аспектіде көрінуі немесе 
берілуі мүмкін. Әр оқушы ішкі уәжін, психологиясына, ортасына қарай бейімдеп көрсетеді 
немесеоқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға 
дағдыланады, ойын ортаға салады. Нәтижесінде оқушылар өз-өздерін реттейді. Жүйелі 
сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, 
көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты эмоцияларын білдіріп отырады.
«Оқушы үнін» тыңдау үшін тапсырмалар, сұрақтар да ортақ проблема туғызатындай 
болғанда ғана осы әңгіме жүзеге асып, нәтижесін береді. Оқушылар «мүмкін», «бәлкім», 
«менің ойымша», «менің көзқарасым» бойынша деген қыстырма сөздер мен «себебі», 
«дегенмен», «егер», «сондықтан» деген шылау сөздерді қатыстырып, өздерінің құнды 
пікірлерін ортаға салады. Сабақ барысындағы пікірлердің мазмұны әртүрлі болады. 
Мысалы,шынайы, жалған, белсенді, енжар, сыни, түсіндіру, ұсыныс. Айтылған әр пікір бір 
тақырып, бір тапсырма болған күннің өзінде әр оқушының ойлау, қабылдау, түсіну деңгейіне 
байланысты дамуы мүмкін. Бұл өз кезегінде оқушы әлемін түсіну үшін қажетті болып 
саналады. Тағы бір ескеретін жағдай, ол-оқушыға деген мұғалім тарапынан сенім. Сенім 
оқушы үшін маңызды.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша да«оқушы үні» маңызды. Оны жаңа білім 
мазмұнының ең басты мәселелері туралы алып отырған жөн. Мысалы, сын тұрғысынан ойлау, 
қалай оқу керектігін үйрену, әлеуметтік әрекеттестік, белсенді, бірлескен оқу, тапсырма т.б. 
Әлеуметтік әрекеттестік туралы «Оқушы үні» сұхбатына оқушыларды тартқанымызда, олар 
өздерінің сабақтарына енген өзгерістерді құптайтынын, дәстүрлі жүйеге қарағанда топтық 
жұмыста бірлесе жұмыс істеу, бір-бірінен үйрену, білімдерін толықтыру ұнайтынын 
жеткізді.Жалпы, сабақ соңындағы рефлексия да «оқушы үніне» жатады. Оны нақты жүргізетін 
болсақ, сабақтың ұнағынын-ұнамағанын, тапсырманың тиімді-тиімсіз жағын, белсенді оқу 
мен оқыту болғанын-болмағанын т.б. әрекеттер туралы біліп аламыз. Сол арқылы келесі 
сабағымызға өзгеріс енгіземіз.
«Оқушы үні» құралына сауалнаманы жатқызуға болады. Мысалы, жас мамандармен 
өткізілген онкүндікте әр мұғалім сабақ беретін сыныбынан сауалнама алды. Оның мазмұны 
төмендегідей болды:
1. 
Сізді қай пәндер қызықтырады?
2. 
Неліктен ол пәндер сізді қызықтырады?
3. 
Қазақ тілі пәні сізге қызық па?
4. 
Неліктен қызық/неліктен қызық емес?
5. 
Қазақ тілі пәні сабағында сіз қиналасыз ба?
6. 
Неліктен бұл пән сізге қиын/неліктен бұл пән сізге қиын емес?
7. 
Сізге қазақ тілі сабағында қандай жаттығулар жасаған ұнайды?Неліктен?
8. 
Сізге қазақ тілі сабағында қандай жаттығулар жасаған ұнамайды?Неліктен?
9. 
Сабақта қандай жұмыстар жасағанды қалайсыз?


91 
10. 
Егер сіз қазақ тілі пәні мұғалімі болсаңыз, сабақты қалай өткізер едіңіз?
Осы жұмыста мұғалімдер проблеманы шынайы анықтаудың көзі – сауалнаманың 
құндылығын түсінді. Барлығы сабақ өтпес бұрын оқушылардан сауалнама алды, 
олардыңқажеттеліктеріне сай жоспар құрды. Сабақ үдерісіндегі қиындықтарды сауалнама 
негізінде анықтады және оларды жою жолдарын қарастырды, рефлексивті есеп жазды.
Бірлесіп жұмыс жасау дағдысы бойынша саралайтын болсақ, зерттеу жұмысы үнемі 
басқалардың қолдауын, көмегін талап етеді, мысалы, әріптестердің, ата-аналардың және 
мектеп әкімшілігінің қолдауы. Мұғалімдер осы үдерісте бірлесіп жоспарлаудың 
маңыздылығы ретінде бір-бірінен алған тиімді жаңалықтарын атап айтты. Аталған мәселе 
бойынша өнімді жұмыс жасаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері болды. 
Деректерді өңдеу дағдысына мұғалімнің жинақталған көптеген деректерді (сұхбат, 
сауалнама, бейне жазба, оқушы жұмыстары т.б. арқылы)тиімді және нәтижелі өңдей білуі 
жатады. Бұл жөнінен алғырлық танытқан ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі, физика мұғалімдері 
болды. Іс барысында осы жұмыс көптеген мұғалімдерге қиындық туғызды. Ол – ментордың 
тиімді кері байланысынан кейін өз арнасына түсті.
«
Оқушы үнін» алуда зерттеуші мұғалімнен талап етілетін құндылықтың бірі – адалдық, 
яғни «оқушы үні» нәтижелерін ұсынуда ешбір жалғандық болмау.Сонымен қатар маңызды 
құндылықтың бірі – шынайылық. Кейде мұғалімдер дәлелдерге өздерінің жалған пікірлерін 
кіріктіріп, қорытынды жасауға тырысады. Бұл – мұғалімдердің өз жұмыстарына жеке 
көзқарастарын білдіруге болмайды деген сөз емес, мүмкіндігінше неғұрлым шынайы болу 
дегенді білдіреді.
XX ғасырдағы психолог ғалым А.Н.Леонтьев: “Менің өмірімде нені меңгере алдым, я 
болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай 
дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай?» – деп, 
өзін-өзі зерттеген.
«Оқушы үнінің» маңыздылығы мұғалімнің берген білімі мен тәрбиесінің қаншалықты 
меңгерілгендігін оқушы арқылы бақылауға болатындығында, нәтижесінде оның тұлға болып 
қалыптасуына өзіндік белгілі бір үлесін тигізері анықтығында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет