«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет46/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
«Солтүстік Қазақстан» газеті, 2014ж. №7, 1-2 бет. 
2. 
Қазақстан Республикасында 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасы. Астана. – 2010, 27 бет. 
3. 
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ. Әдістемелік материалдар (http:|//edu.resurs.kz) 
4. 
Ж.Аймауытов. Педагогика: Алматы. – 2002, 48 бет. 
5. 
Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер: Алматы. – 1999, 581-бет. 


80 
СЫНЫПТА ТИІМДІ ТАЛҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН
ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Толықбаева Ғ.Н. 
ҚР Білім беру ісінің үздігі 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алматы қаласындағы
Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері 
 
Нұрлыбекова Қ.Қ., Тілеуберді Қ. 
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері 
Елдің ертеңі –жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев 
Заман өзгеріп, біз жаңа бағытқа бет бұрдық. ХХІ ғасырда әлемдік экономиканы дамыту-
дағы жаңа стратегиялық бағдарламалар қоғамның дамуы білім беруге қойылатын талаптарды 
өзгертуде. Себебі бүгін ең соңғы жаңалық болып есептелген ақпараттың ғұмыры төрт-ақ күн. 
Осы бәсекеге ілесу үшін ХХІ ғасыр оқушысы – сын тұрғысынан ойлай алатын, мәселені шеше 
алатын, дәлел келтіре алатын, өзін-өзі басқара алатын, жоспарлай алатын, жұрт алдында 
сөйлей алатын, көшбасшы бола алатын, АКТ тиімді пайдалана алу дағдылары басымдыққа ие 
болу керек.
Әлем елдерінің тәжірибелеріне сүйенсек, білім беру саласын жандандырудың басты 
бағыты – белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Қазіргі таңда біздің елде де дәстүрлі 
білім берудің жаңаша ұлттық үлгісі қалыптасуда. Яғни, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге 
бағыт алуда. Өйткені уақыт талабы барша адамзатқа ортақ. Бұрынғы оқушы тыңдаушы
орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім ізденетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән 
беруіміз керек. Бүгінгі мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты 
дамыған тұлғаны қалыптастыру. Олай болса, бүгінгі ұстаз – педагогикалық үрдісте жүйелі 
жұмыс істей алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгере 
алатын, оқушымен ортақ тіл табыса алатын, білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Рухани байлық 
– 
ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-ғұрпы, әдебиеті, мәдениеті, өнері шыққан түп 
тамырында. Оқушының рухын шыңдап, ой-өрісін кеңейтетін жалпы білім беретін 
мектептердегі жетекші пән – қазақ тілі мен әдебиеті. Бүгінгі өмір талабына сай оқушыны жеке 
тұлға ретінде тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиетінің маңызы зор.
Шығармашыл тұлғаның қалыптасуы да танымдық ізденістерді тиімді ұйымдастыру ар-
қылы көрінеді. Ол үшін ұстаз әдісті таңдау арқылы емес, оны түрлендіру барысында көздеген 
мақсатқа жете алады. Еліміздің өркендеуі, бәсекеге қабілетті болуы, ұлттық болмысты сақтай 
білуі, «Мәңгілік ел» идеясының іске асуы, ұлтымыздың рухани жаңғыруы – жеткіншек 
ұрпақтың функционлдық сауаттылығына тікелей байланысты. Функционалды сауаттылықты 
қалыптастыру ұстаздар қолында. Осы тұрғыда әдіскер-ғалым Ж.Дәулетбекова қазақ 
зиялыларының еңбектерін саралай келе қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттарын төмендегідей 
санамалап, айқындайды: «1. Қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте 
қарау. Жолы – қазақ тілін оқыту жүйесін қоғамдық-әлеуметтік сұраныммен сәйкестендіре 
дамыту. Қағидасы: «Мектептің тілі бола алмаған тіл мемлекеттің тілі бола алмайды» 
(Х.Досмұхамедұлы). 2. Тілді оқыту белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының 
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау. Жолы – тілдік білім мен біліктерді XXI ғасыр 
адамның бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және кісілік мәдениеті қатар дамытуға 
бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру. Қағидасы: «Нәрсенің затын алмай, атын ғана 
алып, құр сөз түрінде үйретуден бас тартып, алған білімі өзіне де, мемлекетке де пайдалы 


81 
болатынын көздеп оқыту» (А.Байтұрсынұлы). 3. Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функцио-
налдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдық беру. Жолы – қазақ тілін білім алушының 
сөйлеу қабілетін дамытудың базасы ретінде пәннің әдістемесін өмірлік дағдылар мен 
тәжірбелік машықтарды қалыптастыру бағытында жетілдіру. Қағидасы: «Оқыту оқулықтан 
өмірге қарай емес, өмірден оқулыққа қарай жүруі тиіс» (Ж.Аймауытов). 4. Қазақ тілін оқыту 
үрдісінде білім алушыны әрекет субьектісі деп танитын антропоөзектілік прадигманы 
басшылыққа алу. Жолы – тілдік білімді игертуді білім алушының өзіндік әрекеті мен 
ізденістеріне құру. Қағидасы: «Мұғалім аз үйретсін, оқушы көп үйренсін» (Я.А.Коменский)». 
[1. 192 б.]. Ғалымның ойынша ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып, жаңашылдықты 
қабылдасақ, қабылдаған жаңалығымыз қазақтың кетігіне кірпіш болып қалануы шарт. 
Жаттанды, жасанды оқу мен оқытуды доғарып, жоғарыдағы қағидаларды санамызға сіңіре 
отырып, көшімізді алға қарай жүргізсек, сөзсіз кемел мемлекет боламыз. 
Сабақ – педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. 
Әрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту, дамыту, 
тәрбиелеу дейтін болсақ, сабақты жоспарлауда басты назар аударатын мәселе қалыптас-
тырушы бағалау деуге болады. 
Бағалау – сабақтың маңызды ынталандырушы бөлімі. Бағалау икемді, көрнекті және әділ 
болуы керек, осындай жағдайда ғана бағалау арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын 
арттыруға болады. Тәжірибеге сүйенсек бағалаудың ең жоғарғы формасы деп біз – 
сенімділікті айта аламыз. Біз сабақ беру барысында үлгерімі төмен оқушыны топтың басшысы, 
сынып бақылаушысы, шағын сабақ беруші ретінде бақылағанда шәкірт бойынан мүлде басқа 
болмысты (құлшыныс, белсенділік, ой еркіндігі т.с.с.) байқадық. Бұл сенімнің нәтижесі.
Оқушының білімге, білуге деген құштарлығын, жауапкершілігін, ізденуін, қызығушылы-
ғымен дамыту әдіскер ұстаздар қолында. Оқушы өз бойына жинаған білімін біреуден мақтау, 
жоғары бағасын есту үшін емес, саналы түрде өмірде, болашақта өзіне, еліне қызмет етуі үшін 
жинау керектігін түсінуі, сезінуі қажет. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқушы 
білімін, танымын, білігін бағалау жаңа жүйеде құрылған. Күн сайын өзгерістерге ұшырап 
отырған ғаламда ұлттық болмысымызбен қарулана отырып, білімді өмір қажеттіліктеріне қа-
рай игеру мен игерту баршамызға міндет. Бүгінгі күнге дейінгі біздің білім жүйесіндегі ең 
үлкен қателік бағалау жүйесі. «Бағалау тек техникалық тәсіл емес. Сондықтан стандарттар мен 
талаптармен қоса, баланың дамуы, оқуы, ынтасы, өзін-өзі бағалау қабілеттілгі және оның 
жұмсаған күш-жігері сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александр, 2001)» [2. 
56 б.].
Осы орайда әлемдік тәжірибеден өткен, тіпті ғасырлар қойнауымен біте қайнасқан қазақ 
өмірінде де болған қалыптастырушы бағалаудың маңызы ерекше болмақ. «Қалыптастырушы 
бағалау– мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын 
оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы» 
(нәтижесі баға ретінде тіркелмейді) [2. 100 б.].Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы тура-
лы ғалымдардың пікірі әртүрлі екенін ескере отырып, Блэк және Уильям ұсынған құрылым-
дық жүйенің ішінде «сыныпта тиімді талқылау жұмысын жүргізудің ерекшеліктері» туралы 
тоқталмақпыз. Талқылау – сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сын тұрғысынан ойлауға, өз дең-
гейін бағамдауға, өзгеге үйрете отырып үйренуге, тыңдалым мен айтылым дағдыларының 
қалыптасуына, терең түсінуге, жүйелі ойлауға, анализ және синтез жасауға таптырмас құрал. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын оқу орнының мұғалімі ретінде, ең көп қол-
данылатын әдісіміз – көркем шығарманы талдата отырып тұлға бойына адамгершілік болмы-
сын қалыптастырыу. «Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер 
мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ 
іске де, шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ.», – деп, Лев Толстой 
айтқан еді.
Кітап оқыту мен қоса тиімді талқылауды сыныпта ұйымдастыру арқылы оқыған шығарма-
ның идеясын, өмірге қажет тұстарын талдата да отырып, оқушының ішкі уәжін қанағаттан-
дыру. А.Маслаудың идеялары бойынша, Н.Сандерстің кестесінде талқылау барысында 


82 
ақпараттың 50% есте қалатыныдығын алға тартады. Талдау жұмыстарын Блум токсономиясы 
негізінде жүргізген жемісті болмақ. Талдау – мәліметті терең өңдеумен, жан-жақты игерумен 
ерекшеленеді. Талдаудың түрлері Блум токсономиясында былай жіктеледі: 1. Негізін тану – 
құрамдас бөліктерге жіктеу (мәліметтің негізгі түсініктері арасындағы қатынастарды көрсету 
үшін оқушылар оның шеңберінен шығуы керек), айтылған ойды дамыту. 2. Астарлы 
мағынаны ажырату- екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді (тура көрсетілмеген 
шешімдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтірілуі мүмкін). 3. Мотивация – себептерді айқын-
дау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттерді танып, өз ойларын дәлелдер 
арқылы қорғауы керек [3.17]. Жоғарыдағы айтылған ақпартты сабақ барысында қолдану – 
бүгінгі оқу мен оқытудың басты талабы. 
Талқылау жұмысын жүргізуде маңызды әдіс – сұрақ қою. Сұрақ – ойдағы ақпаратты сыртқа 
шығаруға, өз ойыңның өңделуіне, түрленуіне септігін тигізеді. Әуелі сапалы сұрақ санаға әсер 
етерін ескеріп, сұрақтың үш түрін оқушыларға үйреттік. Олар ашық сұрақ, жабық сұрақ
Сократтық сұрақ. Бүгінгі білім беру жүйесінде ұстаздар қауымы көп ескеретін жайттың бірі 
де осы. Шәкіртке сұрақ қойылғанда бірден жауап бермей ойлана отырып ішкі мүмкіндігін, 
таным қабілетін іске қоса отырып жауап беретін сұрақтар ауадай қажет. Талай даналар мен 
дараларды, шешендер мен көсемдерді түлеткен қазақ даласы осы әдіспен өмірін біте қайнас-
тырған. Оған дәлел алқалы әлеуметтің ішінде: Дүниеде не өлмейді? Не жетім? Не ғайып? Не 
жақын? Не алыс? деген сияқты ойлана отырып, философиялық түйінге пара-пар жауаптар 
қажет ететін сұрақтары болды емес пе?! Ғылым мен білімге жүйрік оғландарымыздың көп 
болғаны сол сұрақтардың нәтижесі деп ойлаймыз. Оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының бір-
бірімен түсініп, бірігіп әрекет жасауы, бірін-бірі қолдауы, өзара қамқорлық танытуы – 
серіктестік қағидаты болмақ. 
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары 
оқушы бойына төрт дағдына сіңіре отырып, сыныптан-сыныпқа ауысқан сайын күрделене 
бірілген ақпаратты пайымдаудың тетігін ұсынады. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін жүйелі оқы-
ту арқылы өмірде кездесетін қиындықтар мен бәсекелестікті еңсеруге, дәлелдер мен тұжы-
рымдарды ұсынуға орасан зор мүмкіндік алады. Өзіміз сабақ беріп отырған 9,10 сынып оқу-
шыларының аптасына беріліп отырған қазақ әдебиетінің 5 сағатын тиімді пайдалануға 
тырысамыз. Дәлірек айтсақ, «Мен оқыған көркем шығарма» деген атаумен қалың дәптер 
бастатып, сол дәптерге нақты критерийлер бойынша (шығарманың атауы, тақырып-идеясы, 
әдеби-теориялық ұғымдары, жер-су атаулары, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, ашық 
және сократтық сұрақтар) жазылым жұмысын қадағалаймыз. Нәтижесінде оқушылардың 
бойында бірізділік, жүйелілік, тұрақтылық сынды қағидалар қалыптасты. Сыныпта жазылым 
жұмыстары тексерілгеннен кейін айтылым қағидасы іске асады (талқылау). Тиімді талқылауға 
біз әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаландық: "Ақылдың алты қалпағы", "Ыстық орындық", 
"Сократтық сұрақ", "Авторға хат", "Дебат", "Рөлдік ойындар", "Сәлем хат", "Аялдама" сынды 
әдістер жүйелі талдауға көмектесті. Осы орайда тыңдалым дағдысын қалыптастыру мақсатын-
да үнемі талқылау барысында "Серпілген сауал", немесе кері байланыстың түрлері арқылы 
диалогқа түсіріп отырамыз. Уақыт өте келе алғашында орын алған кемшіліктердің (өз тапсыр-
масына немесе өз тобының тапсырмасына назар аудару, сабақ үстінде алдыңғы үй тапсырма-
сын орындау, кері байланыс жасамау, сұрақ қоймау) түзелгенін, оқушылар мұқият тыңдауға 
көшкенін байқадық. Себебі, олар өз тобының намысы, өз намысы үшін жауап беруге ұмтыла-
ды. Білім өз өміріне қажет екенін түсінді, өзін уәждеді. Тиімді талқылау жұмысын жүргізудің 
өзі төрт дағдыны (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) ақсатпай алып жүруге көмекте-
седі. 
Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңыздылығын қалыптастырушы бағалаудың нәти-
желерінен байқаймыз. Біз өз сабақтарымызда қалыптастырушы бағалауда тиімді талдауды 
әдісі арқылы ұйымдастырғанда төмендегі қағидаларды басшылыққа алғанды жөн көреміз: 

қалыптастырушы бағалау әрқашан оқушылардың мықты тұстары мен қызығушылық-
тарынан басталса; 

оқыту материалдарының күрделілігі үнемі артып отырса; 


83 

оқушылардың зейіндері бағаларға емес, білім мен оқу дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталса; 

оқытудың барынша түрлі әдіс-тәсілдері қолданылса; 

тесттік тапсырмалар қорқыныш пен үрейлендіруге емес, білім мен оқу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталса. 
Сыныпта тиімді талқылаудың тағы бір ерекшелігі оқушылардың орындаған жұмыстарына 
пікір айту арқылы ынталандыру. Ынталандыру жолдарына келер болсақ: 

жұмысқа байланысты кері байланыс дер кезінде жүргізілсе; 

оқушы жетістігі тек қана мадақтаулармен емес, оң пікірдегі түсіндірулермен жүргізілсе; 

оқушылардың бір-бірінің жұмыстарын оқып, сәтті шыққан және кемшіл тұстарын 
бағалауға мүмкіндік берілсе; 

бірінші кезекте оң аспектілеріне тоқталып, сонан кейін ғана сынға алынса; 

жағымсыз кері байланыс спецификалық тұрғыда оқушыға емес, оның жұмысының әлсіз 
тұстарына ғана бағытталса; 
Сыныпта қолданылаған тиімді талқылау әдіс-тәсілдер оқушылардың креативті ойлау 
сипаттамасын, жаңалықтар ашуға ұмтылысын нақты жетілдіреді, өзгертеді. Сабақ барысында 
оқушылардың тілдік құзіреттіліктері біршама артады, себебі оқушылар бір-бірімен талдау 
жұмыстары арқылы еркін диалогке түсе алады, кейіпкерлердің әрекетіне сыни тұрғыдан баға 
бере алады. Тиімді талқылаудың топтарда ойдағыдай жүзеге асқанын оқушылардың фактілер 
мен пайымдаулар арасында шектеулер қоя білуі, балама шешімдер көре алуы, бүгінгі күнмен 
салыстыра тануынан көруге болады. Қорытындылай келе, сыныпта тиімді талқылау 
жүргізгенде: 

мұғалім сабақ барысында қалай оқыту керектігіне көз жеткізеді (талқылаудың 
нәтижелеріне қарай); 

мұғалім диалог арқылы сыни ойлауын дамыта алады. 

оқушылар өз ойын еркін жеткізуге, пікірлерінің дұрыстығын дәлелді түрде жеткізе 
(оқыған кітаптар арқылы) білуге және сыныптастарының көзқарастарына құрметпен қарауға 
үйренеді; 

сыныпта талқылау арқылы ынтымақтастық орнайды; 

оқушылар сабақ барысында әңгіменің үш түрін қолдану арқылы шығармашылық 
қабілеттерін дамытады; 

топпен, жұппен, жеке жұмыс жасау дағдыларын үйрене отырып, оны нәтижеге 
бағыттайды; 

оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасында кері байланыс орнайды және тиімді кері 
байланыс оқыту мен оқу сапасын арттырады. 
Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтарының бірі қалыптастырушы бағалау 
екенін ескере отырып, заманауи оқыту әдістемелерінің жеті модуліне сай өткізілген сабақтар 
әр мұғалімнің оқыту әдістемесіне тың серпін береді, оқушыға сапалы білім беруге 
бағытталады. Оқу мен оқытуда жаңа бағытта өзгерістерді енгізіп қана қоймай, оны одан әрі 
дамыту – әр мұғалімнің міндеті. Осы әдіс-тәсілдерді жеткілікті меңгеріп алған соң ғана біз 
жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, білімді тұлғаны қалыптастыра аламыз. Бойына 
тәжірибе жүзіндегі құндылықтар мен күтілетін нәтижеге қарай ілгерілеу қасиеті қалыптасқан 
шәкірттің алар асуы мен бағындырар шыңы көп болмақ! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет