78
қызметті жауапкершілікпен атқара алуы т.б. маңызды дүниелерге мән беріледі. Топ жұмысын
криетрийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың
өзара бағалау арқылы
өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізе алуына алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің
жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы
топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында
өз тапсырмаларын орындауда сол тапсырманы басшылыққа алады. Мұндай бағалау кезінде
өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан криетрий түрлері бойынша
мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады. Өзге топа екі жұлдызды бере
отырып, оқушы өзі ескермеген ұтымды жауапты ойына тұтып, бір тілек айту арқылы өзге топ
ескерсе деген ұсынысын білдіре алады.
«Бағалап көр ділмарша» әдісі оқушының шешен сөйлеу қабілетін, бабаларымыздан жеткен
асыл мұрамыз – нақыл сөздерді, қанатты сөздерді, мақал-мәтел, жырларды т.б. тіліне тиек ете
білу дағдысын қалыптастырады. Мысалы, сынып 3 топқа бөлініп жұмыс жасады.
Топтық
жұмыс аяқталған соң 1-2, 2-3, 3-1 тәсілі арқылы әр топ келесі топқа баға береді. Топтың
жұмысын бағалауда тапсырманың дұрыс орындалуы, қорғау барысында әр топ мүшесінің
белсенділік танытуы, жұмыстың эстетикалық талапқа сай болуы сынды критерийлер қойылса,
бағалау барысында оларға қосымша үш түрлі талап қойылады. 1-топ 2-топты
бағалау
барысында мақал-мәтелдерді (кемінде үшеу деп санына да нақтылық қоюға болады) қолдануы
тиіс болса, 2-топ 3-топты бағалар сәтте қанатты сөздерді, афоризмдерді, ал 3-топ 1-топты
бағалар сәтте шешендік сөздерден үзінділер келтіре отырып бағалауы тиіс. Бұл әдіс, әсіресе,
қазақ
әдебиеті сабақтарында, би-шешендердің, ақын, жыраулардың шығармашылығымен
танысқан сәтте ұтымды болмақ. Әр пән мұғалімі өзінің қалауына қарай шартты түрлендірсе
де болады. Мысалы, Абайдың қарасөздерін, өлеңдерін не афоризмедерін қатыстыра отырып
бағалаңдар т.б.
Қазақ тілі сабағында тілдік дағдыларды (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым) жүзеге
асыру барысында да критериалды бағалаудың тиімділігі үлкен
және нәтижелілікке
бағыттайды. Осыған орай біз төмендегідей бағалау критерийлерін ұсынамыз:
Достарыңызбен бөлісу: