«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет62/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

 
Литературы 
1. 
Руководство для учителя. АОО НИШ ЦПМ. Астана, 2017г. 
2. 
Обновление содержания среднего образования на основе опыта Назарбаев Интеллектуальных школ. 
Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. – 56 с.
3. 
Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах Республики 
Казахстан в 2016-2017 учебном году: Инструктивно-методическое письмо. –2016г. 
4. 
Аймаутов Ж. Методы комплексной системы преподавания (пособие для аульных учителей, повторных 
курсов для педагогов и педагогических техникумов).Қазақбаспасы. 1929. 
5. 
Давыдов В. В. и др. Возрастная и педагогическая психология. – Москва, Просвещение, 1979. 
Кудайбердиев Ш. Сборник сочинений. – Алматы, Жалын, 1988.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


108 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ 
БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ 
 
Тунгатова Ж.Ж., Чабденова С.Д. 
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері 
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерий-
лердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. 
Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының 
үлгерімімен салыстырылып қойылады. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы 
бағалау мен жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, 
оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы 
қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. 
Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, 
балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы 
ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынта-
ландыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүргізеді. Қалыптастырушы 
бағалаудың негізгі функциялары: қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін 
белгілеу, қалыптастыру және бекіту; ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол 
жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау; уәждеу – оқушылардың 
бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге 
асыруды талап етеді:
 
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау; – қалыптастырушы 
бағалау әдістерін таңдау;
 
оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
 
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
 
кері байланыс ұсыну;
 
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер 
ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып оқушыларының білімін 
қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері 
бақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша 
бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады. Мұндай 
бағалау түрінде оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында 
кері байланыстың болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет