109
Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат ете отырып,
белсенді әдістерді
тиімді пайдалануға негізделген.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
Сабақ кезінде мұғалімі қалыптастырушы бағалау техникасын
қалай қолдану керек
екендігінің маңыздылығын түсінуі қажет. Бұл бағытта жасалған нақты, мақсатты жұмыс оқу
процесінде сапалы нәтижеге әкеледі. Тәжірибе және оқу теориясында бүгінгі таңда оқушымен
жұмыс жасауға бағытталған көптеген қалыптастырушы бағалау техникалары бар. Бізге ең
қызықты болып көрінген Натали Регьенің (2012) техникасын мысал ретінде көрсетейік.
Техника
Пайдалану тәртібі
Кулак- ладонь
FisttoFive
жұлдырығы
Мұғалім оқу мәліметтері қаншалықты түсінікті екендігін білу үшін жұлдырықты
пайдалануды сұрайды. Жұлдырық мынадай мағынаны білдіреді: «Мен
ештеңе де
түсінген жоқпын», ал бес саусақтың көрсетілуі : «Маған барлығы түсінікті» деген
мағынада. Яғни оқушылар аңғару деңгейіне байланысты 1,2,3 немесе 4 саусақ көтере
алады. Бұл мәліметтерге сүйене мұғалім келесі сабақты оқушыларға түсінікті бола-
тындай етіп түзетеді. Жауаптардың шындығын дәлелдеу үшін мұғалім оқушыны
тақтаға
шақырады, айтылған мәліметтерді жұлдырық көтерген оқушыларға, 1-4
дейінгі саусақтарды көрсеткен және басқа да оқушыларға түсіндіруді сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: