124
-
Барлық оқушылардың басқаларды басқару және топта жұмыс істеу мүмкіндігі болуына
назар аударыңыз (бұл жерде мұғалім тарапынан ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға назар
аударылуы тиіс).
-
Ерекше қабілеті бар оқушыларға топтық жұмыста олардың қабілеттерін ашатын рөлдерді
бөліңіз.
-
Бүкіл топ үшін
ғана емес, шағын топ/жеке оқушы үшін де мақсат белгілеңіз.
-
Өзін-өзі бағамдауды қолдаңыз.
-
Оқушыларды тек сұраққа жауап беруге ғана емес, сұрақты
дұрыс тұжырымдай білуге
ынталандырыңыз.
-
Оқушылардың мәдени дәстүрлерін ескеріңіз.
-
Бірлесіп проблеманы шешу жаттығуларын қолданыңыз.
-
Оқушылардың алдына қойылатын мақсаттарды бірлесе отырып белгілеңіздер.
-
Бүкіл сыныпқа арналған таныстырылым жасау мүмкіндіктерін талқылаңыздар.
-
Топтық жұмыстағы маңызды рөлдерді бөліңіз, мысалы, талқылауды өткізуге жауапты топ
көшбасшысы және т.б.
-
Өзара түзету немесе өзара бағалауды қолданыңыз.
-
Оқушылардың дамытуды қажет ететін салаларын және жақсартуға қатысты ұсыныстарын
тұжырымдауын талап етіңіз.
-
Оқушының «толығырақ» жауап беруін емес, «басқаша» жауап беруін күтіңіз.
-
Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесіңіз.
-
Сапалық нәтижелерді назарда ұстаңыз.
-
Үдерісті жеделдету жағдайларын зерделеңіз.
-
Барлық оқыту мерзімдерін
белгілеңіз, бірақ мерзімдер мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс.
-
Тапсырманың ауқымын тарылтып, мағына тереңдігіне біршама мән беріңіз.
-
Топтық кері байланысты жоспарлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: