119
Сонымен қатар, осы пәндер бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған
маңызды қағидат оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.
Физиканы оқығанда, оқушылар тек ғылымның негізін біліп қана қоймай, ғылыми таным
әдістерін, қазіргі заманғы өндірістің,
техниканың, адамға тұрмыстық қызмет көрсетудің
практикалық тәсілдері мен икемдіктерін игере білуі тиісті. Осыған байланысты қазіргі
мектептерде бейіндік-бағдарлы білім беру үшін оқу әдістемесінің мазмұнын әлеуметтік,
ғылыми-техникалық прогреске сәйкестендіру қажет. Сондықтан «Физика»
оқу пәнін
жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытуда адамның табиғатпен өзара қарым-
қатынасы, адамның ғаламдағы және планетадағы орны, өмірлік мәні бар мәселелер және
оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үлкен маңызы бар лабораториялық және практикалық
жұмыстар кең орын алады.
Физикалық құбылыстарды, тарихи-ғылыми және тарихи-өмірбаяндық материалдарды
зерделеуде пәндік дағдылармен қарулану және пәнді жақсы түсінуматематикамен,
химиямен, биологиямен және географиямен пәнаралық байланыс арқылы қамтамасыз
етіледі.
«Жаратылыстану- математикалық» бағыттағы пәндерін оқытутәжірибесінде сабақ,
конференция, дәріс, практикум, экскурсия, қосымша факультативтік сабақтар арқылы
оқыту түрлері және келесі тәсілдер кеңінен қолданылады: әңгімелеу, әңгіме, кітаппен жұмыс
істеу, бақылау, эксперимент, экрандық оқу құралын көру, тәжірибелік жұмыс.
Сонымен қатар қазіргі кезде
сабақтарда модельдеу әдістері, ойша модель құрастыру,
математикалық модельдеу әдістері де кеңінен қолданылады. Сабақ сыныпта оқу үдерісін
ұйымдастырудың негізгі үлгісі болып табылады. «Жаратылыстану» пәндерін оқуда сабақтың
келесі түрлері қолданылады: жаңа білімді игеру сабағы, білімді тәжірибеде қолдану сабағы,
өткен тақырыпты пысықтау және қайталау сабағы, білімді бақылау және жинақтау сабағы,
аралас сабақ. Сабақтың түрі сабақтың дидактикалық мақсаттарына байланысты таңдалады.
Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқу жұмысы арқылы оқыту түрлері сабақтың барлық
түрлеріне ортақ болып табылады.Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: