Білім берудегі менеджмент Тақырып Менеджмент басқару ғылымы ретінде



бет26/32
Дата27.10.2023
өлшемі3.41 Mb.
#481652
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Менеджмент

Сабақтың үш мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
  • Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
  • Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту

Сабақтың негізгі компоненттері

  • 1. Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
  • 2. Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
  • 3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
  • 4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
  • 5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
  • 6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
  • 7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
  • 8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау

Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

• Танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;

• Оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);

• Оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;

• Оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;

• Оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;

• Жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;

• Қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет