«білім берудегі менеджмент»


Модуль – Педагогикалық менеджменттiң теоретикалық негiздерi



бет2/18
Дата19.12.2023
өлшемі82.3 Kb.
#486980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ЛЕКЦИЯ

1 Модуль – Педагогикалық менеджменттiң теоретикалық негiздерi


1.1. Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы


Мақсаты: студеттерге менеджмент, педагогикалық менеджменттің қалыптасуының ғылыми теорияларымен таныстыру.
Жоспары:
1.1 Менеджмент түсiнiгi және басқару теориялары.
1.2 Білім беру жүйесінің басқарылуы және басқарушыларды даярлау мәселесі.
1.3 Білім берудегі менеджер қызметінің басқарушылық, жетекшілік сипаты.
1.1. Менеджмент түсiнiгi және оның мәнi.

“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару – кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы – ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді.


ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған.“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдар қатынасы теориясының” орнына, басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi.


1.2. Білім беру жүйесінің басқарылуы және басқарушыларды даярлау мәселесі.


Менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түседі.
Қазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі - мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы - білім мәселелерін шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқык пен еркіндік беру.
Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде "Білім туралы" заң және бірыңғай мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық, салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлскеттік сипаты "Білім туралы". заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:
- білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
-республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;
- білімнің жалпыға бірдей міндеттілігі, білім беру жүйесінің даярлығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;
- білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;
- білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты.
Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттің саясатын мемлекеттік білім стандартарын сақтау арқылы жүзеге асырады. Білім стандарты оқу багдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктеме-сінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарының міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шекгелмейді, ол сонымен бірге жеке түлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.
Білім беру саласында мемлекетгік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басқару мекемелері.
Мемлекеттік басқару органдары - білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің құзырлылық шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы қүжаттардың баламаларын айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.
Осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінің басшылары басқарушылық білімді курстық қайта дайындау ұйымдары арқылы тек біліктілігін жоғарылату жүйесінде ғана алған еді. Осыған орай кейбір маман-ғалымдардың пікірінше (Т.И. Шамова, В.С. Лазарев, Г.В. Михайлов, М.М. Поташник, Ю.А. Конаржевский, В.П. Симонов, О. Кирилова, В.Ю. Кричевский, П.И. Третьяков, Н.А. Лебедева, В. Терентьев, А. Короткевич, Н.В. Кухарев, В.И. Бондарь, Н. Костылева, А. Кузибецкий, Н. Рождественская және т.б.), заманауи басшы өзінен-өзі “туа біткен дарындылық” болып пайда бола қоймайды, қысқа мерзімдік оқу курстары нәтижесінде қалыптаспайды, базалық басқарушылық-педагогикалық білімді игеру қажетті. Соңғы кезде дәл осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеулер мен мақалалар да жарық көре бастады. Олардың көпшілігінде мектеп директоры қызметінің мазмұны жан-жақты талқыланды, кәсіби білім, білік пен дағдылар жүйесі, тұлғаға қойылатын талаптар қарастырылады, біліктілігін жоғарылату институттарындағы дайындау және қайта дайындау тәжірибелері сипатталған. Сонымен қатар, білім беру менеджерлерін арнайы курстар мен “Білім беруді басқару” мамандығы арқылы экономикалық бағытта дайындау мәселесі жөнінде алғашқы жұмыстар пайда болды (Н. Беляцкий, И.Д. Ладанов, Р.С. Каренов, Поль де Брюйн, В.Н. Чурматнеева, Д.Н. Бобрышев, В.Л. Мокряк, Н.А. Сакада, В.Н. Почтарук, Х. Зидентопф, З. Издебский, Е. Турей, Ю.Н.Голубева, Н.И. Боярко, З. Гельманова, З. Магрупова, Ю.А. Морозов, Ф.Ф. Аунапу, Ю.А. Розенбаум, Е. Голубчиков, С.И. Семенцов және т.б.). бірақ бұл жұмыстарда басқару ғылыми-педагогикалық контекстен тыс түрлі аспектіде қарастырылған.
Білім беру мекемесін басқару басқа бір мекемені, кәсіпорынды немесе әлеуметтік ұйымды, басқарудан мүлдем ерекшеленеді. Басқарушылық теория педагогикалық мазмұнмен толықтырылғанда және қойылған міндеттерді шешуге, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеруге, соңында өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие процесі сапасын көтеруге бағытталғанда ғана нақты мәнге ие болады. Сондықтан да, білім беру менеджерлерін басқарушылық-педагогикалық қызметке арнайы дайындалуы тиіс және оларды дайындау педагогикалық білімдер негізінде жүзеге асуы керек. Басқару теориясы саласындағы маман, тұлғаны оқыту, тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтарын терең меңгергені, білгені абзал. Осылайша, білім берудегі болашақ менеджерлерді басқарушылық-педагогикалық қызметке дайындау мәселесінің өзектілігі мектеп пен оның басшыларының жұмысының жаңалануын қоғам тарапынан сұранысқа ие болуы, басқарушы кадрлардың кәсіби деңгейде тамырымен өзгеруі үшін іс-тәжірибе қажеттілігімен, жоғары білім беруде оларды дайындаудың тұтас жүйесін құру қажеттілігін көрсетеді.
Әлемдік менеджменттің теориясы мен практикасының талдауы бойынша, классикалық менеджменттің жетекші принципі адам факторын есепке алу болып отыр. Ғылыми менеджмент саласындағы қазіргі жұмыстарда менеджер – ұйымның ортақ мақсатына жетуде адамдардың біріккен іс-әрекетінің табысты болуын анықтайтын фигура және оған кәсіби білім керек деген пікір ерекше атап көрсетілуде (М.В. Колтунова, В. Царева, А. Блинов, А.Тур, В.В.Мехедов, В.Н.Скворцов, Д.Р.Принбекова, С.С.Хасенова [41], Р.Ф.Тагинцева, Л.А.Шипилина, Е.Н.Гребенюк, Л.В.Журавлева). Менеджерлерді дайындау барысында менеджменттің теориясы мен практикасын меңгеруге және болашақ басшының жетекші қасиеті ретінде өзін-өзі дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.менеджерлерді дайындаудың білім беру жүйесінің әр мемлекетте (мысалы, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа, т.б.) әртүрлілігіне қарамастан, кез келген деңгейдегі басшы немесе менеджер берілген қызметке сәйкес келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • білімін үнемі жаңаландыруға ұмтылу;

  • экстремалды жағдайларда шешімді тез әрі дұрыс қабылдауға қабілетті және белгілі дәрежеде тәуекелділікке дайын болу;

  • қажетті коммуникативтілікті игеру, қоластындағылардың психологиясын жақсы түсіне алу, басқаруда кооперативті стильді ұстану;

  • қызметтегі міндеттері мен мекеме дамуының стратегиялық мақсаты арасындағы байланысты түсіну және қабылдаған шешімдердің салдарын білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет