Дәріс 10
10-ДӘРІС. ҚАЗІРГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ
Жоспары
1.Оқушылардың мінез ерекшеліктері және психологиялық типтері
2.Оқушының гендерлік әлеуметтенуі.
Дәрістің мақсаты.
Студенттерге оқушылардың психологиялық типтері және гендерлік ерекшеліктері туралы түсініктеме беру;
Білім беру үрдісінде оқушының психологиялық және гендерлік ерекшеліктерін есепке алуды меңгеру;
Білім беру барысында оқушымен тиімді қарым -қатынас жасау дағдыларын практикада қолдана алу.
Дәрістің кілттік сөздері
Психологиялық типтер.
Гендерлік әлеуметтену.
Білім беру үрдісіндегі ер және қыз бала моделі.
Ұсынылатын әдебиеттер мен дерек көздер
Талызина Н. Ф. Педагогическая психология: Учеб. пособие для студ. сред. пед. учеб. заведений -- М.: Издательский центр «Академия», 1998. - 288 с.
.Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебник для вузов. М., 2004.
Педагогическая психология: Учебник для студ. высш. учеб. заведений / Под ред. Н.В.Клюевой. М., 2003.
Педагогикалық процестің сапасын арттырудың негізгі мүмкіндіктерінің бірі – оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін білу. Психологиялық ерекшеліктерді оқыту барысында және оқушыны өмірлік дағдыларға икемдеу кезінде ескеру қазіргі қоғам қажеттілігінен туындап отыр. Осы орайда, жасөспірімдердің мінез-құлқының типтерін есепке алу және мінез ерекшеліктерін ескере отырып сабақ бағдарламаларын құрастыру болашақ педагог үшін маңызды.
Сонымен оқушының психологиялық ерекшеліктерін білу болашақ педагог үшін қандай маңыздылығы бар ?
1.Экстраверттік тип.
Экстроверт деген ұғым сыртқа бағытталған оқушы. Ашық белсенді еркін.
Үнемі көшбасшылыққа ұмтылады, сыни пікірлер мен нұсқауларды және бір сарынды жұмысты ұнатпайды. Басқа балалармен қарым қатынаста агрессивті болады. Мектеп басшыларына да ол дөрекі, тез ашуланшақ, әдепсіз әрекеттерімен ерекшеленеді.
2.Конформды тип. Осы ұғымды сіздер қалай түсінесіздер?
Мұндай оқушылар басқалармен жақсы қарым-қатынасқа ұмтылады. Кикілжіңге түсуді қаламайды. Көбінесе бітімгершілік саясатын ұстанады. Яғни көп жағдайда кез келген мәселені ұрыс керіссіз шешкенді ұнатады.
3.Тұрақсыз тип.
Білім беру процесінде мұндай оқушылардың сабаққа деген ынтасы жоқ. Өзінің жеке жұмыстарына және қоғамдық жұмыстарға да немқұрайлы қарайды. Басқа сыныптастарының қиыншылықтарына да селқос және суықтау. Бағалау деңгейі жоғары. Бірлескен жұмыс барысында жиі кикілжіңдерге түсіп тұрады. Өзін дамытуға келгенде жалқаулық танытады. Өзінің денсаулығы мен әл-ауқатына қатты алаңдайды.
4. Эмоционалды- тұрақсыз тип.
Мұндай типтегі оқушылар сыртынан қарағанда сабақта белсенді жақсы жұмыс істегісі келетін сияқты болып көрінеді. Бірақ көңіл күйінің нашарлығына байланысты өзінің міндеттерін сапалы атқара алмайды. Ол өзінің көңіл күйінің жоқтығы туралы сыртқа білдіргісі келмейді.Сол сабақта қайткен күнде көзге түсіп сабаққа белсенді болып отыру кейпінде болуды қалайды.
5.Лабильді тип.
Бұл өзгермелі деген мағынаны береді. Мұндай тип басқалармен қарым-қатынаста көңіл-күйдің құбылмалылығымен ерекшеленеді. Оқу іс-әрекетінде сәтсіздік болса өзімен жұмыс жасап қайта жігерленіп сабаққа деген көңіл-күйі қайта көтеріледі.Сәтсіздіктер кездескенде біршама шыдамсыздық танытады.
6.Ритмдік тип.
Бұл тип лабилдік типке біршама жақын. Мінез ерекшеліктері әр түрлі ситуацияда өзгеріске ұшырап отырады. Бірде көңіл күй көтерілсе бірде төмендейді. Бұл оқу процесінде де байқалады. Бір күн сабақта белсенді қатысып отырса екінші күні мүлдем басқаша болады. Сабаққа деген ынта жігері төмен болады. Осындай мінездің өзгерісіне сыртқы факторлар мен физиологиялық гармоналдық өзгерістері әсер етеді.
7.Интровертивті тип
Мұндай типтегі оқушылар тұйық. Олармен байланысу қиын, өзімшіл. Өздеріне жоғары баға береді және ерекше тұлғамын деп санайды. Осы типтегі адамдар айналасындағылардың идеяларын түсінбейді.. Жұмыс барысында тәуелсіздікті және жалғыздықты жақсы көреді.
8.Демонстративті тип.
Бұл типтегі адамдар жұрттың ортаның назарында болғанды ұнатады. Эгоистік қасиеттері басым.
Табандылықты қажет ететін , ұзақ мерзімді, жүйелі жұмысқа бейімді емес.. Басшылыққа, ұжымдағы көшбасшылық белсенділікке ұмтылады..Көп қиялдауға, өтірік айтуға және пайымдауға бейім. Оптимист болып келеді.
Балалар жыныстық, рөлдік мінез-құлыққа қалай үйренеді? Осы сұраққа жауап беру үшін психологтар әлеуметтенудің негізгі механизімін анықтады.
Ол-саналы немесе санадан тыс игерілу әдістері мен әлеуметтік тәжірибенің қайта өңделу механизмі.
Бала мінез-құлқының жанұяда бір адамға ұқсауы бұл еліктеушіліктің нәтижесі. Яғни бала ата-анасының біреуіне көп еліктесе мінезі еліктеген жанға ұқсайтын болады. Берілген механизмнің дәлелін мектепке дейінгі балалардың ойындарынан көруге болады. Мысалы: кішігірім жанұя ойынын ойнағанда бала ойында қызының шешесінің, тәтесінің рөлін ойнауы мүмкін. Осындай әрекеттердің нәтижесінде баланың жанұяда не көгенін білуге болады. Бұл еліктеушілік механизімі.
Сонымен қатар, психологтар баланың жанұя мүшелері бейнеленген суреттеріне фигуралардың, түстердің қолданысына, өзін және өз ата-анасының қалай салынғанына қарап жас буының мінез-құлқын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |