3. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың оқуға психологиялық дайындығы. Мектепке дейінгі кезеңнің маңызды қорытындысының бірі – мектепке оқуға психологиялық дайындығы. Бұл дегеніміз бұқаралық оқыту жағдайында мектеп бағдарламасын меңгеру үшін қажетті және жеткілікті психикалық даму деңгейі.
Психологиялық дайындықтың бірнеше аспектілері бөлінеді. Жеке адамдық (мотивациялық), әлеуметтік, когнитивті.
Мектепке оқуға психологиялық дайындықты өлшеуді мектеп психологы жүргізеді, эмоционалдық қарым-қатынасты зерттеу үшін М.Р.Гинзбургтың ерекше әдістемесі қолданылады. Балаға 2 қатар суреттер беріледі.
Ал баланың психофизиологиялық пісі-жетілуін бағдарланушы Керн Йиерсектің тестінен алуға болады.
Әлеуметтік пісіп-жетілуді А.Л.Венгердің әдістемесі, Д.Б.Элькониннің «графикалық диктанты» және «үлгі мен ереже» әдістемелері арқылы анықтайды.
Ақыл-ойдың дамуының жалпы деңгейін өлшеу үшін және жалпылаушы түсініктерді игеру деңгейін анықтауда А.Р.Лурияның «пиктограмма» және Керн Йиерсектің сауалнамасы қолданылады, ал кеңістіктік ойлауының дамуын зерттеу үшін А.Л.Венгердің «лабиринт» әдістемесі қолданылады. Сөз-логикалық ойлау деңгейін анықтау үшін «күрделі суреттерді түсіндіру» әдістемесі қолданылады.
Дәріс 6
6-тақырып. Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Дәрістің мақсаты: Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктеріне психологиялық талдау жасау.
Дәрістің жоспары:
Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму жағдайларының жалпы сипаттамасы.
Оқу іс-әрекеті жетекші іс-әрекет ретінде.
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс- әрекетінің түрткілері
.
1. Кіші мектеп жасындағы окушыларының психикалық дамуы
ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалық кезеңі — бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге тән:
баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады;
әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
- отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар.
Кіші мектеп жасындағы балаларды балалықтың шыңы деп атайды. Бала әлі күнге дейін балалықтың көп қасиеттерін сақтайды- жеңіл ойлау, аңқаулық. Оқу ол үшін- маңызды іс-әрекет.
- 7 жас дағдарысы.
- Бала мектепке 6 жастан барады ма, әлде 7 жастан барады ма ол өзінің дамуының қандай да бір кезеңінде дағдарыстан өтеді. Мұндай дағдарыс 7 жаста немесе 6 жаста тіпті 8 жаста болуы мүмкін.
- 3 жас дағдарысы өзін ұғынумен байланысты болды. «Мен өзім» деген сөзді қолданып бала әлемді өзгертуге ұмтылды. Енді ол қоғамдық қатынастар әлемінде өзінің орнын ұғына бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік позицияны- оқушы позициясын ашады. Л.И.Божовичтың ойынша 7 жас дағдарысы – бұл баланың әлеуметтік «Менінің» туылуы.Өзіндік сана сезімнің өзгеруі құндылықтарды қайта бағалауға алып келеді. Бұрын мәнді болған нәрсесі енді қосалқы болады, ескі қызығушылықтар өзінің оятушы күшін жоғалтады, олардың орнына басқа жаңа қызығушылықтар келеді.
- Кіші мектеп жасындағы балада оқу жетекші іс-әрекет болып табылады. оның белгілі бір құрылымы бар.Д.Б.Эльконин бойынша оқу іс-әрекетінің компоненттерін қарастырамыз.
- Бірінші компонент- мотивация. Оқу іс-әрекеті мотивтелген- ол итермелйді және түрлі оқу мотивімен бағытталады. Екінші компонент- оқу тапсырмасы яғни, бала орындау барысында әрекеттің жалпы тәсілдерін меңгеретін тапсырмалар жүйесі. Оқу операциялары әркеттер тәсілдерінің құрамына кіреді. Операциялар және оқу тапсырмалары оқу іс-әрекетінің негізіг буыны болып есептеледі. Төртінші компонент- бақылау. Алғашқыда балалардың оқу жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері бақылай бастайды. Бақылаудың соңғы кезеңі- бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |