Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»


Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет2/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#2803
1   2   3   4   5   6

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
      50. Студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.
      51. Профессорлар-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының студенттермен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
      52. Студиялық, зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарынан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең, Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтары үшін 100 минутқа тең.
      Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
      53. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
      1) семестр түріндегі академиялық кезең бойында студенттің аудиториялық жұмысының;
      2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;
      3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша жұмысының;
      4) студенттің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
      54. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.
      Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
      Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтары кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
      Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды.
      Практиканың әр академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) студенттің қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат.
      Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
      55. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практика мен демалыстан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.
      56. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.
      57. Академиялық кезең 15 апта көлеміндегі семестрден тұрады.
      58. Әр академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.
      59. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы және межелік бақылаулар бойынша бағалардың арифметикалық ортасы) ескере отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.
      Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
      60. Оқу жылы ішінде студенттерге кемінде екі рет ұзақтығы соңғы курстан өзге курстарда кемінде 7 аптаны құрайтын демалыс беріледі.
      61. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.
      Кәсіптік практиканың барлық түрінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем болмауы тиіс. «Білім» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика көлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін, «Техникалық ғылым және технологиялар» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика көлемі 6 кредиттен 15 кредитке дейін болады.
      Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.
      Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны құрайды.
      62. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.
      Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағат тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.
      Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
      Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит, яғни тиісінше 4 апта бөлінеді. Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау енеді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау процесінің өзі алдын ала кәсіптік практика барысында және теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асады.
      63. Студенттердің қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттері өз ЖОО-да міндетті түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін.
      64. Бакалаврды даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі студенттің теориялық оқу бойынша кемінде 129 кредитті, сондай-ақ кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау, жазу және қорғаудың кемінде екі кредитін, мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен тапсырудың кемінде 1 кредитін игеруі болып табылады.
      Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай (жоғары арнаулы білім беру бағдарламаларын қоса алғанда) оқыту процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемі ретінде студенттің:
      игеруі талап етіледі:
      1) «Өнер» тобы бойынша – теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін;
      2) «Әскери іс және қауіпсіздік» тобы бойынша – теориялық оқудың 170-190 кредитіне дейін;
      3) «Ветеринария» тобы бойынша – теориялық оқудың 160 кредитіне дейін;
      4) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» тобы бойынша – теориялық оқудың 190-224 кредитіне дейін.
      Сонымен қатар, ЖОО іске асырылатын білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне қарай игеруге қажетті кредиттер көлемін арттыра алады.
      Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда студентке оқу мерзіміне қарамастан «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.
      65. Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі оқыту нысанының студенті 18-22 кредит, сырттай оқыту нысанының студенті 9-12 кредит, кешкі оқыту нысанының студенті 12-15 кредит игеруі тиіс. Аталған кредиттер саны студенттің алдыңғы білім деңгейіне қатыссыз белгіленеді.
      66. «Білім» мамандықтар тобының білім беру бағдарламаларын жасау кезінде жоғары оқу орындары шағын жинақталған мектептердің жұмыс істеуін ескереді.
      Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне аралас мамандықтардың пәндерін қатар игеруге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда студенттер бір семестрде 27 кредитке дейін игере алады.
      67. ЖОО оқу процесін берілген лицензияға сәйкес ұйымдастырады және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.
      68. ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық ресурстармен, қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен және студенттерді қолдаудың басқа да қызметтерімен қамтамасыз етеді.
      69. Материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базаға қойылатын талаптар.
      Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық жабдықталуы оның техникалық және технологиялық мүмкіндіктер ауқымын кеңейтуге бағытталуы тиіс.
      Жоғары оқу орнында санитарлық талаптарға сай келетін, оқытудың нысандары бойынша оқу сабақтарын екіден артық емес ауысымда өткізуге қажетті аудиториялық қордың негізгі көлемі және қосымша бөлмелер болуы керек.
      Меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы ғимараттардың оқу ауданы оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде келтiрiлген контингенттiң бiр студентіне 6 м2 кем болмауы тиіс.
      Тіл және тілдік пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу үшін, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін жоғары оқу орнында лингафон кабинеттері мен оған ұқсас басқа да жабдықтар болуы керек.
      ЖОО оқу сабақтарын және СӨЖ-ді интерактивті нысанда ұйымдастыруға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған болуы тиіс.
      Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жоғары оқу орнында оқу бағдарламаларының тиісті тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беретін түрлі тапсырмалармен (виртуальды зертханаларды қосқанда), бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтар болуы керек.
      Жоғары оқу орындарының оқу зертханаларына қойылатын талаптар қолданыстағы санитариялық ережелерге сәйкес қабылдануы тиіс.
      70. ЖОО әр студентті мамандығының бейініне сәйкес кәсіптік практикалар базасымен қамтамасыз етеді.
      71. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен анықталған.
      Жоғары оқу орнының оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтаған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің түрін және оқытудың әдіс-тәсілдерін еркін таңдауға құқылы.
      72. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
      Жоғары білім беру бағдарламасын іске асыру әрбір студенттің ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорына еркін қол жеткізуі, барлық модульдер, пәндер, оқу жұмысының барлық түрлері – практикумдар, курстық және дипломдық жобалау, кәсіптік практика, студенттің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың, сондай-ақ көрнекі құралдар мен аудио- және бейнематериалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі.
      ЖОО студенттердің электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық деректер көздерін қоса алғанда оқу, ғылыми, ақпараттық базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      Кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету студенттердің өзіндік жұмысын жүйелі түрде күшейту арқылы жүзеге асады.
      73. Білім алушылардың зерттеу қызметіне қойылатын талаптар.
      Студенттердің ғылыми жұмыстары оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып табылады және кафедраларда, зертханаларда, ғылыми, конструкторлық және жоғары оқу орындарының жобалау бөлімдерінде, студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде (конструкторлық және өзге бюролар, орталықтар, ҒЗИ және т.б.) ұйымдастырылады.
      Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) жетекшілікті ЖОО профессорлары, доценттері, оқытушылары атқарады. ЖОО СҒЗЖ жүйесінің жаппай ұйымдастыру іс-шараларын жоспарлауы және өткізуі тиіс.
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      74. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де сипатталады.
      Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
      1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
      2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
      3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу;
      4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
      5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
      75. ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
      76. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
      1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;
      2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
      3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
      77. Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
      1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
      2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;
      3) Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу;
      4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;
      5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
      6) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;
      7) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
      8) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
      9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
      10) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
      78. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
      1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
      2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.
      79. Өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
      1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
      2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу;
      3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
      80. Арнайы құзыреттер жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады.
      81. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
      82. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Офис регистратор (бөлім, сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
      83. Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол студенттердің бекітілген үлгідегі транскрипінде көрінеді.
      Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
      84. Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
      85. ЖОО бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған кезеңде мамандық (мамандықтың оқу пәндері) бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру және/немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.
      86. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе біліктілік беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
      Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына 1-қосымша    
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі - 4 жыл)




Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Теориялық оқыту (1:3)

129

105

5805

1935

3870

55,3

2

Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0)

8

60

240

240

-

4,0

3

Қорытынды аттестаттау (1:6) оның ішінде:

3

6

315

45

270

52,5

1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін)
2) диплом жұмысын жазу және қорғау

1

2


2

4


105

210


15

30


90

180


52,5

52,5




БАРЛЫҒЫ

140

111

6360

2220

4140

-

4

Практика (кәсіптік), оның ішінде:

6

5-11

150-330

90

60-240

30,0

1) оқу (1:0)

2

1

30

30

-

30,0

2) педагогикалық (1:1)

4

4

120

60

60

30,0

3) өндірістік (1:4)

4

10

300

60

240

30,0

5

Демалыс

-

63-57

-

-

-

-

6

Емтихан сессиясы (7х3 апта)

-

21

-

-

-

-



БАРЛЫҒЫ (52 апта х 4 жыл - 8 апта=200)

146

200

6510-6690

2370

4140-4320


      ЕСКЕРТПЕ:


      1. Бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
      2. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
      3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, ал педагогикалық немесе өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
      4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
      5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
      6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
      7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
      8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға


міндетті стандартына 2-қосымша    


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет