Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»



бет1/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#2803
  1   2   3   4   5   6
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      2) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      3) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      4) орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      5) жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің    2012 жылғы

23 тамыздағы


№ 1080 қаулысымен  
бекітілген      
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде әзірленді, білім беру мазмұнына, студенттердің білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, олардың құрылымына және студенттердің даярлық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
      Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) жоғары арнаулы білім – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
      2) бакалавриат – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
      3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;
      4) дипломдық жұмыс (жоба) – тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
      5) жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
      6) элективті пәндер каталогы (ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
      7) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
      8) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;
      9) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
      10) оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) – мамандық бойынша әзірленетін үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;
      11) үлгілік оқу бағдарламасы (ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компоненттегі пәннің оқу құжаты;
      12) үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты.
      2. Жоғары білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, бакалавриаттың тиісті мамандықтары және жоғары арнаулы білім бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.
      3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломды мамандар) даярлауды:
      1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
      2) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
      3) академиялық күнтізбеге;
      4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
      5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
      6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе біліктілік беріледі.
      5. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
      1) студенттердің дайындық деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптардың негізінде жоғары білім сапасын арттыру;
      2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;
      3) студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
      4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
      5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының халықаралық білім кеңістігіне тең дәрежеде қатысуы үшін жоғары білім туралы құжаттардың конвертациялануын қамтамасыз ету.
      6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары заңнамаға сәйкес оқытудың түрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдай алады.
      7. Жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, мазмұны мен көлеміне, оқытудың нормативті мерзімі мен студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы тиіс.
      8. Жоғары оқу орны мамандықтарының тізбесі бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
      9. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
      10. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен құзыретінің деңгейі мен көлемін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
      11. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады және олардың арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.
      12. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
      1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;
      2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери дайындықты және т.б.;
      3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
      Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары пәнді оқытудың модульді жүйесі негізінде жобаланады.
      13. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады.
      Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі анықтайды.
      14. Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
      Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе модульдерінің (элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді. Жалпы еңбек сыйымдылығы ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді.
      15. Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу пәндерінің тізбесімен анықталады.
      16. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 3 кредит көлемімен бағаланады.
      Ерекше жағдайда пәнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.
      17. Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда басқа әрбір оқу пәні қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс.
      18. Студенттер әр оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.
      19. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы әр пәнге тиісті әріптік және сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
      20. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына қолданыстағы заңнаманың нормаларын іске асыратын пәндер міндетті түрде кіреді. Оларға мемлекеттік және орыс тілдері («Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы), дене шынықтыру («Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы), еңбекті қорғау (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі) жатады.
      21. Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады және таңдау компоненттерін де қоса алады. Базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер циклдері міндетті компонентті және таңдау компонентін қамтиды.
      22. Міндетті компонент – жалпы мәдениеттік, жалпы мемлекеттік мәні бар білім беру бағдарламасының және жалпы мамандықтың елдің бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады.
      Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді. Бұл шарт техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында оқытылатын қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін ғана орындалмауы мүмкін.
      23. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнындағы ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.
      Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
      24. ЖБП циклінің мазмұны үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 33 кредитті құрайды және мынадай пәндерден тұрады: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (Орыс) тілі, Шет тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Саясаттану, Әлеуметтану, Экономикалық теория негіздері, Құқық негіздері, Өмір қауіпсіздігі негіздері және Дене шынықтыру.
      Бұл ретте Дене шынықтыру оқытудың қосымша түрлері шеңберінде жүргізіледі және ЖБП циклі кредиттерінің жалпы көлеміне кірмейді.
      25. Мамандықтарға байланысты ЖБП циклының жекелеген пәндері алынып тасталады немесе БП цикліне ауыстырылады. Бұл жағдайда, босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі. Мысалы, «Құқық» тобындағы мамандықтар бойынша «Құқық негіздері» пәні алынып тасталады; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» тобындағы экономикалық мамандықтар бойынша «Экономикалық теория негіздері» пәні ЖБП циклінен БП цикліне ауыстырылады.
      «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» тобындағы жекелеген мамандықтарға да ЖБП циклындағы аттас пәндер бойынша осындай әдістер қолданылады. Бұл ретте босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі.
      ЖБП циклінде таңдау компоненті ретінде аталған пәндер базалық немесе бейіндеуші пәндер циклінің міндетті компонентіне енген мамандықтарды қоспағанда, Мәдениеттану, Психология, Өзін-өзі тану, Инновациялық менеджмент пәндерін қолдану ұсынылады.
      26. БП цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 50%-ын немесе 64 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 44 кредит таңдау компоненті пәндеріне бөлінеді.
      Бұл ретте таңдау компоненті жоғары оқу орнының шешімімен, сондай-ақ кафедраның, білім алушының, жұмыс берушінің ұсынысы бойынша әзірленуі мүмкін.
      27. БП циклінің міндетті компонентіне әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.
      Көрсетілген пәндер тілдік және тиісті мамандықтар бойынша бейіндеуші кафедраларға бекітіледі.
      28. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне бөлінеді.
      29. «Өнер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтары бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемі ретінде осы стандарттың 64-тармағына сәйкес студенттердің теориялық оқудың 129-дан артық кредитін меңгеруі болуы мүмкін. Бұл жағдайда ЖБП циклінің мазмұны 33 кредит көлемінде сақталса, БП және бейінді пәндер циклінің жалпы еңбек сыйымдылығы мен олардың арақатынасы осы стандарттың 26 және 28-тармақтарында белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін.
      30. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте



Циклдер мен пәндер атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

Байланыс сағаты бойынша (50 мин.)

Кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беру пәндерінің циклі (ЖБП)

1485

33

1)

Міндетті компонент

1485

33



Қазақстан тарихы

135

3



Философия

135

3



Шет тілі

270

6



Қазақ (Орыс) тілі

270

6



Информатика

135

3



Экология және тұрақты даму

90

2



Әлеуметтану

90

2



Саясаттану

90

2



Экономикалық теория негіздері

90

2



Құқық негіздері

90

2



Өмір қауіпсіздігі негіздері

90

2

2)

Таңдау компоненті





2

Базалық пәндер циклі (БП)

2880

64

1)

Міндетті компонент

900

20



Кәсіби қазақ (орыс) тілі

90

2



Кәсіби бағытталған шет тілі

90

2

2)

Таңдау компоненті

1980

44

3

Бейіндеуші пәндер циклі (БПә)

1440

32

1)

Міндетті компонент

225

5

2)

Таңдау компоненті

1215

27



Теориялық оқыту бойынша барлығы

5805

129

4

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)





1)

Міндетті компонент







Дене шынықтыру

240

8



Кәсіптік практика (КП) (түрлері бойынша)

Практиканың түріне қарай

кемінде 6*

2)

Таңдау компоненті





5

Қорытынды аттестаттау





1)

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау

210

2

2)

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан(дар) (1 МЕ үшін)

105

1

ЕСКЕРТПЕ:
* «Білім» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 20 кредитке дейін;
«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 15 кредитке дейін.
Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде жоғары оқу орны:
1 кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру логикасын бұзбай пәнді оқуды бір семестрден басқа семестрге ауыстыруға;
2 оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін ұлғайтуға;
3 пререквизиттерді ескере отырып, практикаларды өткізу уақытын дербес бекітуге құқылы.

      31. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.


      32. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
      33. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
      Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
      34. ҮОЖ осы стандарт негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
      35. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) әзірлейді.
      ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК студенттерге элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      36. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын анықтайды.
      ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу қызметінің түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.
      Студенттердің элективті пәндерді ретсіз таңдауының алдын алу және жоғары оқу орны әзірлеген білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында студенттердің таңдауына ЭПК шеңберінде бірнеше білім траекториясын – еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысын есепке ала отырып, жоғары білім мамандығы бойынша қызметтің нақты бір саласына бағытталған білім беру бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік беретін элективті пәндер тізбесін және оларды меңгеру ретін ұсынуға болады.
      37. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) айқындалады.
      ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады.
      38. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
      39. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс, сондай-ақ силлабус болып бөлінеді.
      40. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      41. Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустар (студенттерге арналған пән бағдарламалары) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустардың нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
      42. Білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізу тәсілін жоғары оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз бетінше жүзеге асырады.
      43. Кредиттік оқыту технологиясында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының – тестілер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, есептер және т.б. түрінде тексерілетін, оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулықтармен қамтамасыз етілген белгіленген тақырыптар тізбесі бойынша жұмыстардың (оның ішінде өзі бетінше оқып меңгеруге бөлінген) көлемі артады.
      44. Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және студенттің толығымен өзі орындайтын жұмысы (СӨЖ).
      45. ОСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын студенттің аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді.
      46. ОСӨЖ бен СӨЖ-нің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі айқындайды.
      ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар және семестрлік жұмыстардың, есептер мен басқа да СӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.
      47. Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту. Тиісінше, оқытушылар мен студенттер жұмыстарының мынадай үлгілік циклдері іске асырылады.
      1) Оқытушының студенттермен жұмысының (ОСЖ) үлгілік бірлік циклі үш негізгі функцияны қамтиды.
      Оқытушының бірінші функциясы – бағыттаушы-бағдарлаушылық (тақырыпқа кіріспе, мақсат, міндеттерді қою, практикалық тиімділігін, материал мазмұнының негізгі бөлімдерінің мәні мен өзара байланысын сипаттау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде ұсынымдар т.б.). Бұл студенттің алдағы өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.
      Оқытушының екінші функциясы – консультативтік-түзетушілік. Бұл – студенттің өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру процесінде бұл функцияны тьюторлар атқарады.
      Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушылық-бағалаушылық. Бұл студенттердің білімін, шеберлігін және дағдысын бағалауды әртүрлі нысанда жүргізу (жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу және т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады.
      2) Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) үлгілік бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция кіреді:
      Бірінші функция – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді.
      Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
      Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі.
      Студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды.
      Студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
      48. Жоғары оқу орны оқу процесін барлық қажетті ақпарат көздерімен, атап айтқанда, оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен, өзіндік жұмыс бойынша белсенді үлестірмелі материалдармен және нұсқаулықтармен, электронды оқулықтармен, желілік білім беру ресурстарының қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
      Әрбір студент оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.
      49. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын осы стандартқа 1-қосымшаға (бакалавриат үшін) және 2-қосымшаға (жоғары арнаулы білім үшін) сәйкес басшылыққа алады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет