Білім берутехнологиясының негізгі салалары


қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер. Практикада



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі1.26 Mb.
#455178
1   2   3
Ермахан Зухрабану техн

қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер. Практикада

ондай жаңалық өте сирек кездеседі;
  • Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейкестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып о
  • тырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогакалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды;
  • Практикада бұрын болған, тек максатын өзгертіп пайдалану жаңа нәтижелер беретін жаңалықтар.

  • Білім беру саласында көп қолданатын педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
  • ойын арқылы оқыту технологиясы;
  • проблемалық оқыту технологиясы;
  • тірек сигналдары арқылы оқыту;
  • деңгейлік саралап оқыту;
  • бағдарламалап оқыту технологиясы;
  • оқытудың компьютерлік технологиясы;
  • дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
  • дамыта оқыту технологиясы;
  • модульдік оқыту.

  • Қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл оқытушыға қойылатын талап та жаңашыл болатыны сөзсіз. Оқытушы алдындағы басты міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

    Сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

    Дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді дайын күйінде бермей, оқушыладың алдына белгілі бір мәселені міндет қылып қойсақ, олар инновация элементтерін пайдалана отырып, ізденіп шешуге талпынады. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтарды тәрбиелейміз.

     Менің ойымша инновациялық технологияларды сабақта пайдалану – өмір талабы. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Мұндай технологияларды қолдану да- біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.

    Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

    Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

    Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

    Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

    Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

    Оқытушының уақытын үнемдейді

    Қосымша мәліметтер береді.

    Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

    Барлық  баланы оқыту;

    Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

    Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

    Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

    Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасайды және оның шығармашылығының өздігінен іс – әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына септігін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап – оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет – ретімен толық жеткізуді үйрету. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінен ең маңызды бөлігі

    Бір сабақта барлық элементтерді қатарынан қолдану мүмкін емес, мүмкіншілігіне қарай сабақтың әр этаптарында тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы керек. Соңғы жылдары білім жүйесінде көптеген тәжірибелі әдіс – тәсілдер жиналды, соның ішінен әрбір оқытушы өзіне сай келетіні таңдап, оны одан әрі дамытып оқушылардың жеке тұлғалық сапасына, қабілеттілігіне ашу қажет. Ең бастысы – өз пәніне, жұмысқа, оқушыға деген сүйіспеншілік, талап, үздіксіз еңбек.

    Қорыта келе, сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды жетілдіру ілiм мен бiлiмнiң дамуы  адамзат өркениетiнiң өлшемi. Олай болса, арнайы бiлiм беру үрдісі үнемi жетiлiп, жаңарып отыруды қажет етеді. Жаңа технология мен әдіс-тәсілдердің көмегімен білімді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі



    Қорытынды

    1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002. 2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.



    Пайдаланылған әдебиеттер.

    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет