"Білім биржасы" зияткерлік ойын Тақырыбы: «Білім биржасы»


«Болашақ »- білімділер тобы. Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді, Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған ілімді. «Эврика»



бет2/4
Дата10.04.2024
өлшемі57.38 Kb.
#498226
1   2   3   4
Білім биржасы. сайыс сабақ docx

«Болашақ »- білімділер тобы.
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған ілімді.
«Эврика» – тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас» білгірлер тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.

Аукционға технология пәнінің өткен тақырыптарынан қойылады. Сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 5 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты ІІ турды бастайық.
Аукционға 1 .«Қауіпсіздік ережесі» бөлімінен қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.

Сұрағы: Материалды аралағанда қандай құралды пайдаланамыз?


Жауабы: Материалды аралаған кезде, құралдың жүзін демеу үшін арнайы бағыттағышты пайдалану керек.
2. Аукционға тағыда «Қауіпсіздік ережесі» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы: Станокқа дайындаманың дұрыс бекітілгенін неше минут сайын тексеру керек?
Жауабы: 2-3 минут сайын станокты сөндіріп тексеру керек.
3. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Арнайы дайындалған топыраққа тұқымдықты салу қалай аталады?
Жауабы: Арнайы дайындалған топыраққа тұқымдықты салу егу деп аталады.
4. Аукционға тағыда «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Органикалық тыңайтқыштарды атаңдар.
Жауабы: көң, тезек, қорда, жасыл тыңайтқыш, шымтезек
5. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Калийдің дәнді дақылға өсері.
Жауабы: Өсімдіктердің ауруға қарсы тұру қабілетін, жемісті сақтағанда сақталғыштығын, тасымалдағанда шыдамдылығын арттырады. Эстетикалық және дәмдік сапасын жақсартады.
6. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Екі фазалы егін жинау бір фазалыға қарағанда неше күн ерте жиналады?
Жауабы: Жинау ылғалдылығы 25-35 пайыз ақшыл - сұр тартып піскеннен кейін бір фазалыға қарағанда 4-12 күн ерте басталады.
7. Ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Киіз үй қандай ағаштан жасалады?
Жауабы: Киіз үй берік ағаштан жасалады. (Қайыңнан, талдан)
8. Ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Ағашты жонуды неше топқа бөледі?
Жауабы: Ағашты жонуды осьтік, тангенциальды, радиалды және тура деп төрт топқа бөледі.
9. Ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Металдың механикалық қасиеттерін ата.
Жауабы: Металдың механикалық қасиеттері: қаттылығы, беріктігі, серпімділігі, иілгіштігі және тұтқырлығы.

Осымен ІІ – тур аяқталды. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту).


Келесі «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен келесі сайысты бастаймыз. Дайынбыз ба? Біздің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет