2. Органикалық қалдықтардан түзілген пайдалы қазба. Онда өсімдіктер азықтану үшін қажетті заттар аз, бірақ ол топырақтың құрамын жақсартып, қарашірік қабатын арттырады. Топырақтың тез қызуына жағдай жасайды.
Сұрақ: Осы органикалық тыңайтқышты ата.
Жауап: Шымтезек
3. Сыйлық. Сұраққа жауап бермей-ақ 50 теңге қоржындарыңызға түседі. Құттықтаймын.
4. Ауыл шаруашылығы - Қазақстан егіншілігінің басты саласы. Қазақстан - әлемдегі аса ірі астық өндіруші елдердің бірі. Соңғы жылдарда дәнді дақылдарды егу, ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің жалпы ауданының 80 пайызын құрады.
Сұрақ: Елімізде жылына шамамен қанша тонна астық өндіріледі?
Жауап: Елімізде жылына шамамен 13-20 млн тонна астық өндіріледі.
5.Тікелей комбайн салу арқылы біркелкі пісіп жетілген, аз ластанған, сиректелген және төмен бойлап өскен өсімдікті жинап алады. Жинауды дән толық піскеннен кейін, ылғалдылығы 25 пайыздан артық болмаған жағдайда орындайды.
Сұрақ: Осы егін жинау әдісі қалай аталады?
Жауап: Бұл егін жинау әдісі бір фазалы әдіс деп аталады.
6. Бұйымның құрылымы туралы барлық мәліметтер баяндалған және оны дайындауға, бақылауға қажетті графикалық және мәтіндік құжаттар жиынтығы. Оларға сызбалар, схемалар және мәтіндік құжаттар жатады.
Сұрақ: Бұл құжат қалай аталады?
Жауап: Технологиялық карта деп аталады.
7. Бұл механизмдер, тетіктер, машиналар және құрылымдар жасаудағы негізгі материал болып табылады. Дүние жүзінде барлық металдың 94% -ын осы металдар құрайды. Табиғатта бұл металл таза күйінде кездеспейді, оны қорыту арқылы алады.
Сұрақ: Бұл металл қалай аталады?
Жауап: Қара металдар деп аталады.
8. Бұл тұтас материалда тесік жасау немесе тесіктің диаметрін үлкейту сияқты ең көп тараған өңдеу әдісі. Бұл өз осінен бойлай айналып, күрделі қозғалыстар жасайды. Бұның айналу қозғалысы кесу қозғалысы деп аталады.
Сұрақ: Бұл станок қалай аталады?
Жауап: Бұрғылау станогы деп аталады.
9. Бұл күрес, кәсіпкерлер арасындағы жарыс. Бұл жерде табыс жүлде болып табылады. Ал жолы болмаған кәсіпкер үшін бұл - шығын мен күйреу.
Сұрақ: Осы жарыс қалай аталады?
Жауап: Бәсекелестік деп аталады.
Кезекті экспертке берсек (Топтардың қорытынды капиталын жариялау) .
Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын толықтыра аласыздар. Яғни ақша тікпейсіздер тек ақшаларыңызды толықтыра аласыздар. Әр суретте мақал жасырылған, мақалдың жалғасын дұрыс тапсаң – сыйлық сіздікі. Сонымен қатар егер сұраққа жауап бере алмаған күйде көрермендер жауап беруге болады. Көрермен жауабын дұрыс тапса ұпайды өзінің жақсы көрген тобына береді.
1. Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке.
2. Ер қадірін ер білер, Зер қадірін зергер білер.
3. Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей.
4. Еңбексіз іс бітпейді, Еріншектің қолы жетпейді.
5. Ердің атын еңбек шығарар.
6. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.
7. Шыдамды еңбек, алғыр ой – Анық досың біліп қой.
8. Қыз еркем кестесімен көркем, Ұл еркем өнерімен көркем.
9. Әр нәрсеге асық болғанша, Бір нәрсеге машық бол.
10. Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.
11. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
12. Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз.
Дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Білім алудан кеш қалмаңыздар!
Бүгінгі зияткерлік сайысқа қатысқан топтарды құттықтауға ортаға қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұрлан Мұқатайұлын шақырсақ. (Топтарды марапаттау)
Мектепаралық оқу өндірістік комбинаты
Сайыс сабақ
Тақырыбы: "Білім биржасы" зияткерлік ойын
2017 - 2018 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |