Әр дәріске қатысу-90 балл, дәріс сұрақтарын талқылауға студенттердің белсенді қатысуы-10 балл. Балдарды анықтау үшін 8 аптадағы қатысу бойынша орташа балл есептеледі.
Сабақтың өткізілу формаларына байланысты тақырып материалын игеруге, ауызша сөйлеуге, сөздік жұмыстарын орындауға, сабақтағы белсенділікке, тесттерге жауаптарға, пікірталастарға қатысуға, топпен жұмыс жасау дағдыларына, қорытынды шығарудағы шығармашылыққа, тақырып бойынша сұрақтарға жауаптарға байланысты және айтылым, жазылым, оқылым бойынша бағаланады. Балл санын анықтау үшін практикалық сабақтың 8 аптадағы орташа балы есептеледі.
1. Нормативтік актілерге талдамалық шолу
Бағалау критерийлері: - тапсырманы уақытында тапсыру, талаптарды сақтау (хабарлама көлемі эссе 3-4 бет, реферат 10-12 бет, 1 интервалдан кейін, 12 шрифт), шолудың толықтығы (10 баллға дейін));
- талдау жасай білу немесе жалпылау (50 балл);
- кәсіби қызметтен мысалдар болуы (30 баллға дейін);
- қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білу (20 баллға дейін).
2. Топтық (жеке) презентация (бейнеролик).
Жобаны бағалау критерийлері: 1) материалды меңгеру (слайдтан оқуға болмайды) (25 б.);
2) тақырып бойынша материалды талдау және зерттеу деңгейі(20 б.);
3) тұжырымдар, ұсыныстар және ұсынымдар әзірлей білу (15 б.);
4) аудиторияға сұрақтар қою (10 б.);
5) оқытушының сұрақтарына жауаптар (20 б.);
6) презентацияны рәсімдеу (10 б.).
Бақылау жұмысы
Бағалау критериі: Берілген уақытта берілген тапсырманы толық нақты, қатесіз орындаса
(100 баллға дейін).