Білім және ғылым министрлігі



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі495.88 Kb.
#131275
1   2   3   4

Күтілетін нәтижелер:

Білімі:Құрылыстағы МСС, сертификаттау және техникалық барьерінің жағдайын, сертификатау жүргізу ережелерін, мемлекеттік метрологиялық қызмет негізін біледі.

Іскерлігі: Стандарттау және сертификаттау туралы ҚР заңы туралы білімін практикада қолдануды біледі. МСС негізгі жағдайын білу.

Дағдысы: Алынған білімін практикада қолдануға дағдысы бар.

Құзыреттілігі: «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңы туралы базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Сатиева Б.Г., аға оқытушы Кундызбаев Д.К.

5

KurF 0205

Құрылыс физикасы

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Физикалық нормалар, өрт қауіпсізідігі, дыбыс өткізгіштік, ылғалдылық, желдету, бу өткізгіштік, гидроизоляция, құрылыс материалдарының, құрылыс конструкцияларының өрт кезіндегі класын оқу.

Қысқаша мазмұны: Жылу қорғау. Физикалық нормалар. Жылу қорғау бойынша норма көрсеткіштері. Ылғалдылық – ылғалдылықтан қорғау. Гидроизоляция және буизоляция. Дыбыс – дыбыстан қорғау. Құрылыс конструкцияларының дыбыс өткізгіштік. Дыбыс өткізгіштікті анықтау әдістері. Өрт қауіпсіздігі. Құрылыс материалдарының класы. Өрт кезінде өқрылыс конструкцияларының іс әрекеті.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Физикалық норма, өрт қауіпсіздігі, дыбыс өткізгіштік, ылғалдылық, желдету, буизоляция, гидроизоляция, құрылыс материалдарының класы туралы біледі.

Іскерлігі: Дыбыс қткізгіштік дірежесін, құрылыс материалдары класын анықтауды біледі.

Дағдысы: Ылғалдылық, гидроизоляция, буизоляция, дыбыс өткізгішітік және жылу қорғау дәрежесін анықтауда дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Құрылыс конструкцияларының физикалық норма және өрт қауіпсіздігі жайында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Садвакасова Г.О.

6

JGJ 0206

Жылу газ желдету

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Термодинамика заңын, ауа бойынша желдету жүйесінің өнімділігі, ауа желдету жүйесі, ауа желдету жүйесіндегі ауаны өңдеуді оқу.

Қысқаша мазмұны: Негізгі түсініктер және анықтамалар. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың екінші заңы. Сулы бу. Ылғал ауа. Арын термодинамикасы. Ауаның негізгі параметрлері. Желдетілетін бөлменің микроклиматы. Желдетілетін бөлменің жылу және ылғалдылық балансы. Ауа бойынша желдету жүйесі өнімділігін есептеу. Ауа тазалауға арналған құрылғы. Ауаны жылу ылғалдылық өңдеуге арналған түйісу типті құрылғы. Ауаны жылу ылғалдылық өңдеуге арналған жылуалмасу аппараттары. Ауаны бөлу жүйесі: ауаөткізгіштерді таңдау және есептеу. Желдеткіштер. Ауаның көлемін реттеуге арналған құрылғы. Ауаны желдету жүйесі; ауаны желдету жүйесіндегі ауаны өңдеу процестері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Термодинамика заңын, ауа бойынша желдету жүйесінің өнімділігін есептеу, желдеткіш, құрылғы, микроклимат туралы біледі.

Іскерлігі: Ауа бойынша желдету жүйесінің өнімділігін, желдетілетін бөлме микроклиматты есептей алады.

Дағдысы: Ауа бойынша желдету жүйесінің өнімділігін, желдетілетін бөлме микроклиматты есептеуде, ауа тазалау үшін құрылғы таңдауға дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Ауа бойынша желдету жүйесінің өнімділігін, желдетілетін бөлме микроклиматты есептеуде, ауа тазалау үшін құрылғы таңдауда базалық білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Степанова О.А.

7

TIS 0207

Территорияны инженерлік сәулеттендіру

Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Қала территориясының инженерлік жабдығын, қала территориясының санитарлық сәулеттендіруі және қала территорияларын жарықтандыру туралы оқу.

Қысқаша мазмұны: Халықтық орындар территориясын инженерлік ұйымдастыру. Қалалық территорияның инженерлік жабдықтары. Қала территориясын сәулеттендіру кезінде жаяу және транспорттық қозғалысын ұйымдастыру. Қала территориясын көгалдандыру. Табиғи және жасанды суаттарды, спорт кешенін және демалу аймақтарын инженерлік сәулеттендіру. Қала территориясын жарықтандыру. Қала территориясын санитарлық сәулеттендіру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қала территориясының инженерлік жабдықтары, халық шоғырланған территорияларды жарықтандыруды ұйымдастыруды біледі.

Іскерлігі: Транспорттық және жаяу жүргінші қозғалысын, қала территориясын санитарлық сәулеттендіру және жарықтандыруды ұйымдастыра біледі.

Дағдысы: Қала территориясын көгалдандыруға, инженерлік жабдықтармен жұмыс істеуге және қала территориясын көгалдандыру кезінде транспорттық және жаяу жүргінші қозғалысын ұйымдастыруға дағдысы бар.

Құзыреттілігі: Халық шоғырланған территорияларды инженерлік ұйымдастыруда, табиғи және жасанды суқоймасын инженерлік сәулеттендіру, спорт кешені және демалыс аймағы жайында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Коновалов А.П.

8

INeg 0208

Іргетастар мен негіздер

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизиттер– 31 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы іргетастар мен негіздер түрлері туралы, есептеу және жобалау әдістері, ғимараттар мен имараттардың негіздері мен іргетастарын беріктендіру тәсілдері туралы негізгі мәлімет беру.

Қысқаша мазмұны: Негізгі түсінік. Негіз және оның түрлері. Іргетастар, оның классификациясы. Негізгі құрамдық бөліктер. Негіз осадкасы. Іргетас деформациясы. Негіз осадкасын есептеу. Іргетас салудың тереңдегі. Негізгі және қосымша жүктемелер. Іргетастарды есептеу методикасы. Іргетастардың және негіздің беріктігі. Іргетастарды жобалау. Іргетас ұлтасының ауданын анықтау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Іргетасты орнату тереңдігі туралы. Іргетастар мен негіздердің түрлерін есептеу және жобалауды біледі.

Іскерлігі: Негіздер мен іргетастар жағдайын бағалау, сонымен қатар нақты құрылыс түріне іргетас пен негіздердің түрін дұрыс таңдауды бағалай алады.

Дағдысы: Іргетас пен негіздер түрін таңдау және есептеу, жобалау. Ғимараттар мен имараттарды қайта жаңарту және жөндеу кезіндегі кқтеруші қабілетін көтеру әдістерінде дағдысы бар.

Құзыреттілігі: Іргетастар мен негіздерді жобалау туралы базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Коновалов А.П.

9

KUJ 0209

Құрылысты ұйымдастыруды жобалау

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Құрылысты жобалау бойынша ұйымдастыру мәселесін өз бетімен шешуге мамандарды даярлау.

Қысқаша мазмұны: Негізгі түсінік. өндірістің «жеткілікті қуаты» түсінігі. Біріншілік өндіріс бөлімшелер құрылымын жобалау. өндірістік ғимараттарды тұрғызудың ұйымдастыру-техникалық моделі. Құрылысты дайындау бойынша кешен жұмысы. Салынатын құрылысты орындайтын ұйымдастыру жүйесінің құрылымын жобалау. Кешен салудың директивті графигін жобалау. Құрылыс шаруашылығын жобалау. Ресурстарға тәуелділікті негіздеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Азаматтық және өндірістік ғимараттарды тұрғызуда ұйымдастыру-техникалық модельдер. Құрылысты жүргізетін ұйымдастыру жүйесінің құрылымын жобалау.

Іскерлігі: Нақты ғимаратар мен имараттарды тұрғызу үшін қазіргі заманғы ұйымдастыру-техникалық моделдерін қолдану.

Дағдысы: Кешеннің директивті графиктерін жобалау. Құрылыс шаруашылығын жобалау.

Құзіреттілігі: Құрылысты ұйымдастыруды жобалау жайында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Доцент Коновалов А.П.

10

JAK 0210

Жобалаудағы AutoCAD

Кредит көлемі3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны- 5.



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер –жоқ

Оқыту мақсаты: AutoCAD жүйесінде сызбаларды тұрғызудың автоматтандырылған жобалау жүйесі жұмысының негізгі принциптерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Негізгі түсінік. Автоматтық жобалаудағы схематехникалық сараптама. Автоматтық жобалаудағы және оның дамуындағы техникалық құрал. AutoCAD, КомпАС, АrhiCAD бағдарламаларында екі өлшемді және үш өлшемді жобалау. Тегіс және кеңістікті объектілерді жасаудағы мүмкіншіліктер мен командалар. Меню файлдарын әзірлеу. Автоматтандырылған жобалау жүйесі жұмысының негізгі принциптері. Графикалық примитивтер және олардың модификациясы. Текстпен, блокпен, қабаттармен жұмыс істеу. Беттің және дененің үш өлшемі. AutoCAD жүйесінде сызбаларды тұрғызу негізі. . Перспективада AutoCAD жүйесін қолдану арқылы перспективаны және көлеңкені тұрғызу. AutoCAD жүйесінде жер жұмыстарының шекарасын тұрғызу, сандық белгіленумен проекция. AutoCAD жүйесінде түрлі әдістермен (қысу, айналдыру) аксонометриялық проекция тұрғызу. AutoCAD жүйесінде резьбалық қосылыстарды (болтпен, шпилькамен қосылыс, құбырлық қосылыс) тұрғызу. AutoCAD жүйесінде құрылыс сызбаларын (қасбет, жоспар, қима және ғимарат конструкция сызбалары) тұрғызу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Автоматты жобалау саласында жұмыс істеудің негізгі принцтптерін біледі. Графикалық примитивтер және модификациялары. Мәтінмен, блоктармен, қабаттармен жұмыс істеу. Үш өлшемді беттермен жұмыс істеу. AutoCAD жүйесінде сызудың негіздері.

Іскерлігі: AutoCAD жүйесінде әртүрлі әдіспен аксонометриялық проекцияларды сыза алады.

Дағдысы: AutoCAD жүйесінде сызбаларды жасай алады.

Құзіреттігі: Мәтінмен, блоктармен, қабаттармен жұмыс істеу. Үш өлшемді беттермен жұмыс істеу. AutoCAD жүйесінде сызудың негіздерін біледі.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Мухтарханов М.О.

11

JobI 0211

Жобалық іс

Кредит көлемі – 3(2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер –Жобалық құжаттарды ұйымдастыру

Оқыту мақсаты: Жобалық іс, жобалау кезеңдері, жұмыс сызбалары және жұмыс құжаттары туралы мағлұмат алу. Жобалық құжаттарды рәсімдеу және кешендеуге талаптар

Қысқаша мазмұны: Жоба типтері. Проект классы. Жоба масштабы. Жобаның техникалық, ұйымдастырылған, экономикалық, әлеуметтік және аралас типі. Жобаны басқару. Жоба түрі. Жобаның фазасы, сатылары және кезеңі. Жалпы түсіндірме хат, жұмыс құжаттары, технико-экономикалық бөлімі, технологиялық бөлім және құрылыстық бөлім.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жоба туралы, жобалау кезеңдері, жобалық құжаттарды рәсімдеуді және кешендеуді біледі

Іскерлігі:

- жобалық құжаттамаларда жұмыс істей білу

- жобалау кезеңдерін айыра білу;

- жұмыс құжаттамаларын құру.



Дағдысы: Жобалық істі ұйымдастыру

Құзіреттілігі: Жобалық істі жетілдіру және өқрамы жөнінде базалық білімін көрсете алады

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Рсаков О.С.

12

JTeh 0212

Жылу техникасы

Кредит көлемі-2(1+1+0),ECTS бойынша кредит саны ECTS– 3.



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – «Жылу масса алмасу»

Оқыту мақсаты: Жылу энергиясын алу, тасымалдау, өндіру және қолдану саласында мамандарды жылутехникалық қондырғыны экономикалық тиімді тұрғыдан қарағанда жобалайтындай, таңдай алатынтай және қолдана алатындай дәрежеге дейін үйрету.

Қысқаша мазмұны: Қайтарылатын және қайтарылмайтын процестер. Жылусыйымдылық. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. Нақты газдар мен булардағы термодинамикалық процестер. Жылуды тасымалдау түрлері. Жанармай, жану негізі. өнеркәсіптік жағу құрылғылары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Энергия ауысымының негізгі заңдары, термодинамика және массаалмасудың негізгі заңдары;
- термодинамикалық процесстер және циклдар;
- саладағы қолданылытын жұмыс денелерінің негізгі қасиеттері;
- жылуалмасу аппараттардың, жылусилосты қондырғыларының және т.б. жылуалмасу құрылғылардың құрылымы және жұмыс істеу принципі;

Іскерлігі: Саладағы жылусилосты қондырғыларының және т.б. жылуалмасу құрылғылардың жұмыс процесстерінің термодинамикалық есептерін жүргізе алады;
- жылуалмасу құрылғылардың теплогидравликалық есептерін жүргізе алады;

Дағдысы: Жылумен қамтамасыз ету саласында тиімді жүйелерді таңдай алу және есептей алу, энергияны алу және қолдану, суыту және термостатирлеу жабдықтарының рационалды жүйелері;

Құзіреттілігі: Энергиялық қондырғыларының жылу режимдерін есептеу, қосылыстарын және элементтерін.

Бағдарлама жетекшісі: Т.ғ.к. Степанова О.А.

13

JSA 0213

Жылу салмақ алмастыру

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Тұрғын және өндірістік объекттердің жылуэнергиялық жабдықтарын эксплуатациялау және жобалау сұрақтарымен айналысатын инженерлерді даярлау. Оқыту мақсаты мамандықтың профильді пәндерін меңгеруге, жылугазбенжабдықтау, желдету және ауаны желдету жайында мәселелерді шешу кезінде жылу алмастырудың негізгі заңдарын шығармашылық қолдануда дағдысын жетілдіру.

Қысқаша мазмұны: Бір және екі текті шекаралық жағдайлардағы стационарлық жылуөткізгіштік. Шексіз пластина мен цилиндрлердің стационарлы емес жылуөткізгіштігі. Сәулеленулік жылу алмасу, біртекті ортадағы конвективті жылу алмасу, амалсыз және табиғи конвекция, фазалық айланудағы жылу алмасу. Салмақ алмасудың заңдары мен негізгі түсінігі, «үштік» аналогия. Бір мағыналық түрлі жағдайдағы стационарлы және стационарлы емес жылу салмақ алмастыру. Амалсыз және табиғи конвекция кезіндегі конвективті жылу салмақ алмастыру. Мөлдір және жұтып алатын ортадағы радиоционды жылу алмастыру. Жылу алмастыру аппараттары. Жылу алмастыру аппараттарының жылу есептері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жылу салмақ алмастыру түсінігі, жылу салмақ алмастыру механизмдерінің заңдарын

Іскерлігі: Жылу салмақ алмастыру процесстерін сипаттайтын мәндерді анықтау бойынша жксперименттік зерттеулер жүргізу.

Дағдысы: Жұмыс дененің жағдайын диаграммалар, кестелерді қолдана отырып есептеу жұмыстарын жүргізу.

Құзыреттілігі: Жылугенериялық құрылғыларды жобалау үшін, сонымен қатар фазалық ауысу кезінде жылусалмақалмастыру процесстерін есептеу үшін базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Т.ғ.к. Стапанова О.А.

14

Kom 0214

Компрессорлар

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Газдарды (компрессорлар және детандар) кеңейту және сығуға арналған машиналар теориялары және жұмыс процесстерін, элементтер конструкциясы және машиналар толығымен, сонымен қатар тиімді эксплуатацияны қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылымдау және есептеудің әдістерін студенттердің оқуы.

Қысқаша мазмұны: Газдар мен сұйықтарды беруге арналған машиналар классификациясы. Негізгі жайлар мен анықтамалар. Беру, қысым, арын, энергия және қуат. Ортадан тепкіш және остік желдеткіштер. Компрессорлық машиналар. Ортадан тепкіш, остік, поршендік, роторлық компрессорлар. Желдеткіштер мен компрессорлардың аэродинамикалық және гидравликалық есептеулері. Арнайы машиналар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Газды кеңейту және сығу термодинамикалық процессінің теория негізі; компрессорлар және детандар конструкциялары;

Іскерлігі: Компрессорлар, детандерлерді жобалауға машиналар мен оның элементтерінің жылулық және конструктивті есептеулер жүргізуге, сызбалар және оларды дайындауға басқада техникалық құжаттамаларды жетілдіруге, сонымен қатар МЕСТ талаптарына және техника қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жинақталған сериялық жабдықтар таңдауға техникалық тапсырма құру;

Дағдысы: Компрессорлық және детандерлік машиналар бөлшектері, элементтері, түйістерін, сонымен қатар агрегаттау және компоновкалау принциптерін есептеу әдістері;

Құзіреттілігі: Компрессорлар, тоңазытқыш машиналар құрамындағы детандерлерді тиімді эксплуатациялауды

қамтамасыз ету.



Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Степанова О.А.

15

InG 0215

Инженерлік графика

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – Сәулет және құрылыс конструкциялары, Құрылыс конструкциялары 1,2, Жобалаудағы автока.

Оқыту мақсаты: Студенттердің жазықтықта кеңістікті суреттерді салу тәсілін менгеру. Кеңістікті суреттердің геометриялық сипаттарын жазықтықты бейнесі арқылы зерттеу.

Қысқаша мазмұны:

Инженерлі графика пәні және негізгі тәсілі. Кеңістікті жазықтықта бейнелеу мақсаты. Проекция тәсілі. Проектті жаңғыртудың түсінігі. Жақын үйлесімділік және сипаттары. Геометриялық мәселелерді шешу үшін жақындықты қолдану. Ортогональді проекциялар (ОП). Аксонометриялық проекциялар (АП).



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Кешенді және аксонометриялық сызбалардың теориялық негіздерін біледі.

Іскерлігі: Сызу геометриясы тәсілдерін қолданып әртүрлі геометриялық денелерді сыза алады.

Дағдысы: Мамандығы бойынша графикалық жұмыстарды жасауда икемі бар.

Құзіреттілігі: Сызба арқылы кеңістікті мәселелерді зерттеу туралы білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Уйсембаева Ш.А.

16

Geo 0216

Геодезия

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер – Геотехника

Оқыту мақсаты: Ғимарат пен үймереттерді салуда геодезиялық қамтамасыз ету туралы білім беру.

Қысқаша мазмұны: Геодезия туралы негізгі мәліметтер. Геодезиялық өлшеулер. Түсіру түрлері және бөлінуі. Құрылыстағы геодезия. Жылу және атомды электр станциялардың қондырғыларын орнату кезінде геодезиялық қамтамасыз ету. Ауылшаруашылық нысандарды геодезиялық қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құрылыс және жобалау үшін геодезиялық жұмыстардың құрылымын және технологиясын біледі.

Іскерлігі: Топогеодезиялық материалды қолдана алады, топографиялық карталарды оқи алады, құзырлы мекемелер алдында құрылыс үшін керекті мақсаттарды коя алады.

Дағдысы: Керекті өндірістік жағдайларда негізгі геодезиялық құрылғыларды қолдана алады, әдебиетпен және жаңа геодезиялық құрылғылармен жұмыс істей алады.

Құзіреттілігі: типтік құрылыс мәселелерін шешуде геодезиялық өлшеу туралы негізгі білімдері бар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Ахметов Б.А.

17

KEM 0217

Құрылыстағы экономика және менеджмент

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Құрылыс кешенінің жұмыс істеуі бойынша негізгі заң шығару және нормативтік актілердің негіздерін зерттеу.

Қысқаша мазмұны: Құрылыстағы жекешелендіру формалары. Құрылыстағы инвистицияның экономикалық әсері. Құрылыстағы баға орнату және сметалық ісі. Құрылыс кәсіпорынының өнімінің өзіндік құны. Құрылыс нарығы. Инвестициялық – құрылыс жұмысын бақылау. Кәсіпорын нарық экономикасының субъекті ретінде. Құрылыстағы өндірістік фондтар. Құрылысты материалды-техникалық қамтамасыз ету. Құрылыстағы кіріс және табыс. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп және аудит. Құрылыс кәсіпорындардағы салық.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құрылыс кәсіпорындарының жұмысына сала ерекшеліктерінің әсері, ресурстарды тиімді қолдану, инвестициялық жұмыстың негіздері және капиталды салымдарды тиімді пайдалану.

Іскерлігі: Әртүрлі шаруашылық жағдайларға сәйкес техникалық-экономикалық есептерді шығара алады; жаңа инженерлік шешімдердің және ұйымдастырудың экономикалық тиімділіктерін талдай алады.

Дағдысы: Қазіргі заманғы нормалар және бағалар бойынша жобалы-сметалы құжаттарды дайындау туралы біліктілігі бар; қазіргі заманғы жағдайларға сәйкес құрылысқа инвестициялардың тиімділігін анықтау.

Құзіреттілігі: Құрылысты қаржыландыру және несиелендіру барысында негізгі білімдері бар.

Бағдарлама жетекшісі: э.ғ.к. Толымгожина М.К

18

Geo 0218

Геотехника

Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Топырақ механикасы жайында негізгі білім беру, іргетас пен негіздерді жобалау туралы қазіргі заманғы жобалау тәсілдерін үйрету.

Қысқаша мазмұны: Жердің формасы мен өлшемдері туралы түсінік. Минералдар және тау жыныстары. Эндогенді процесстер. Ммагматизм, тектоника, метаморфизм. Жыныстардың физикалық қасиеттері. Гидрогеология негіздері. Жер асты сулар динамикасы. Инженерлі-геологиялық тексерістері.

Күтілетін нәтижелер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет