Білімі: Топырақтың негізгі түрлерін, физикалық және классификациялық көрсеткіштерін біледі. Топырақ механикасының негізгі заңдары, топырақтардың механикалық қасиеттері және тексеру түрлері; негіздің кернеліп-деформацияланған күйін анықтау.
Іскерлігі: Құрылыстың инженерлі-геологиялық шарттарын бағалау; кернеліп-деформацияланған күйін анықтау барысында топырақ механикасының типтік мәселелерін шешу, топырақты массивтердің көтергіш қабілетін тексеру.
Дағдысы: Іргетастардың, жер асты имараттардың өлшемдерін, жасау тәсілдерін, қайта жаңғыртудың түрлері туралы білімі бар, сонымен қатар ерекше жағдайларда.
Құзіреттілігі: Топырақты массивтердің беріктігін, орнықтылығын және қоршауға қысымын тексеру тәсілдері туралы негізгі білімі бар.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Куттыкадамов М.Е
19
|
KMJ 0219
|
Құрылыс машиналары мен жабдықтары
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Құрылыс жұмыстарын механизациялауын ұйымдастыру үшін құрылыс машиналары және жабдықтары туралы негізгі білім алу.
Қысқаша мазмұны: Құрылыс машиналары классификациясы. Көліктік, тасымалдайтын, тиеп-түсіретін және көтеретін машиналар. Жер және қада жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар. Тасты материалдарды жуу, ұсақтау және іріктеуге арналған машиналар. Бетон және ерітіндіні дайындау, тасымалдау және тығыздауға арналған машиналар. Әрлеу жұмыстары машиналары. Құрылыс машиналарын эксплуатация негіздері.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Өндірістік ерекшеліктерге байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын механизациялау үшін машиналарды және жабдықтарды таңдай алады.
Іскерлігі: Құрылыс машиналарының және жабдықтарының негізгі технологиялық параметрлерін анықтай алады; пайдаланудың шарттарына байланысты машиналарды керекті түрде пайдалана алады.
Дағдысы: Құрылыс-монтаждау жұмыстарына сәйкес құрылыс машинасын есептей және таңдай алады.
Құзіреттілігі: Құрылыс және кіші механизациялау машиналарының жұмыстары және жұмыс істеу принциптері туралы негізгі білімдері бар.
Бағдарлама жетекшісі: доцент Коновалов А.П
|
20
|
MKKM 0212
|
Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 31 кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Теориялық механика және материалдар кедергісі жайында теориялық білім беру және имараттар элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және төзімділікке есептеу әдістерін үйрету.
Қысқаша мазмұны: Созылу және сығылу. Жылжу және бұрау. Арқалық және раманың иілу кезіндегі кернеуі. Арқалық және раманың иілу кезіндегі ығысуы. Бір пролетті арқалықтарды есептеу. Көп пролетті арқалықтарды есептеу. Жазық рамаларды есептеу. Арқалықты фермаларды есептеу. Тiреуiш және құрамалы жүйелердiң есептеу.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Серпімді дененің деформациялануы туралы негізгі заңдарды біледі
Іскерлігі: Материалдар кедергісі курсы аймағында беріктікке және қатаңдыққа өз бетімен есептей алады.
Дағдысы: Серпімді дене деформациялануы заңының практикалық зерттеу туралы дағдысы бар.
Құзіреттілігі: Теориялық механика курсының «Статика» тарауы бойынша, материалдар кедергісі жайында базалық білімін көрсете алады
Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Туруспеков С.К
|
Профильді пәндер – 27 кредит
|
1
|
KKon (2) 0301
|
Құрылыс конструкциялары 2
Кредит көлемі -4 (2+1+1), ECTS бойынша кредит саны - 6
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – Құрылыс конструкциялары 3
Оқыту мақсаты: Студенттердің темірбетон конструкцияларын есептеу, құрастыру және таңдау тәсілдерін үйрету.
Қысқаша мазмұны: Темірбетон конструкцияларының түрлері. Иілген, созылған және қысылған элементтерді есептеу. Алдын ала кернелген конструкцияларды есептеу ерекшеліктері. Ортасынан тыс қысылған элементтерді есептеу ерекшеліктері. Материалдарды таңдау және жобалау.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Темірбетон материалынан жасалған элементтердің физика-механикалық қасиеттерін, есептеуін және құрастыруын біледі.
Іскерлігі: Темірбетон материалынан жасалған ғимараттардың конструктивті сұлбаларын құрастыра алады.
Дағдысы: Берілген жүктеме негізінде ғимарат пен имараттың керекті сұлбасын және материалын таңдай алады.
Құзіреттілігі: Темірбетоннан жасалған конструкциялардың қимасын және т.б. өлшемдерін үнемді таңдай алады.
Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Мухтарханов М.О.
|
2
|
GTE 0302
|
Ғимараттарды техникалық эксплуатациялау
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Ғимараттарды эксплуатациялау, индустриализация, ғимараттарды эксплуатациялау кезінде кешенді автоматтандыру және механизациялау жайында теориялық және практикалық дағдыларды алу.
Қысқаша мазмұны: Ғимараттарды эксплуатациялау және өндірісі бойынша жалпы жағдай. Ғимараттарды эксплуатациялау кезіндегі, жұмысшылардың еңбек ақысы, олардың тарификациялау, ұжымдық және еңбектік шарттар техникалық құжаттамалар. Индусриализация, ғимараттарды эксплаутациялау кезіндегі кешенді автоматтандыру және механизациялау. Жер жұмыстарының өндірісі, іргетас, қалқалар, қабырғаларды жөндеу, құрылыс конструкцияларының изоляциясын қалыптастыру, ғимараттарды эксплуатациялау кезіндегі құрылыс конструкцияларын монтаждау.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Ғимараттарды өндіру және эксплуатациялау бойынша, ғимараттарды эксплуатациялау кезіндегі техникалық құжаттарды, негізгі мәліметтерді біледі.
Іскерлігі: Жұмысшылардың еңбек ақы қорын және олардың тарификациясын есептеуді, коллективті және еңбек келісім шарттарын құрауды есептей алады.
Дағдысы: Ғимараттарды ұстау еңбексыйымдылығы және құнын төмендету, ғимараттарды эксплуатациялау және өндіру бойынша дағдысы бар.
Құзіреттілігі: Ғимараттар мен имараттарды эксплуатациялау жайына базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: Доцент Коновалов А.П.
|
3
|
JKU 0303
|
Жобалық құжаттамаларды ұйымдастыру
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиттер – 101кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Жобалық құжаттамалардың бөлімдерін білу, жобалау сатыларын, жұмысшы жоба және құжаттама туралы түсінік. Жобалық құжаттамаларды құрастыруға және рәсімдеуге қойылатын талаптар.
Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. Құрылысты ұйымдастыру жобасы. Жұмыс өндіріс жобасы. Құрылыс өндірісін тасқынды ұйымдастыру негізі. Ұйымдастыру техникалық дайындық. Графикалық желі негізінде өндірісті ұйымдастыру. Мерзімдік жоспар. Құрылыс бас жоспар. Құрылысты бақылау. Жұмысты және объектті тапсыру.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Жобалық құжаттамалардың бөлімдерін біледі, жобалау сатыларын, жобалық құжаттамаларды құрастыруға және рәсімдеуге қойылатын талаптарды біледі.
Іскерлігі:
- жобалық құжаттамалардың біледі;
- сатыларын ажырата алады;
- жұмысшы құжаттарды құрастыра алады.
Дағдысы: Жобалық құжаттамалардың құрастыра алады.
Құзіреттілігі: Жобалық құжаттамалардың құрылымын және ұйымдастыру туралы негізгі білімі бар.
Бағдарлама жетекшісі: Оқытушы Жолжаксина А.Д.
|
4
|
SmI 0304
|
Сметалық іс
Кредит көлемі –3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Инвестордың «Объектің құрылысының сметалық құнын бағалау», «Объектің құрылысының сметалық құнын болжау», «Объектің құрылысының сметалық құнын инвестрлеу» құрылыс өніміне құнын нормалау бойынша қажетті теориялық және практикалық білім көлемімен қамтамасыз ету және нарықтық экономика жағдайында құрылыс өніміне олардың бөлігінің келісімді немесе шартты құнын, оның ішінде персоналды компьютерде есептеу кешендерін қолдану арқылы бағалау.
Қысқаша мазмұны: Методологиялық сипаттағы сметалық сұрақтар. Элементтік сметалық нормалары және жекелеген бағалар. Элементтік сметалық нормаларға және жекелеген бағаларға коэффициенттер. Жұмыс орындау шарттарына байланысты сметалық сұрақтар. Нормалау және еңбекті төлеу сұрақтары. Құрылыс машиналары мен механизмдерінің құнын анықтау сұрақтары. Құрылыс материалдарының құнын анықтау сұрақтары. Жабдықты монтаждау және оның құнын анықтау сұрақтары. Қосымша шығындар және сметалық пайда. Жобалық жұмыстар құнын анықтау. Қарастырылмаған жұмыстар және шығындар.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Инвестордың құрылыс өніміне бағасын реттеу әдістемесі бойынша және нормативті ақпараттық (сметалық-нормативті) базаны, олардың реттелуін қолдану ережесі.
Іскерлігі: Құрылыс процессі кезінде орындалған ҚМЖ көлемі бойынша құрылыс өніміне келісімді бағаны реттеу
Дағдысы:
-инвестордың және басподрядчиктің құрылыс өніміне құнын негізгі бөліміне реттеу кезіндегі сметалық форманы қолдану;
-персоналды компьютерлерді қолдану кезінде есептеу кешенінің талаптары бойынша негізгі ақпараттың трансформациясы.
Құзіреттілігі: Инвестордың құрылыс өніміне бағасын реттеу және сметалық-нормативті база жайында базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Рсаков О.С.
|
5
|
JKJT 0305
|
Жөндеу-құрылыс жұмыстарының технологиясы
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Шыдамдылықтың теориялық негізін оқу, ғимараттар мен имараттардың конструкционды материалдарының қирау механизмі.
Қысқаша мазмұны: Ғимараттар және имараттардың шыдамдылығы. Ғимараттар мен имараттардың конструкциялық материалдарының қирау механизмі. Ғимараттар мен имараттарды жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің ғылыми-тәжірибелік негіздері. Конструкциялардың техникалық жағдайын және бөлмелерде тұру ортасын тексеру құралдары мен әдістері.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Конструкционды материалдардың қирау механизмін, техникалық қызмет көрсетудің және ғимараттар мен имараттарды жөндеудің ғылыми-практикалық негізі.
Іскерлігі: Шыдамдылықты, конструкциялардың техникалық жағдайын тексеру заты және әдістерін есептей алады.
Дағдысы: Ғимараттар мен имараттар жайында өз бетімен мәселелерді шешу дағдысы бар.
Құзіреттілігі: Ғимараттар мен имараттардың жөндеу жұмыстары және құрылыс жайында базалық білімін көрсете біледі.
Бағдарлама жетекшісі: Доцент Коновалов А.П
|
6
|
GIS 0306
|
Ғимараттар мен имараттарды сынау
Кредит көлемі – 3(2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Ғимарат конструкцияларын жұмысқа қабілетті күйінде сақтау бойынша теориялық білімді меңгеру.
Қысқаша мазмұны: Ғимараттар мен имараттарды сынау және тексеру. Ғимараттар мен имараттарды сынаудың негізгі максаты. Ғимараттар мен имараттарды сынау әдістері: Сенімділік, тоқтаусыз жұмыс істеу, шыдамдылық, жөндеуге ждарамдылық, істен шығу, атқарылған жұмыс, техникалық ресурс. Тоқтаусыз жұмыс істеу, шыдамдылық және жөндеуге жарамдылық көрсеткіші. Ғимараттар мен имараттарды сынау әдістерінің даму тарихы. Күш жүктемесінің классификациясы. Статикалық жинақталған және таралған жүктеменің қосымша әдістері. Жинақталған жүктеме құру әдістері. Таралған жүктеме құру әдістері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Өлшеу құралдарының негізгі сипаттамалары. Зерттеуді жоспарлау теориясының негізі. Табиғи сынау әдiстерінің негiздерi. Эксплуатацияланатын имараттардың көтеруші конструкциялардағы толық кернеуді анықтау әдістері. Статикалық сынау әдістемесі. Сынаудың қиратпау әдістері.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі:
- құрылыс конструкцияларында және бұйымдарында металл, темірбетон, ағаш және пластмасстың негізгі физико-механикалық сипаттамаларын анықтау бойынша қирамайтын әдістері;
- құрылыс конструкцияларын және материалдарын сынауға және тексеруге арналған құрылдар мен жабдықтар;
- көтеруші қабілетін қайта қалпына келтіру әдістерін және ғимараттар мен имараттардың құылыс конструкцияларының эксплуатацияға жарамдылығын білу;
Іскерлігі:
- тексеру кезінде ғимараттар мен имараттардың құрылыс констукцияларының сенімділігін, техникалық жағдайын бағалау;
- сынау кезінде ғимараттар мен имараттардың құрылыс конструкцияларының сапасын және сенімділігін, көтеруші қабілетін бағалау;
- құрылыс конструкцияларын сынау және тексеру жүргізген кезде бақылау-өлшеу құралдарының түрлі типін дұрыс қолдану;
- құрал көрсеткіштерін санай және сынау нәтижесін жетілдіре отырып сыналатын конструкцияларға құралдарды реттеу және орнату;
- сынау қорытындысы бойынша қорытынды және техникалық есеп жазу
Дағдысы: Көтеруші қабілеті туралы бағалау, ғимараттар мен имараттардың құрылыс конструкцияларын сынау және тексеру әдістемесі жайында дағдысы бар.
Құзіреттілігі: Конструкциялардың қиару дәрежесін анықтау және тексеру жайында базалық білімін көрсете алады
Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Рсаков О.С.
|
7
|
KMOT 0307
|
Құрылыс материалдары өндірісі технологиясы
Кредиттер көлемі - 3(2+1+0), ECTS – 5.
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер - жоқ
Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы құрылыс материалдардың негізгі түрлерін зерттеу, өндіру технологиясының негіздері және тиімді пайдалану.
Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. Цемент өндірісінің технологиясы. Силикат өндірісінің технологиясы. Темірбетон өндірісінің технологиясы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Технико-экономикалық талдаудың әдістерін біледі, қазіргі заманғы құрылыс материалдардың түрлерінің өндіруге тиімдісін ажырата алады.
Іскерлігі: Құрылыс техникасының болашақта преспективтілігін ескере отырып экономикалық тұрғыдан тиімді өндіріс түрін таңдай алады.
Дағдысы: Құрылыс материалдардың құрамын іс жүзінде құра алады, нормативті құжатқа сәйкес шикі және дайын өнімді дұрыс зерттей алады .
Құзіреттілігі: Цемент, темірбетонды және силикатты материалдар өндірісінің технологиясын біледі.
Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Садвакасова Г.О
|
Профильді пәндер – 27 кредит
|
Жалпыбілімдік траектория – Азаматтық және өндірістік құрылыс технологиясы
|
8
|
KKon (3) 0308
|
Құрылыс конструкциялары III
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Бір қабатты өндірістік ғимараттардың элементтерін құрылымдау және есептеу
Қысқаша мазмұны: Бір қабатты өндірістік ғимарат конструкция элементтерін құрылымдау және есептеу. Болат және темірбетон конструкциялары элементтерінің қаттылығын, төзімділігін және беріктігін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Құрылыс материалдарының физика-механикалық қасиеттерін, құрылыс конструкцияларын құрылымдау және есептеу әдістері, ғимараттар мен имараттар конструкцияларының ілгерілеген шешімдері және олардың даму перспективасы.
Іскерлігі: Ғимараттың, имараттың конструктивті сұлбасын жетілдіруді, нормативті, инструктивті және ехникалық әдебиеттерді қолдану арқылы олардың элементтерін құрылымдау және есептеу жүргізу.
Дағдысы: Ғимараттар мен имараттарды жобалау, шектік жағдай бойынша конструкцияларды есептеу, иілу элементтерін құрылымдауға дағдысы бар.
Құзіреттілігі: Базалық білімін құрылысконструкциялары жайында, практикада қолдана біледі.
Бағдарлама жетекшісі: Доцент Коновалов А.П.
|
9
|
KOT (2) 0309
|
Құрылыс өндірісінің технологиясы 2
Кредит көлемі –-3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – Құрылыс өндірісінің технологиясы 3, Ғимараттардың техникалық эксплуатациясы
Оқыту мақсаты: Құрылыс жұмыстары технологиясы жөнінде керекті білім беру, тәжірибе жүзінде құрылыс материалдарының пайдалануын аңғарту.
Қысқаша мазмұны: Құрылыс жұмыстарын технологиялық жобалауының негізгі қаидалары. Жеке жұмыстарға арналған технологиялық карталардың мазмұны және қолданылуы. Жер және қада орнату жұмыстарының технологиясы. Қазіргі заманғы опалубкалардың конструктивті ерекшеліктері. Бетон ерітіндісін тасымалдау, құю және тығыздау. Құрылыс конструкцияларын орнату технологиясы. Тас қалауларының технологиясы. Қоршау қабаттарын орнату технологиясы. Әрлеу қабаттарын орнату технологиясы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Құрылыс өндірісінің жобалау, ұйымдастыру технологиясын біледі, іргетас, тасты қалау және әрлеу қабаттарын орнату салаларында.
Іскерлігі: Жер жұмыстары, іргетас орнату және басқа да құрылыс жұмыстары бойынша, сонымен қатар, нөль циклі жұмыстары бойынша оқу-технологиялық операцияларды жүргізе алады.
Дағдысы: Жеке жұмыстарын орындауға арналған технологиялық карталарды құрастыра алады.
Құзіреттілігі: Құрылыс жұмыстарының әртүрлі салаларында жобалау жайында және керекті материал таңдауда негізігі білімдері бар.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Абылкаиров Е.С.
|
10
|
KOT (3) 0310
|
Құрылыс өндірісінің технологиясы 3
Кредит көлемі -3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты:
Құрылыс жұмыстары технологиясы жөнінде керекті білім беру, тәжірибе жүзінде құрылыс материалдарының пайдалануын аңғарту.
Қысқаша мазмұны: Вантты жабындардың түрлері. Вантты фермасы бар ғимараттарды тұрғызу. Газгольдерді тұрғызу технологиясы. Мұнаралы имараттарды тұрғызу технологиясы. “Топырақтағы қабырға” технологиясы. Қазіргі заманғы қасбетті жүйелер. Желдетілетін қасбеттер. Күмбезді жабындар. Құрылыстың конвейерлі түрлері. Батырылатын құдықтар және кессондар. Жер асты инженерлі имараттар.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі:
Құрылыс өндірісінің жобалау, ұйымдастыру технологиясын біледі, имараттарды орнату саласында.
Іскерлігі: Жер жұмыстары, іргетас орнату және басқа да құрылыс жұмыстары бойынша, сонымен қатар, нөль циклі жұмыстары бойынша оқу-технологиялық операцияларды жүргізе алады.
Дағдысы: Жеке жұмыстарын орындауға арналған технологиялық карталарды құрастыра алады.
Құзіреттілігі: Құрылыс жұмыстарының әртүрлі салаларында жобалау жайында және керекті материал таңдауда негізігі білімдері бар.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Абылкаиров Е.С.
|
11
|
GKT 0311
|
Ғимараттарды қайта жаңғырту технологиясы
Кредит көлемі -2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Студенттерге ғимараттарды қайта жаңғырту технологиясының қазіргі заманғы түрлерін және әдістерін үйрету.
Қысқаша мазмұны: Ғимараттарды қайта жаңғырту технологиясының негізгі қағидалары. Ғимараттарды қайта жаңғырту технологиясын жобалау. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның кайта жаңғыруы кезіндегі құрылысты ұйымдастыру. Ғимараттарды қайта бұзу, құрылыс конструкцияларын монтаждау және демонтаждау. Құрылыс конструкцияларын күшейту. Қайта жаңғырту кезіндегі бетон жұмыстарын жүргізу. Құрылыс өндірісін жүргізуге арналған арнайы тәсілдер.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Ғимараттарды қайта жаңғыртудың күнтізбе жобалауын біледі; ғимараттарды қайта жаңғырту барысында бас жоспарды жобалаудың ерекшеліктерін біледі.
Іскерлігі: Объектті және арнайы ағымды жобалай алады, ғимараттарды қайта жаңғыртудың вариантты жобалауының тәсілдерін, қайта жаңғыратын ғиамараттарға жұмыс өндірісінің жобасын құрастыра алады.
Дағдысы: Ғимараттарды қайта жаңғыртудың жұмыс құрылымын таңдай алады.
Құзіреттілігі: Құрылыс конструкцияларын күшейту туралы негізгі білімдері бар, сонымен қатар, қайта жаңғыртудың кезінде жұмыс түрлерінің арнайы тәсілдерін біледі.
Бағдарлама жетекшісі:: доцент Коновалов А.П.
|
Профильді пәндер – 27 кредит
|
Жалпыбілімдік траектория – Коммуналдық шаруашылық эксплуатациясы
|
12
|
GSJ 0312
|
Ғимараттардың сантехникалық жабдықтары
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Жобалау, монтаждау және эксплуатациялау жайында, сонымен қатар түрлі типтегі ,имараттарға және олардың кешеніне арналған санитарлық-техникалық жүйелер жайында ғылыми зерттеулер жасай білуге мамандарды даярлау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |